Соңғы палеолит құралдары


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған : Каримов М.

Тобы: ТП-20-3к2

Қабылдаған: Еркінбекова Б. А.

Тақырыбы: Көне дәуір тарихын зерттеудегі негізгі

деректер -археологиялық артефактілер

Шымкент 2023

Slide 2

Жоспар:

1. Қазақстан тарихы пәні. Деректер мен тарихнама. Қазақстан тарихының кезеңдері.

2. Қазақстан территориясы тас дәуірінде.

3. Қола дәуірі. Андронов мәдениеті.

Slide 3

Тарих-үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен әлемді тану, оның өткенін ашып көрсету болып табылады. Өткенді ой елегінен өткізу бәріміз үшін ортақ нәрсе болып қана табылмайды, сондай-ақ әркімнің есінде ол уақыт ағымына қарай өзгеріске ұшырайды.

Қазақстан тарихын зерделеген кезде оны-әлем тарихының түркі халықтары тарихының, Орталық Азия елдер тарихының бір бөлігі ретінде қарастырылуы қажет.

Slide 4

Батыс Европалық саяхатшылар П. Карпини, В. Рубрук, М. Полоның шығармалары ХІІ - ХІІІ ғғ түркі - монғол ұлыстары мен тайпалары тарихы бойынша үлкен еңбек болып табылады. ХVІ ғ. шығармаларын парсы тілінде жазған, түркі текті тарихшылар М. Х. Дулати, («Тарихи Рашиди»), Бабыр («Бабыр - наме»), т. б. өз еңбектерінде Әбілхайыр хандығы, Орыс хан ұрпақтары, қазақ хандығының қалай құрылғандығы, алғашқы қазақ хандары (Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым) олардың саяси - әскери қызметтері жөнінде мәлімет береді. 15 - 17 ғғ. қазақ халқы, билеушілері, батырлары мен билері жөніндегі деректер ауыз әдебиетінде де кездеседі.

Slide 5

Еуропаша білім алған қазақтың тұңғыш - тарихшы ғалымы, шығыстанушысы, географы Ш. Ш. Уалиханов қазақ, қырғыз. ұйғыр басқа да түркі тектес халықтарының тарихын зерттеді.

ХІХ ғ. ІІ жарт. Қазақстан тарихымен орыс ғалымдары Л. Мейер, М. Красовский, М. И. Венюков, т. б. этнографиясымен Радлов, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, Н. А. Аристов және т. б. шұғылданды.

Slide 6

ХХ ғ. бас кезі қазақ халқының ұлттық сана - сезімінің рухани өркендеген дәуірі болды. Баспасөз беттерінде қазақ зиялылары (М. Тынышпаев, С. Асфендияров, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, Мәшһүр - Жүсіп Көпеев, С. Сәдуақасов т. б. ) Отан тарихына байланысты жиі - жиі мақалалар жазды.

Slide 7

1925 жылы М. Тынышпаевтың «Қазақ (Қырғыз - қайсақ) халқының тарихы жөніндегі материалдар» деген еңбегі орыс тілінде жарық көрді.

1935 жылы С. Асфендияровтың «Көне заманнан бергі Қазақстан тарихы» деп аталатын еңбегі орыс тілінде жарық көрді.

ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында бір топ мәскеулік тарихшылар (А. М. Панкратова, С. В. Бахрушин, И. М. Дружинин, М. П. Вяткин және т. б. ) Қазақстанға көшіп келіп, қазақ ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жасады. Нәтижесінде 1943 жылы «Қазақ КСР тарихы» жарық көрді.

Slide 8

Қазақстан тарихы үлкен үш кезңнен тұрады:

Ежелгі кезең а) Тас дәуірі

б) Қола дәуірі

в) Скиф-сақ кезеңі

Ортағасырлық кезең (Ұлы қоныс аудару кезеңі)

а) Ғұндар дәуірі

б) Көне түріктер дәуірі

в) Алтын Орда

Жаңа заман (Қазақ хандығы құрылған уақыт)

а) 15-18 ғғ Қазақ хандығы

б) 19 ғ Қазақстан

в) 20 ғ Қазақстан

Slide 9

Ерте палеолит дәуірі 800-140 мыңжылдықтар

Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі- жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп аталады. Тасты жару үшін жұмыр тас қолданылады. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611 тас құрал табылды.

Қоғамдық ұйым-адамдар тобыры.

Негізгі тіршіліктері-аң аулау, терімшілік.

Slide 10

Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.

Оңтүстік Қазақстан

Бөріқазған, Тәңрқазған, Қазанғап, Шабақты, Қарасудан 15 мың тас бұйымдарын тапты.

Орталық Қазақстан

Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы.

Шығыс Қазақстан

Қозыбай

Батыс Қазақстан

Шабақтысай, Сарытас.

Slide 11

Ерте палеолиттің кескіш құралдары

Қол шапқы, жұмыр тас, чоппер, чоппинг, шапқыш, тастан, сүйектен жасалған сыналарды қолдана бастады. Екіжүзді кескіш құралдары табылған жері

Оңтүстік Қазақстан.

Slide 12

Осы кезеңде тас өңдеу әдісі жетілдіре түсті. Еңбек құралдарын жасау тәсілі- нуклеустік. Дөңгелек өзектастың (нуклеус) шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықшақтарын алу. Қырғыш - негізгі құрал. Мустьер дәуірінде қауымның бастапқы нысандары шыға бастады. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызып жерлеген. Мустьер кезеңнің археологиялық ескеркіштері Оңтүстік Қазақстаннан, Батыс және Шығыс Қазақстаннан табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі- Обалысай тұрағы.

Орта палеолит дәуірі 140-40 мыңжылдықтар

Slide 13

Оңтүстік Қазақстан

Ш. Уалиханов атындағы тұрақ, Тоқалы, Қызылрысбек, Үшбұлақ

Орталық Қазақстан

Обалысай, Мұзбел, Өгізтау, Үлкен Ақмая

Батыс Қазақстан

Өніжек, Аққыр, Құмақаж

Шығыс Қазақстан

Бөдене, Қызылсу

Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері

Slide 14

Кейінгі палеолит дәуірі 40-12 мыңжылдықтар

Қазіргі заман адамының пайда болуы. Нәсілдіктің және рулық қауымдастықтың құрылуы. Қолдан салынған баспаналарда тұрды, тас бетіне жануарлардың суретін салу пайда болды. Кейінгі палеолит еңбек құралдарын жасау әдістері одан әрі жетілдірілді.

Бір нуклеустан бұрынғыдай 2-4 қалақ емес, 10-даған жұқа өткір тіліктер алынды (пышақ тіліктер) . Тас өңдеу әдістері де жетілдіріп, тастарды түзету арқылы өңдейтін болды. Тас құралдарын жасау тәсілі-ретушьтік.

Осы кезеңде еңбек құралдарының 20-ға тарта түрі бар. Болас- оқ есебінде қолданылатын домалақ тастар. Ірі жыртқыш аңдарды аулағанда қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Кескіштер, тескіштер, сабы ағаш, ұшы тастан немесе сүйектен жасалған найза, қысқа найза, сүңгілерді пайдаланды.

Slide 15

Оңтүстік Қазақстан

Ащысай, Үсіктас

Орталық Қазақстан

Батпақ, Қарабас, Агренсор

Батыс Қазақстан

Аққыр, Шақпақата, Өніжек

Шығыс Қазақстан

Свинчатка, Шульбинка, Пещерь, Қанай

Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіштері

Slide 16

1. Бұқтырма өзені бойындағы соңғы палеолиттік үңгір тұрағы Шығыс Қазақстан.

2. Соңғы палеолит құралдары

Slide 17

Мезолит дәуірі 12-5 мыңжылдықтар


Ұқсас жұмыстар
Ежелгі ПАЛЕОЛИТ
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Қазақстан тарихының кезеңдері
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылсы
Қазақстан тарихына кіріспе
Саналы адам, қазіргі адамдар
Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
ТАС ҒАСЫРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz