Анд тауларында дүние


Slide 1

Оңтүстік Америка

Slide 2

Оңтүстік Америка - батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық. Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18, 3 млн. км2.

Халқы -340 млн. Адам

(2000) . Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған.

Slide 3

Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішкеПанама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері - Аконкагуа (6960 м) . Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері - Вальдес ойысы (-40 м) . Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі - Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде - 6437 м)

Slide 4

Амазонка өзені - Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен.

Оның жылдық ағыны 7000 км³, су жинау алабының ауданы 7 млн км² асады.

Slide 5

Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама - Анхель орналасқан, ол 1054 метр биіктіктен құлап ағады.

Slide 6

Анд тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі - Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 метр биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км², тереңдігі 304 метр.

Материкте дүние жүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау - биіктігі 6880 м болатын Охос-дель-Саладо жанартауы орналаскан.

Оңтүстік Америка - Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк: жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр.

Slide 7

Материктегі аса ірі тау жүйесі - Анд таулары дүние жүзіндегі ең ұзын тау болып табылады. Ұзындығы 9000 км-ден асатын Анд Солтүстік Америкадағы Кордильераның жалғасы болып табылады.

Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі - Аконкагуа (6960 м)

Slide 8

Мемлекет және территориясы

Ауданы (км²)

Халқы 1 маусым 2008

Халық тығыздығы (км²-қа)

Аргентина

2 766 890

40 677 348

14, 3

Боливия

1 098 580

8 857 870

8, 1

Бразилия

8 514 877

191 908 598

22, 0

Венесуэла

912 050

26 414 815

27, 8

Гайана

214 970

770 794

3, 6

Колумбия

1 138 910

45 013 674

37, 7

Парагвай

406 750

6 347 884

15, 6

Перу

1 285 220

27 925 628

21, 7

Суринам

163 270

438 144

2, 7

Уругвай

176 220

3 477 778

19, 4

Фолкленд аралдары

12 173

2 967

0, 24

Француз Гвианасы

91 000

209 000

2, 1

Чили

756 950

16 454 143

21, 1

Эквадор

283 560

13 927 650

47, 1

Оңтүстік Георгия және Южные Сандвичевы аралдары

3 093

20

0

Барлығы

17 824 513

382 426 293

21, 5

Slide 9

Оңтүстік Американың саяси картасы 12 егеменді мемлекет пен Франция иелігіндегі Гвиана мемлекеті және Ұлыбритания мен Аргентина иелігіндегі даулы аумақтар болып есептелетін Фолкленд (Мальвин) аралдарынан тұрады. Мемлекеттердің барлығы дерлік құрылымы жағынан - республика, оның ішінде Аргентина, Бразилия мен Венесуэла - федерациялар республикалар. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 100 адамнан артық. Урбандалу дәрежесі өте жоғары, құрлықта 3 ірі агломерация: Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Буэнос-Айрес түзілген. Оңтүстік Америка Орталық Америка және Вест-Индия елдерімен бірге тілдік-тарихи ерекшеліктеріне байланысты Латын Америкасы елдері деп аталады. жөнінен бұл елдер Азия мен Африка елдерінен әлдеқайда алда тұр.

Slide 10

Тілі

Адам саны

испан тілі

233. 600. 108

португал тілі

191. 480. 630

ағылшын тілі

800. 000

голланд тілі

510. 000

француз тілі

230. 000

Оңтүстік Америка мемлекеттерінің арасында ең көп қолданылатын бірнеше тіл бар

Slide 11

Жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен және эндемизм дәрежесінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Орталық Америкамен бірге Неотропиктік фауналық облысқа біріктіріледі. Сүт қоректілерден қалталы тышқандардың 70-тен астам түрі, құмырсқа жегіштің 3 түрі, сауыттылардың 20-дан астам түрі, жалқау аңның 5 түрі, приматтар және ірі жыртқыштардан: қабылан, шибөрі, оцелот, пампа мысығы, пума, көзілдірікті аю, жалды қасқыр, т. б. тіршілік етеді. Тұяқтылардан тапирдің 3 түрі, пекари, амазона бұғысы кездеседі.

Slide 12

. Андтың биік бөліктерін терісі өте бағалы аң - шиншилла мен америкалық өркешсіз түйе - ламаның екі түрі (гуанако және викунья) мекендейді. Құстардың 2, 5 мыңнан аса түрі бар, оның 90%-ынан астамы эндемиктер. Әсіресе, басқа ешбір жерде кездеспейтін нанду, ара, тинаму, кондор, колибри (500 түрі бар), тукан, гоацин, т. б. бар. Жәндіктер, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар да алуан түрлі. Галапагос аралдарының піл-тасбақалары (салм. 200 кг), анаконда (ұз. 11 м), саламандра, аяқсыз амфибиялар, игуана, боа, кайман соған дәлел. Мұнда кездесетін жәндіктердің 5600-ден астам түрінің 3400-ге жуығы эндемиктер. Тірі табиғат байлықтарын қорғау мен сақтау мақсатында Оңтүстік Америкада көптеген экологиялық және биологиялық резерваттар менұлттық саябақтар құрылды.

Slide 13

Құрлықтың топырақ-өсімдік жамылғысының қалыптасуы мен таралуы ең алдымен ылғалдану дәрежесіне тәуелді. Ұзақ уақыт құрлық жеке дара дамыған, органикалық дүниенің эндемизмі өте жоғары. Флоралық құрамы жағынан құрлықтың көпшілік бөлігі Неотропиктік, қиыр оңтүстік Голантарктикалық әлемге жатады.


Ұқсас жұмыстар
Анд тауларында
Оңтүстік Американың халқы және елдері
Кескін картаға Еуразия өзендерінің алаптарын түсір
Оңтүстік Американың климаты мен табиғат зоналары
Оңтүстік Американың ауыл шаруашылығындағы рөлі
ҚР пайдалы қазбалары
Қазақстанның қазба байлықтары!!!
Қазба байлық ресурстар
Қазақстанның пайдалы қазбалар байлығы
Гималай тауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz