Аналық безінің жарылуы


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы

Акушерлік және гинекология кафедрасы

Гинекологиядағы «жіті іш»

Шымкент, 2023

Slide 2

Жоспар

Анықтамасы

Жіктелуі

Этиопатогенезі

Клиникалық көрінісі және диагностикасы

Емделуі

Slide 3

Гинекологиядағы «жіті іш» - іш қуысындағы жедел патологияның нәтижесінде дамыған және іш аймағының кез-келген бөлігінде кенеттен пайда болған ауырсыну және перитонеалды симптомдармен бірге науқастың жағдайының күрт нашарлауымен көрініс беретін синдром.

Slide 4

Белгілері

Дені сау әйелде (пациенткалар аурудың басталған сағатын айталады) клиникалық белгілер бірден басталады. Ауырсыну жиі ішінің төменгі жағынан бастап ішінің барлық жеріне тарап, күшейеді, күштілігі соншама әйел есін жоғалтады.

Жүрек айнуы, құсу болады.

Ішек желдерінің және нәжістің бұзылуы.

Іш перденің тітіркенуі.

Slide 5

«Жіті іш» себептері

Жіті құрсақішілік қан кету (бұзылған жатырдан тыс жүктілік, аналық бездің апоплексиясы) ;

Ішкі жыныс мүшелерінің қан айналымының бұзылуы (аналық бездің ісік және ісік тәрізді құрылымы аяқшасының айналуы, миоматозды түйіннің айналып кетуі және/немесе некроздануы) ;

Іш пердемен қоса ішкі жыныс мүшелерінде жіті қабыну аурулары.

Slide 6

Жатырдан тыс жүктіліктің дамуындағы қауіп факторлары:

Бұрын ауырған аурулары: сальпингоофорит, эндомиометрит, түсіктер;

Аналық бездің гормоналды функциясының бұзылысы;

гениталды инфантилизм;

эндометриоз;

Ішкі жыныс мүшелеріндегі операциялар;

Трофобласт белсенділігінң жоғары болуы.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Жатырдан тыс жүктілік кезінде ұрықтанған аналық жыныс жасушасы жатырдан тыс жерде имплантацияланады және дамиды. Жүктілік дамуы немесе үзілуі мүмкін (түтіктік түсік немесе түтіктің жарылуы түрінде) .

Түтіктік түсік кезінде ұрық жұмыртқасы, өзінің дамуына қолайлы жағдай болмағандықтан, жатыр түтігінің қабырғасынан сылынып жатыр қуысына түседі. Жатыр түтігінің ырғақты жиырылуының нәтижесінде іш қуысына бөліктеп түседі.

Жатыр түтігінің жыртылуында (етеккірдің 3-4 аптаға кешігуінде) жатырдан тыс жүктіліктің бұзылуының нәтижесінде ұрық жұмыртқасының бүрлері жатыр түтігінің қабырғасының бүтіндігін толық бұзады және зақымдалған қан тамырлардан қан іш қуысына қарай кетеді.

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

Аналық без апоплексиясы (аналық безінің жарылуы, аналық безінің инфарктісі, аналық без гематомасы) - аналық безінің стромасына қан құйылумен жүретін бүтіндігінің жедел бұзылуы және ол қанның іш қуысына кетуімен жүретін жедел жағдай.

Аналық без апоплексиясы репродуктивті жастағы әйелдерде кездеседі, сонымен қатар жас жеткіншек қыздарда да болады, көбінесе овуляция кезінде және сары дене васкулиризациясы және жандануында жүреді.

Аналық безінің жарылуы:

Іркілген гиперемия;

Варикозды кеңейген немесе склерозданған қан тамырлар;

Стромадағы склерозды өзгерістер;

Вегетативті және эндокринді жүйелердің қызметінің бұзылыстарының салдарынан болады.

Түзілген гематома, аналық безі ішіндегі қысымның жоғарылауына алып келіп ол өз кезегінде жедел ауырсынуға алып келедіде, соңынан аналық без тіні жарылады.

Slide 14 Slide 15

Аналық без кистасы (кистомасы) аяқшасының айналуы - аналық без кистасы немесе кистомасының асқынуы. Аурудың басталуы келесі факторлармен байланысты:

Дене қалпының бірден өзгеруімен;

Қатты күшену, ұзақ жөтелу, ауыр физикалық күш түсіру нәтижесінде құрсақішілік қысымның жоғарылауынан;

Киста қан айналымының бұзылуы.

Аналық безі кистасының айналуында мыналар байқалады:

Қан айналымның бұзылуы;

Киста ісінуі;

Паренхимаға қан құйылу және некрозы.

Slide 16

Жартылай айналуында:

Аяқша өзінің қалпын 90-180° өзгертеді;

Артериалды қан келу сақталынады;

Тамырлардың компрессиясының салдарынан венозды қанның ағуы қиындалған;

Венозды қан толықсынады, кистаның қабырғасының ісінуі болады.

Толық айналуында:

Аяқша өзінің қалпын 360° өзгертеді;

Артериалды қан айналу тоқталады;

Аналық без кистасында некробиотикалық процесстер дамиды;

Перитонеалды симптомдар пайда болады;

Кистаның инфицирленуінде перитонит басталады.

Slide 17

Жатыр қосалықыларында іріңді құрылымдарының пайда болуына әсер ететін қосымша факторлар:

микробты инвазия;

Жатыр және жыныс жолдарының барьерлі қасиетінің төмендеуі және өзгеруі:

- физиологиялық (етеккір, босану) ;

- ятрогенді (түсіктер, жатыр ішілік контрацептивтер, операциялар, гистероскопия, экстракорпоралды ұрықтандыру) .

Қосалқылардың инфициялануы интраканаликулярлы, жоғары өрмелеуші, гематогенді, лимфогенді жолмен жүреді.

Slide 18

Жатырдан тыс жүкітіліктің келесі түрін ажыратады: түтікті, аналық безді, мойындық, рудементарлы мүйізде, іш қуыстық.

Жатыр түтігінің жарылуы бірден пайда болады және мыналарды шақырады:

Қан кету, әдетте массивті (құрсақішілік) ;

Тік ішекке берілетін іштің төменгі жағындағы ауырсыну;

Бас айналу;

Әлсіздік;

Тері жамылғыларының бозаруы;

Естен тану.

Қан кетудің жалғасуында геморрагиялық шок немесе постгеморрагиялық анемия дамиды.

Slide 19

Аналық безінің апоплексиясы: құрсақішілік қан кету (апоплексияның анемиялық түрі) ; ауырсыну синдромы (ауырсынулы түрі) .

Ауру бірден іштің төменгі жағындағы ауырсынудан, көбінесе зақымдалған жақта басталады.

Аналық без кистасы аяқшасының айналуы:

Түзіліс жағындағы ауырсыну - жайлап үдейтін немесе жедел;

Жүрек айну, құсу, іштің кебуі немесе метеоризм;

Ішектер парезі;

Іштің алдыңғы қабырғасынығ қатаюы;

Іш пердесінің тітіркенуі.

Slide 20

Жыныс мүшелерінің, соның ішінде қосалықылардың қабыну ауруларының клиникалық көрінісі айқын көрінбейді. Пиосальпинкс, пиовар, тубоовариалды абсцесс:

Үнемі болатын іштің төменгі жағындағы ауырсыну, көбінесе қабыну жағында;

Қалтырау, дене қызуының жоғарылауы;

Әлсіздік;

Тахикардия;

Жүрек айну, іштің қатуы;

Жыныс жолдарынан іріңді бөліндінің бөлінуі.

Slide 21

Ауырсыну аяққа, бел аймағына беріледі. Іші жұмсақ, кейде кебуі болуы мүмкін.

Іріңді құрылымның жарылуында алғашқы сағаттарда перитонит симптомидары көрінісін береді, оған кіретіндер:

Интенсивті ауырсыну, кейде бүріп ауырады, жергілікті емес;

Қалтырау, лихорадка, тахикардия;

Зәр шығарудың ауырсынулы болуы;

Үлкен дәреттің сұйылуы;

Іштің кебуі;

Іш пердесінің тітіркенуінің жергілікті симптомдары.

Құрсақ ішілік қан кету және пельвиоперитнит немесе перитонит сияқты асқынулар болуы мүмкін.

Slide 22

Диагностикасы

Жатырдан тыс жүкітіліктің симптоматикасы:

4-8 апталық аменорея, жүкітіліктің күмәнсіз белгісі;

Жүктілікке иммунологиялық реакцияның оң нәтижелілігі;

Жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай емес немесе кіші;

Жыныс жолдарынан жағылмалы қанды бөлінділер;

Біржақты толғақ тәрізді немесе үнемілік ауырсыну;

Жатыр мойнын қозғалтқан кездегі ауырсыну;

Бір жақты аднекстумор;

Жалпы өзгерістер (жалпы жағдайының нашарлауы, жүрек айну, құсу, диарея, метеоризм) .

Slide 23

Аналық безі апоплексиясында қарағанда анықтайды:

Ауырсынулы түрінде - іштің төменгі жағындағы ауырсыну, іш пердесінің тітіркену симптомы айқын емес;

Анемиялық түрінде - құрсақ қуыстық қан кету белгілері бар.

Объективті тексергенде жалпы жағдайына өзін ұстау, гинекологиялық креслодағы жағдайы және ауырсынуға мимикалық белгілері, тері және кілегей қабаттарының түсіне көңіл аударады.

Slide 24

Перитонитте, жедел қан кетуде - тыныс алу жиілігі минутына 20 жоғары болуы мүмкін.

«Жіті іштің» кез-келген түрінде тахикардия болады, ол қызбаға, гиповолемия, жедел қан кетуге тән.

«Жіті іште» гипертензия болмайды. Гипотензияның болуы септикалық жағдайға немесе жедел қан кету нәтижесіндегі (түтік жыртылуы, кистаның жарылуы, аналық без апоплексиясы) гиповолемия салдарынан болады.

Жалпы тексергенде жүктілік белгілері анықталады: сүт бездерінің қатаюы, емізіктер пигментациясы, уыздың бөлінуі.

Slide 25

Тілдің ақ жабындымен жабылуы гениталий қабыну процессіне, аппендицит, ішек өткізбеушілігі, перитонитке тән.

Іш көлемінің ұлғаюы үлкен көлемдегі ісіктерде, асцитте, ішек өткізбеушілігінде, құрсаішілік қан кетуде болады; іш алдыңғы қабырғасының тыныс алу актісіне қатыспауы «жедел іштің» барлық түрінде болады.

Перитонит кезінде іштің алдыңғы қабырғасының қатаюы және ауырсынулы болуы, Щеткин-Блюмберг симптомы, іш қуысындағы қан кетуде - Куленкампфф симптомы (КУЛЕНКАМПФ СИМПТОМЫ- ректалды саусақтық тексеруде дуглас кеңістігнің ауырсынулы болуы), іштің алдыңғы қабырғасының қатаюынсыз іш пердесінің тітіркенуі.

Slide 26
Ұқсас жұмыстар
Емшектегі бала тәрбиесі
Аналық жыныс безінің құрылысы
Ұрғашы малдың жыныс мүшелері
Аналық жыныс бездерінің ауруларын заманауи әдістермен балау және емдеу
Персистентті сары дене
АНАЛЫҚ ЖЫНЫС БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫН ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРМЕН БАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ туралы ақпарат
Аналық жыныс гормоны
Стероидты гормонының синтезі және олардың міндеттері. Менструальды фазалар бойынша эстрогендер мен прогестерондар қарым-қатынасы
Жатыр мойнының ісік алды аурулары
Жатырдан тыс жүктілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz