ФИТОЦЕНОЗ ҚҰРЫЛЫМЫ


Slide 1

Фитоценоз құрылымы. Фитоценоздың уақытқа байланысты өзгерісі Синдинамикасы

Slide 2

Ярустылығы

Вертикальды континуум

Синузиялылығы

Мозаикалығы

Slide 3

Ярустар

Биологиялық

Морфологиялық

Ярустарға тек ересек күйіндегі өсімдіктер жатқызылады

Тіршілік формасына, жасына қарамастан фитоценоздағы өсімдіктер сол бақыланған уақытта ярусқа енгізіледі

Slide 4

Кеңістіктік құрылымның өзгергіштігі

Slide 5

Фитоценоздың мозаикалылығы

Мозаика тегіс болуы мүмкін, микрогруппалар арасындағы айқын емес шекаралары бар және контурлы, салыстырмалы түрде өткір шекаралары бар. Қазіргі уақытта мозаиканың бірнеше түрі оның шығу тегі бойынша ерекшеленеді.

Slide 6

Фитоценоздардың туәліктік өзгергіштігі

Тәуліктік ырғақтардың жердегі өсімдіктер қауымдастығына әсері шамалы (жапырақтардың көлбеу бұрышы өзгереді) .

Қауымдастықтар сипаттамаларының тәуліктік елеулі өзгерістері тек тұщы су планктондарында байқалады: күндізгі уақытта балдырлар әдетте 1-2 метр тереңдікте орналасады, ал таңертең және кешке жарықтандыру азайған кезде олар жер бетіне жақын жерде шоғырланады.

Slide 7

Фитоценоздардың маусымдық өзгергіштігі

Ол өсімдіктердің өсу жағдайларының жыл ішінде өзгеруімен және маусымдық өсімдіктердің ырғағымен ерекшеленетін өсімдік түрлерінің фитоценоздарының құрамында болуымен байланысты.

■Өзгерістер жылдан жылға жүйелі түрде қайталанады, сондықтан оларды белгілі бір сенімділікпен алдын ала болжауғаболады.

Slide 8

Өзгерістер түсіндіріледі

климат ерекшелігімен

фитоклимат ерекшелігімен

гидрологиялық

режим ерекшелігімен

адам және

жануарлар әсерімен

Slide 9

Жыл бойы фитоценоздарда өзгеруі мүмкін

құрылымы (әсіресе шөптесін өсімдіктерден құралған қауымдастықтарда байқалады) ;

құрамы (флористикалық және экобиоморфтық құрамы әдетте өзгермейді, бірақ даралар саны мен әртүрлі түрлердің ценопопуляцияларының құрамы айтарлықтай ауытқуларға ұшырайды) ;

әртүрлі түрлер арасындағы сандық арақатынастар (әртүрлі түрлер белсенді түрде өсіп, үлкен биомасса жинақтайды, әр түрлі уақытта гүлдеп, жеміс береді, бір-бірін алмастыра отырып, басым түрлердің өзгеруі орын алуы мүмкін) .

Slide 10

Флуктуация /латын сөзі fluctuatic - колебание-тербелу, тұрақсыздану/ - өсімдіктер қауымының әртүрлі жалдырдағы белгілі бір бағыты жоқ, әртүрлі бейімделген немесе циклді өзгеруі /циклдің ұзақтығы 10 жылдан артық емес/ циклді өзгерудің нәтижесінде өсімдіктер қауымы өзінің бұрынғы жағдайына жақын жағдайға келуі мүмкін.

«Флуктуация» терминін алғаш рет 1939 жылы Х. Глизон қолданған.

"

Slide 11

Флуктуацияны тудыратын себептеріне байланысты Т. А. Работнов 1978 мынадай типтерге бөледі:

Slide 12

Экотопикалық флуктуациялар. Бұл флуктуацияның ең кең тараған типі болып табылады. Климаттың тұрақсыздығынан ортаның біраз қасиеттері /топырақ ылғалдылығы т. б. / өзгереді, ал ол экотоп қасиетінің өзгеруіне әкеліп соғады.

Антропогендік флуктуациялар. Өсімдіктерді адамдардың әр жылда әр түрлі пайдаланып әсер етуіне байланысты фитоценоздарда өзгерістер болады. Антропогендік өзгерістер қайты орнына келмейді немесе бұрынғы қалпына өте жай келуі мүмкін. Адамныңғ әсерінен флуктуацияның басқа типтері /мысалы экотопикалық флуктуация/ күшейіп немесе нашарлауы мүмкін. Кейбір жылдардың метеорологиялық және гидрологиялық жағдайына байланысты немесе жеке шараларды /мысалы, шалғындықтарда тыңайытқыштар себу, гербицидтерді пайдалану т. б. / жүйесіз пайдаланғанда кездейсоқ өзгерістер болуы мүмкін. Антропогендік флуктуация барлық уақытта экотопикалық және басқа флуктуация түрлерімен үйлесіп, байланысып кетеді. Мысалы далалық жерлерде, жаңбыр аз жауған жалдары құрғақшылықтан мал аз жайылатын жайлымдықтарға қарағанда қарқынды пайдаланылатындарының өсімдіктері ерекше зардап шегеді. Сондықтан жылдың ерекшеліктеріне байланысты жайылымдықтарды пайдалануды реттеп отырған жөн.

Циклды сукцессиядан флуктуацияның айырмашылығы өсімдіктер қауымындағы флуктуациялық өзгерістер 10 жылға дейін қалпына келтіру процестері /демутация/ нәтижесінде жойылады. Егер 10 жылға дейін өзгерістер қалпына келмесе оны сукцессияға жатқызады.

Slide 13

3. Зоогендік флуктуациялар. Өсімдіктермен қоректенетін /фитофагтар/ жануарлардың және өсімдіктердің өсу жағдайына өзгерісенгізетін жануарлардың /жертесерлер т. б. / тағы басқада биоценоздардың зоокомпоненттерінің саны жыл сайын өзгеріп, олардың қызметіне байланысты фитоценоздардың флуктуациясы болатынын байқауға болады. Әсіресе насекомдар-фитофагтар және жертесерлер санының динамикасына байланысты зоогендік флуктуация жиі болып тұрады. Фитофагтар мен жертесерлер жаппай көбейетін жылдарда фитоценоздар өзгерістерге ұшырап бұзылады, ал бұл топтағы жануарлар особьтарының саны аз болған жылдары фитоценоздар бірте-бірте бұрынғы қалпына келеді.

.

Slide 14

5. Фитопаразитарлық флуктуациялар. Кейбір паразитті консорттардың, өте жиі-паразитті саңырауқұлақтардың /мысалы зең саңырауқұлағы/ жаппай көбеюі фитоценоздардың флуктуациясына әкеліп соқтырады. Паразитті саңырауқұлақтардың жаппай көбеюі жайылымдық фитоценоздардан алынатын мал азығының сапасын төмендетеді. Фитопаразитарлық флуктуациялар әр жылдардағы метеорологиялық және гидрологиялық жағдайдың өзгеріп тұратындығына тығыз байланысты.

Slide 15

Флуктуациялар амплитуадасына және ұзақтығына байланысты мынадай үш топқа /Работнов, 1978/ бөлінеді:

Slide 16

Жасырын, елеусіз, оны дәл есептегенде ғана аңғаруға болады. Мұндай жасырын флуктуациялардың фитоценоз өмірінде елеулі маңызы жоқ. Оларды көзбен шолып байқауға мүмкін емес. Мұндай флуктуациялар жер үстіндегі мүшелері көпжылдық ағаштар, мүктер, қыналар/фитоценоздарға тән. Олар монодоминантты шөптесін ценоздарда да кездеседі.


Ұқсас жұмыстар
ГЕОБОТАНИКА
Өсімдіктер қауымы немесе фитоценоз
Жеке түр экологиясы - аутоэкология
Ингредиенттер - қауымдастықтың басты және басты емес қабаттарындағы басқа қатысушылар
БИОЦЕНОЗ БИОГЕОЦЕНОЗ
Синэкология– Бірлестіктер экологиясы
Өсімдіктердің жіктелуі
Микроорганизмдердің биотикалық қарым - қатынас түрлері
Топырақ қабатыны ылғалдылығы молайып, батпақтану процесі
Фитоценоз структурасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz