Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Презентация қосу
Жоспар:
1.Кіріспе бөлім
А)Жалпақ құрттар типіне жалпы шолу
2.Негізгі бөлім
B) Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
C)Патогендік әсері алдын-алу шаралары
3.Қорытынды бөлім
Жалпақ құрттар (Plathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар
типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ
жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге
дейін. Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5 класқа жіктеледі:
кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық
сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Соңғы 4 класс
өкілдері – нағыз паразиттер. Бірақ кейбір зерттеушілер
кірпікшелі құрттардың 3 отрядын: темноцефалиданы
(Themnoceрhalіda), удонеллидтерді (Udonellіda) және
ксенотурбеллидтерді (Xenoturbellіda) класс ретінде
қарастырады. Жалпақ құрттардың еркін қозғалатын
түрлерінің денесінің сырты түкті эпителиймен қапталған, ал
паразитті түрлері ядросыз қалың қабат – тегументпен
жабылған.
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері-бұлшық ет
қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында
орналасқан бұлшық ет талшықтарының бірігуінен түзілген.
Бұл талшықтар бірнеше қабат (сақина тәрізді, ұзына бойына,
қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет
талшықтарының жиырылуынан қозғалады. Жалпақ
құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер
арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек
қызметін атқарады. Жалпақ құрттардың ас қорыту жүйесі
біркелкі дамымаған. Аузы денесінің құрсақ (кейде алдыңғы)
бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды жұтқыншақпен
және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішекпен
жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал
паразит түрлерінде ауыз, ішектері мүлдем жоқ, қорегін
сыртқы қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады.
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі
ерекшеліктері
Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе
таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі
бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды. Жалпақ құрттардың
ішекқуыстылардан айырмашылығы – денесі екі қабаттан
емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде
эктодерма мен энтодерма аралығынан аралық жасушалы
қабат – мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі
мүшелер мен мүшелер жүйесі түзіледі.
Дене жабынын цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын
жабын ұлпасы – эпителий қаптайды. Эпителий
жасушаларында кірпікшелер бар. Еркін жүзетін жалпақ
құрттардың (мысалы, ақ сұлама) жабын жасушаларында да
кірпікшелі жасушалар бар. Жалпақ құрттардың паразиттік
жолмен тіршілік ететін түрлері де бар. Олардың дене
жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша
болмайды, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліс сірқабық
деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін
атқарады.
Кірпікшелі құрттар класы
Ақ сұлама – еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға
жататын кірпікшелі құрт. (Денесі кірпікшелі эпителий
жасушаларымен қапталғандықтан, кірпікшелілер класына
жатады.) Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзеді.
Сұламаның дене қимылын реттейтін әр түрлі бұлшықеттері
бар. Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер қатысады.
Аралық қабат қимылын қиғаш бұлшықеттер реттейді. Ал ішкі
қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттермен
реттеледі. Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәршығару
және жыныс мүшелері бар. Кірпікшелі құрттарда сезім
мүшелері дами бастайды. Мысалы, ақ сұламаның
қарапайым көзшелері бар. Сипап-сезу сезімталдығы едәуір
арта түскен. Ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді. Ол
жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді.
Сорғыш құрттар класы
Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір
сүреді. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге
сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі –
аузында, екіншісі – бауырында. Осы сорғыштармен қоректік
денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы
арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт
аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды.
Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен
бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп те
аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады.
Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан,
оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік
әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі.
Трематодтар — Бауырды немесе дененің басқа да беліктерін
зақымдайтын және әртүрлі аурулар туғызатын құрттар.
Қансорғыш қанға түсіп, шистосомоз ауруын туғызады.
Сорғыштар, трематодтар (Trematoda) – жалпақ құрттардың
бір класы. Жер шарында кең тараған, 2 класс тармағына:
дигенетикалық сорғыштар (Dіgenea) және Аспидогастерлерге
(Aspіdogastraea) жататын 4 мыңға (кейбір деректер бойынша
7 мыңға) жуық түрі бар. Бәрі де паразитті тіршілік етеді. Дене
пішіні жапырақ тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 5 см-ге дейін,
араларында 1,5 м-ге жететін түрлері де бар.
Денесінің алдыңғы жағында (ауыз) және құрсақ бөлімінде
(құрсақ) бір-бірден сорғыштары бар, кластың аты осыған
байланысты қойылған. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің
денесіне бекінеді. Сорыштардың сыртын тегумент
(эпителийге сәйкес) қаптап жатады, кірпікшелері болмайды.
Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды
жұтқыншаққа, ол жіңішке өңешке жалғасады. Ортаңғы ішек
өңештен басталып, артқа қарай созылып, тұйықталған екі
тармақтан құралады.
Бауырсорғыш – гермафродит жәндік. Демек бір ағзада
аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған
жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп,
одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден
суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі
дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер
қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай
дернәсілдер аралық иесі – кішкене тоспаұлудың денесіне
түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін
тағы бірнеше дернәсілдерге айналады.
Ол дернәсілдер тоспаұлу денесінен суға түсіп, құйрықты
дернәсілге айналады. Сөйтіп жұмыртқаның құйрықты
дернәсілге айналуы 2,5-3 айға созылады. Дернәсілдер бұдан
соң құйрығын түсіріп, өсімдік сабағына жабысады. Денесін
сірқабақ қаптап, қозғалмайтын күйге, цистаға айналады. Мал
су ішкенде немесе су тартылған жердегі циста жабысқан
өсімдікпен қоректенсе, циста ішекте жарылып, одан жас
бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы – бауырға,
одан өт жолына өтеді. Сөйтіп ересек бауырсорғыш көбею
барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі – мал, үй
хайуанаттары, т.б., кейде адам да, аралық иесі – кіші
тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.
Бауырсорғыштың тіршілігі мен сыртқы құрылысы
Төрт түлік әсіресе қой мен сиыр ылғалды жайылымда
жайылған кезде оттыға алмай, денесі қызып, ісініп, арықтау
салдарынан бауыршірік (ғылыми атауы-фациолез) ауруына
шалдығады.Мұндай аурмен ауырған малдың өліп қалуы жиі
үшырайды. Сондай малдың ішін жарса, оның бауырынан
кішірейіп,өт өзегінің кеңейгені байқалады. Өт өзегінің
кеңейген жерінде ауруды тудырушы паразит- бауырсорғыш
деп аталатын құрт шығады. Бауырсорғыш мал бауырында
тіршілік етеді.
Бауырсорғыш құрттардың түрлері көп. Ең көп тарағаны
жануарлардың, кейде адамның денесінде паразиттік
жолмен тіршілік ететін, тұрқы 3-4 см, жапырақ пішіндес
жалпақ құрт - бауырсорғыш. Ересек бауырсорғыштарда
денесін қаптайтын кірпікшелер болмайды, сондықтан олар
бір орыннан қозғалуға дәрменсіз. Бауырсорғыш қоректену
үшін өт жолының қабырғасына екі сорғышы арқылы
бекінеді. Бауырсорғыштың тек дернәсілінде ғана кірпікше
болады. Бір орыннан екінші орынға қимылдай
алмайтындықтан, сорғыштардың қоректену тәсілі де
өзгерген, олар қимылдамай, паразиттік тіршілік етеді.
Бауырсорғыштың алдыңғы сорғышы - ауыз, ал екінші -
құрсақтағы сорғышымен иесіне бекінеді. Құрттың сыртын
дене жабынының жасушаларынан бөлінетін тұтас жұқа
қабықша - кутикула қаптайды. Кутикула бауырсорғышты
сыртқы әсерден зақымданудан сақтайды.
Тіршілік циклы
Бауыр сорғыш. Бауыр сорғыштың түпкілікті қожайыны- ірі,
ұсақ қара мал, жылқылар, шошқалар, қояндар, кейде
адамдар. Аралық қожайыны болып ұлу саналады. Бауыр
сорғышының жұмыртқасы дамуы үшін суға келіп түсуі керек.
Одан личинка шығады оны мирацидий деп атайды. Оның
жүйке түйіндері, жарық сезгін мүшесі, зәр шығару мүшелері
денесінің артында ұрық жасушалары болады. Денесінің
алдыңғы жағында аралық қожайынға енгенде оның тірі
ұлпаларын ерітетін фермент бөліп шығаратын ерекше без
болады. Мирацидий денесі кірпікшелермен қапталған,
сондықтан ол суда еркін жүзіп актив түрде аралық қожайын
денесіне өтеді
Әрі қарай паразит келесі личинкалық сатысы - спороцистаға
айналады. Спороциста формасыз қалта тәрізді болып келеді
және оның ешбір мүшесі (жүйке, зәр шығару) болмайды. Ол
тек көбеюге қабілетті. Спороцистада ұрық жасушаларынан
партеногенез (яғни ұрықтанбай) жолымен жаңа личинкалық
сатысы - редийлер дамып жетіледі. Спороцистадан редийлер
шығады да қожайын жасушаларында паразиттік тіршілік
етеді. Редийдің кейбір мүшелері дамыған, атап айтқанда:
ауызы, жұтқыншақ, ас қорыту түтігі және жаңадан түзілген
ұрпақ дараларын сыртқа шығаратын тесікше. Редийдің ұрық
жасушаларына партеногенез жолымен келесі личинкалық
ұрпақ церкарий дамиды
Патогендік әсері
Фасциола қожайынға механикалық әсер етеді. Олардың
тіршілігінде түзілетін улы заттар аллергиялық әсер береді.
Олар- эритроциттерді, лейкоциттерді және өт жолдарының
эпителий жасушаларын жұтып қоректенеді. Сондықтан
бауырда цирроз байқалуы мүмкін. Мұны лабораториялық
анықтау үшін фекалийді микроскоп арқылы зерттейді.
Алдын алу шаралары
Қайнатылмаған суды ішпеу, көкөністерді жуып жеу және
санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz