Педагогиканың пайда болуы мен дамуы



№ 3-4 дәріс Педагогиканың пайда болуы мен дамуы

Кез келген ғылым дамудың ұзақ тарихи жолымен өтеді. Олай болса, педагогиканың ғылым ретіндегі дамуының негізгі кезеңдерін қарастырайық.
Бірінші кезең
Алғашқы арнайы білім беру құрылымдары Ежелгі дүниенің б. з. д. ІІІ мыңжылдығында пайда болды. Онда білімді оқытудың жеңілдетілген формалары мен тәсілдері болды, мысалы үлкендер үлгісіне еліктеу, көрсеткенді қайталау, бұйрықты орындау, талап еткенге бағыну және т. б. Оқытушы мен білім алушылар арасында осындай қатынас болды. Бұл тәжірибеге сол кезде теориялық талдау болмады. Хат пайда болған кезде сауаттылыққа, оқуға, жазуға үйрену кесте көмегімен жүзеге асырылды. Әліппеге әріптерді қосу әдісі арқылы үйретілді. Оқушылар мәтінді жаттап алып, содан соң сөзбе-сөз қайталап айтатын еді

Екінші кезең
тәрбие үдерісінің бағытын, заңдылығын, негізін көрсететін қағидалар мен ережелердің, нұсқаулықтардың жүйелілігімен сипатталады. Бұл кезеңде педагогикалық білім философиялық және саяси білімнің бөлігі болды. Осы тұста Гомердің «Илиада», «Одисей», Плутархтың «Изречения спартанцев», Гесиодтың «Труды и дни» атты эпикалық поэмалары жазылды.
Атақты Ежелгі Грек ойшылдары Пифагор (б. з. д V ғ. ), Гераклит (б. з. д. 520-460), Демокрит (б. з. д. 460-370), ғалым-сопылар (б. з. д. V-IV ғ), Платон (б. з. д. 427-347), Аристотель (б. з. д. 384-322 жж. ) әр түрлі сұрақтар бойынша философиялық ойларымен қатар білімнің мазмұны, оқытудың тәсілдері жайлы педагогикалық көзқарастарын айтты. Осылайша біздің күнімізге дейін Пифогор теоремасы, эвристикалық (сократтық) әңгіме, Платонның таным (білместік, өзін-өзі тану, толық білім) туралы ілімдері жетті

Ежелгі Шығыс (б. з. д. V-IV мыңжылдық - б. з. д. V ғ. ), Қосөзен, Мысыр, Үндістан, Қытай өркениеті ұйымдастырылған оқытудың құнды тәжірибесін қалдырды. Осылайша Ежелгі Месопотамияда (б. з. д. ІІІ мыңжылдық) эдуббтарда (мектептерде) әңгіме, талқылау, диалог-талас, жаттау, көшіру, жаттығу, көшіріп жазу әдістерін қолданған. Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықта Ежелгі Үндістанда мектептің білім беру ісінде оқытудың белсенді тәсілдерін қолданған, мысалы, оқытушы оқушының алдына әр түрлі мақсат қойып, оқушыны сұрақтарға жауапты өз бетінше табуға, шындықты танудың тәсілдерін меңгертуге үйретті. Ежелгі Қытайдағы Конфуций мектебінде (Кун-Цзы б. з. д. 551-479 жж. ) оқытудың үлгіге еліктеу, диалог, салыстыру, заттарды және құбылыстарды топтастыру тәсілдері қолданылды

Үшінші кезең
Еуропадағы (б. з. д. V ғ. ) ортағасырлық мектептің құрылуы. Оқыту бағдарламасының мазмұны жеті еркін өнерден тұрды: бірінші, бастапқы цикл - тривиум (лат. Trivium - үш жол) грамматика, риторика, диалектикадан тұрды; екінші, көтеріңкі цикл - квадривиум (лат. Quadrivium - дәлме-дәл, төрт жолдың қиылысуы) арифметика, геометрия, астрономия, музыкадан тұрды. Бұл топтастыруды Рим философы, бірнеше кітап авторы Боэций (б. з. 480-524 жж. ) анықтады. Мың жылдықтар бойы орта ғасырлық мектептердегі оқытудың мазмұнын дәстүрлі түрде жеті өнер ретінде анықталып келді, тек Қайта өрлеу кезеңінде бұл бағдарламаны классикалық білім беру алмастырды

Төртіншікезең
Қайта өрлеу дәуіріне сәйкес келеді. Қайта өрлеу кезеңіндегі педагогикалық ойлардың ғұлама өкілдері - педагог ойшылдар, испан философы, психолог, педагог, оқыту үдерісінің мәселелерін ойлап табушы - Х. Л. Вивес (1492-1540), неміс педагогы, классикалық гимназияның негізін қалаушы - И. Штурм (1507-1587), италияндық философ, саяси қайраткер, балаларды тәрбиелеуге баса назар аударған, оқытуда көрнекілік әдісін қолдануды ұсынған - Т. Кампанелла (1568-1639), француз философы, ойшыл, тәжірибені оқыту құралы ретінде насихаттаушы - М. Монтень (1533-1592), голландиялық ойшыл, адамгершіліктің критерийі еңбекке деген қатынас дегенді айтқан - Э. Роттердамский (1466-1536) және т. б.

Бесінші кезең
педагогиканың жеке ғылыми теория ретінде қалыптасуы. Бұл чех педагогы Ян Амос Коменскийдің атымен байланысты. «Ұлы дидактика» кітабында (1628 ж. ) Я. А. Коменский педагогикалық білімге ғылыми негіз салуға тырысты. Коменскийдің еңбегі педагогиканы ғылым ретінде жүйелеудің жолын тапқан алғашқы жетекші оқулықтардың бірі болды [8] . Бірақ онда ғылыми және оқу пәндерінің арасындағы нақты айырмашылықтар болмады. Ол келесі факторлармен түсіндіріледі: біріншіден, ғылыммен жинақталған білім жеткілікті түрде кең болмады және бір кітапта жазылды; екіншіден, ғылым әлі де педагогиканың мәселелерін, оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алып білім берудің түрі мен формаларын қарастырмады

Алтыншы кезең
педагогика ғылымының маңызды құрылымы - дидактиканың дамуына көптеген үлестерін қосқан белгілі педагогтар И. Ф. Гербарттың (1776-1841), И. Г. Песталоццидің (1746-1827), А. Дистервергтің (1790-1816) есімдерімен байланысты.
И. Г. Песталоцци - швед педагогы, бастауышты оқыту әдістемесінің негізін қалады; И. Ф. Гербарт - немістің ғалым-философы, психолог, педагог, дидактиканың теориялық негіздерін салды; А. Дистерверг - неміс ұстаздарының ұстазы, оқытудың ережесін ойлап шығарды; Э. Белл, Д. Ланкастер (XVIII ғ. екінші жартысы-XIX ғ. бірінші жартысы) өзара байланысты оқыту жүйесін тәжірибе арқылы бірінші болып өткізді және ұйымдастырды

Жетінші кезең
В. Г. Белинский (1811-1848), А. И. Герцен (1812-1870), Н. Г. Чернышевский (1828-1889), Н. А. Добролюбов (1836-1861), Л. Н. Толстой (1828-1910), Н. И. Пирогов (1810-1881) және т. б. белгілі орыстың ғалымдары мен ағартушыларының қызметімен танылды.
Ғалым, дәрігер, қоғам қайраткері Н. И. Пироговтың білім жүйесі жайлы ойлары қызығушылықты туғызады. Ол сословиелік мектепке қарсы шығып, оқытудың көрнекілік пен ойшылдық принциптерін алдыға тартып, мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды

Сегізінші кезең
педагогиканың ғылым ретінде дамуы К. Д. Ушинскийдің (1824-1870) іс-әрекетімен байланысты. Ол көптеген мәселелерді бірінші болып шешті, оның ішінде: антропология, физиология, психология және тағы басқа ғылымдарды білуге негізделген жаңа педагогиканың жүйесін ойлап тапты; оқытудың қисындық негізін ашты; тәрбиелеу мен оқыту принциптерінің негізін қалады; орыстың педагогикалық ойларының демократиялық және гуманистік дәстүрлерін бекітті, оларға ғылыми күш берді.
Осы заманның орыс педагог-дидактиктерінің ішінен бастауыш мектептегі оқытудың бағдарламасын ойлап шығарған Н. А. Корфты (1837-1904), балаларды оқыту әдістемесін құрастырған В. И. Водовозовты (1825-1886), оқушылардың адамгершілік, ақыл-ой, дене бітімінің дамуына бағытталған бағдарламаларды ашқан Н. Ф. Бунаковты (1837-1904) атауға болады

Тоғызыншы кезең
педагогиканың ғылым ретінде дамуы ХХ ғасырдың басындағы тарихи жайт - 1917 жылғы Ұлы Қазан төңкерісімен байланысты. 1918-1931 жж. білім беру мен оқытуды түбегейлі қайта құру жүйесінің жылдары болды. Мектептің өзі алдыңғы жалпы білім беретін орындардың (гимназия, лицей, училищелер, шіркеулік және жергілікті мектептер және т. б. ) типтерін ауыстырып, бірыңғай еңбектік (ресми түрде - 1918 жылдан бастап Бірыңғай еңбектік мектеп) болып аталды. Бұл оқытудың дәстүрлі жүйесінен бас тартып, оқытудың мүлдем жаңа теориясы мен білім берудің тәжірибесін іздеудің белсенді кезеңі болды

Сабақ және оқытудың сынып-сабақтық жүйесі де қалпына келтірілді; оқу «тобы», «бригадалары» дегеннің орнына «сынып» деген атау қолданыла бастады (1934-1935 жж. ) . Қайтадан жеке білім бақылаулары мен мектептік бағалар, мектеп бітіргенде және сыныптан сыныпқа ауысқанда тапсыратын емтихандар («сынақ» атымен) енгізілді; қайтадан үй тапсырмасын беру тәжірибеленді; оқытудың дәстүрлі әдістері қолданыла бастады; «жұмыс кітаптары» өзінің орнын тұрақты оқу кітаптарына берді. Идеологиялық бағыт мектепке дейінгі балалықтан басталып, мектеп кезінде - әліппеден мектептің барлық кезеңінде және жоғары оқу орнына дейін жалғасты.

Оқытудың, білім берудің теориясы мен тәжірибесінде шетел ғалымдары да із қалдырды. Осылайша американың ірі ғалымы Джон Дьюи (1859-1952) оқушылардың практикалық іс-әрекеті кезіндегі интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту идеясын алдыға тартты. Дидактика саласындағы басқа шетел ғалымдардың ішінен таным саласындағы педагогикалық мақсаттар таксономиясының негізін қалаған Б. Блумның (1913 ж., АҚШ), оқыту үдерісі саласындағы еңбектердің авторы Д. Брунердің (1915 ж., АҚШ), оқыту стильдерінің сипаттарын көрсеткен Н. Беннеттің (Ұлыбритания), жалпы дидактика теориясы мен проблемалық оқытуды зерттеген В. Оконьнің (1914 ж., Польша), проблемалық оқыту және бағдарламалық оқыту, өзін-өзі оқытуды педагогикалық басқару, білім беру технологиясы, дидактика теориясы негіздерін қалаған Ч. Куписевичтің (1924 ж., Польша) есімдері көпке танымал

Оныншы кезең
1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезең оқытудағы педагогикалық технологиялары, соның ішінде ақпараттық-коммуникативті технологияны және тұлға-бағдарлық білімді беруді енгізу мәселелеріне қатысты қызығушылықтардың туындауымен сипатталады. Педагогикалық инновацияның, педагогикалық мониторингтің, менеджменттің теориялық негіздері зерттелінді. Бұл сұрақтарды зерттеуде Ю. А. Конаржевский (1990 ж. ), Т. И. Шамова (1991 ж. ), М. М. Поташник (1992 ж. ), Л. С. Подымова (1995 ж. ), М. В. Кларин (1995 ж. ), Г. К. Селевко (1998 ж. ), В. П. Беспалько (1998 ж. ), Е. В. Бондаревская (2000 ж. ), И. С. Якиманская (2000 ж. ) және тағы басқа ғалымдар зор үлесін қосты

Қазақстандық педагогиканың даму жолы ерекше болып келеді. Қазақстандық педагогика ғылымының дамуындағы алты кезеңді шартты түрде атап айтуға болады

Бірінші кезең - тәрбиелік ойлар жазылған эпос пен жырлардағы, ертегілердегі халықтың ауызекі өнерімен, қазақтың салт-дәстүрімен байланысты
Екінші кезең - Шығыс Ренессанс дәуірі деп аталып кеткен шығыс мәдениетінің қалыптасу кезеңімен байланысады. Себебі еуропалық Қайта өрлеуге дейін араб-мұсылман ғалымдары антика дәуірінің рухани мұрасын түбегейлі зерттеп, өзіндік гуманистік әлемдік көзқарасын қалыптастырды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz