Әдістеме деңгейлері


Slide 1

1. Білім. Таным. Ғылым. 2. Ғылым әдіснамасы. Әдістеме деңгейлері

Орындағандар: Төлеген Жұлдыз

Зұлпұқар Әйгерім

Slide 2

ЖОСПАРЫ

I. Білім. Таным. Ғылым.

1. Рационалды және сезімдік білім

2. Теориялық және эмпирикалық білім

3. Іргелі және қолданбалы ғылым

II. Ғылым әдіснамасы

1. Ғылым әдіснамасы және оның пайда болуы

2. Ғылыми зерттеу әдістемесінің деңгейлері

Slide 3

Білім (ағылш. knowledge) - адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т. б. жиынтығы. Дәлелденген ақиқат болып табылады.

Ғылым (лат. scientia - білім) - уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есеп теуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы.

Таным (ағылш. cognition) - адам ойының блмеушіліктен білімге қозалыс үрдісі.

Slide 4

ТАНЫМ

Таным - қоршаған дүниені тануға және өзін-өзі тануға бағытталған адам қызметінің арнайы түрі. Таным қызметі сезім органдары арқылы ақпарат алу (сезімдік таным), алынған ақпаратты ойлау арқылы қорыту (рационалды таным) және оның тануға болатын бөліктерін материалдық игеруді біріктіреді.

Таным үдерісінде жоғары бағаланатын нәрсе - ол адамның таланты.

Slide 5

Сезімдік таным - адамды сыртқы дүниемен байланыстыратын бестүрлі сезім мүшесі арқылы ақпарат алумен жүзеге асырылады (1 -сызба) .

Рационалды таным - тану құралдары арқылы заттардың ішкі мәні мен болмысына үңілу (2 -сызба) .

Slide 6

Сезімдік танымның негізгі формалары 1-сызба

Түйсік

Қабылдау

Түсінік

Заттың белгілі бір сапалық жағын алдыға қойып көрсетуден тұрады.

Мысалы, көру түйсігі заттың формасы, оның түсі, ашықтығы туралы мағлұмат береді. Дәм сезу тамақтың құрамы туралы т. б.

Зерттелінетін объектінің тұтас бейнесі, ол бірнеше сезім мүшелерінің бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болады.

Өткен уақытта сезім мүшелеріне әсер етіп, қазіргі сәтте қабылданбайтын заттың талданып, қорытылған сезімдік бейнесі.

Мысалы, белгілі бір уақыттан кейін белгілі бір заттың бізге қалай әсер еткені.

Slide 7

Рационалды танымның негізгі формалары 2-сызба

Ұғым

Пікір

Ой қорыту

Құбылыстардың жалпы заңдылықты байланыстарын, мәнді белгілерін бейнелейтін ойлау формасы.

Заттардың, құбылыстардың, үдерістердің қасиеттері туралы ойлау формасы. Қоршаған ортаны танып, біле келе заттар мен олардың белгілерін бөліп аламыз.

Логикалық ойлаудың жоғары формасы, бізге белгілі пікірден жаңа пікір алатын ойлау формасы.

Slide 8

Теориялық және Эмпирикалық Білімдер

Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады. Ғылыми танымның әдістері мен формаларын екі түрлі деңгейде қолданады. Олар:

- эмпирикалық таным әдістері;

- теориялық таным әдістері.

Slide 9

1. Эмпирикалық (практикалық) - жаңа ғылыми фактілер анықталып, эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, талдау және жалпылау, практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық талдаудан өтеді.

2. Теориялық: негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын-ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.

Slide 10

Іргелі және қолданбалы ғылым

Ғылыми зерттеудің түрлерінің негізгі мақсаты - іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу.

Slide 11

Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғылыми мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрпылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселері қойылмайды.

Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану негізгі міндет болып табылады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында “бұл кімге қажет?” деген сұрақтар қойылады.

Slide 12

Ғылыми әдіснамасы

Әдістеме - таным әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Кез келген ғылыми зерттеу белгілі бір әдістермен және тәсілдермен, белгілі бір ережелер бойынша жүзеге асырылады. Бұл тәсілдердің, әдістер мен ережелердің жүйесі туралы ілімді әдіснама деп атайды.

«Әдіснама» ұғымы әдебиетте екі мағынада қолданылады:

- қандай да бір қызмет саласында (ғылым, саясат және т. б. ) қолданылатын әдістер жиынтығы) ;

- танымның ғылыми әдісі туралы ілім.

Slide 13

Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі.

Slide 14

Ғылыми зерттеу әдісі- объективті шындықты тану тәсілі. Әдіс іс-әрекеттердің, тәсілдердің, операциялардың белгілі бір реттілігін білдіреді. Оқытылатын объектілердің мазмұнына байланысты жаратылыстану әдістері мен әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу әдістері ерекшеленеді.

Зерттеу әдістері ғылым салалары бойынша жіктеледі: математикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық және т. б.

Slide 15

Ғылыми әдіснама деңгейлері :

1. Барлық ғылымдарға қатысты әмбебап болып табылатын және оның мазмұнына танымның философиялық және жалпы ғылыми әдістері кіретін жалпыға бірдей әдіснама.

2. Туыстық ғылымдар тобы үшін ғылыми зерттеулердің жеке әдіснамасы, ол танымның философиялық, жалпы ғылыми және жеке әдістерін құрайды.

3. Нақты ғылымның ғылыми зерттеулерінің әдіснамасы, оның мазмұнына философиялық, жалпы ғылыми, жеке және арнайы таным әдістері кіреді.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу практикасының жұмыс бағдарламасы
Социологиялық зерттеулерді жіктеу
Инновациялық оқыту технологиялары
Ұйымдағы мәдениет факторы, кросс - мәдени психологияның басқарудағы рөлі
Бастауыш сыныпта
ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Ұлттық клиникалық басқарушылық
Әлеуметтік зерттеудің тәсілдері
Әбіш оқулары сайысы
Арнайы мектептегі қазақ тілі әдістемесі жалпы шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz