Конструкторлық құжаттаманы рәсімдеудің бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) және сызба орындау стандарттары


Slide 1

Сызбаның орындалуының негізгі ережелері

Стандарттар туралы түсінік

Slide 2

Алдыңғы сабаққа шолу

Slide 3

Стандарттарға жалпы түсінік

Қазіргі заманғы өндірісте күрделі бұйымды өндіру үдерісіне түрлі өнер-кәсіп саласына қатысты болған, бір-бірінен мыңдаған шақырым қашықтықта, тіпті әртүрлі елдерде орналасқан бірнеше зауыттардың инженерлері, техни-калық мамандары және жұмысшылары қатысады. Конструкторлық құжаттама - бұйымның құрылысы, пішіні, өлшемдері жә-не т. б. көрсетілген, оны өндіруге, бақылауға және қолдануға қажетті ақпарат-тарды қамтитын графикалық және мәтіндік құжаттар жиыны. Бір кәсіпорында әзірленген конструкторлық құжаттың рәсімделуі жәнемазмұнында сәйкессіздіктер бар бұйымды пайдалану басқа кәсіпорында жүр-гізілетін өндірістік үдерістерді ұйымдастыруды қиындатар еді. Сондықтанөндірістік үдеріске қатысушылардың барлығына түсінікті болу үшін сызба-лар мен схемаларды рәсімдеудің міндетті бірыңғай ережелері әзірленген. Мұндай ережелер стандарттардың ішіндегі ірі тармақтардың бірі - Конструк-торлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінде (КҚБЖ) бекітілген. КҚБЖ-нықолдану графикалық бейнелеудің бірыңғай мемлекетаралық жүйесін жүзегеасыруды, қазіргі заманғы өндіріс талаптарын қанағаттандыруды және тех-никалық құжаттың жоғарғы деңгейде әзірленуін қамтамасыз етеді. Стандарттар салалық, мемлекеттік және мемлекетаралық болуы мүмкін. Мемлекетаралық (халықаралық) стандарттарды қолдану Қазақстанда зама-науи өндірістерді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Оларға испандық «PatentesTalgo» компаниясымен бірге ұйымдастырылған «Тұлпар-Тальго», Франция-ның «EUROCOPTER» компаниясымен бірге құрылған «Еврокоптер Қазақстанинжиниринг» ЖШС (1. 8-сурет), Көкшетау қаласындағы «КАМАЗ-Инжи-ниринг» АҚ - КамАЗ автокөліктерін құрастыру зауыты және т. б. мысал бола-ды. КҚБЖ стандарттары да заңды күшке ие. Оларды барлық кәсіпорындарда, құрылыста, жобалық ұйымдар мен оқу орындарында ұстану міндетті.

Slide 4

Оқу сызбаларында кейбір жағдайларда стандарттан ауытқуға рұқсатӘрбір стандарт сәйкес реттік нөмірмен тіркеледі, мысалы, ГОСТ 2. 304-84белгісіндегі 2 саны - КҚБЖ-ның тармақтық нөмірі, 304 - нақты стандарттыңреттік саны (сызбаларды орындау ережелері), 84 - стандарттың тіркелгенжылы. 2000 жылдан кейін бекітілген стандарттардың тіркелген жылы төрттаңбалы санмен беріледі. Уақыт өте келе стандарттарға түзетулер енгізіледі немесе жаңасымен ал-мастырылады. Бұл өзгерістер инженерлік графиканың жетілдірілуі жәнеөндірістің жаңғыруымен байланысты. Негізгі сызбаПішімнің белгісі3. 2 Пішімдер және негізгі жазуСызбалар өлшемдері стандартта қатаң бекітілген пішімде дайындалғанқағаз парағы бетінде орындалады. Бұл сызбаларды сақтау, сызба құжаттарынкітапша етіп жинақтауға қолайлы.

Slide 5

Назарларыңызға рақмет!

104 топ

Мейіргер ісі

Төрежанова Ақнұр


Ұқсас жұмыстар
Конструкторлық сызбалардың сызық түрлері мен сызба құралдары
Қазақстан Республикасының кеден органдарының бірыңғай жүйесі: құрылымы, өкілеттіктері және құқықтық мәселелері
Ғылыми жұмысты техникалық рәсімдеудің талаптары мен ережелері
Міндеттемені орындау: орындау орны, тараптар, үшінші тұлғалар және мерзімінен бұрын орындау
Ветеринариялық құжаттаманы құрастыру және іс құжаттарын жүргізу негіздері
Сызба геометриясы: нүктелер, түзулер және жазықтықтардың ортогональды проекциялары
9 қараша: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бойынша сабақ жоспары
Жүкті әйелдерді жүргізу және поликлиникадағы медициналық құжаттаманы толтыру
Медициналық зерттеулердің этикасы және GCP стандарттары
Бағдарламалық қамтамасыз етуді құжаттау: түрлері, стандарттары және әзірлеу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz