Орман шаруашылығы жұмыстары




Презентация қосу
ОРМАНДЫ КҮТІП БАПТАУ
ЖҰМЫСТАРЫН
МЕХАНИКАЛАНДЫРУ
Орындаған:Мұратбек Ислам
ЖО-116
■Орман шаруашылығы-ағаш кесудің әсерінен орман
табиғатының өзгеруі туралы, орманды табиғи
қалпына келтіру туралы, орман өсіру жолдары мен
ормандарды ұтымды кешенді пайдалану туралы
ғылым.
Орман шаруашылығы жұмыстары
■ Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы
министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның
құрылымында 9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ;
орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық
басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты
қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” республикалық
мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау
жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (“Казгипролесхоз”)
, “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны”, Қазақ орман қорғау және орман
шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман
шаруашылығы селекциясының орталығы, “Көкшетау орман шаруашылығы
селекциялық орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны,
Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін
көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық
зоокәсіпшілік” ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс
істейді.
■Ағаш кесу және орманды қалпына келтіру
мәселелерін шешу кезінде орман өсіруші өткен
тәжірибені білуі және пайдалануы, әрбір пісіп-
жетілген кезде мамандардың бір буынының
сүрекдіңдерінің еңбегінің нәтижелерін көруі тиіс.
■Ормандарды молықтыруда күтіп-баптау мақсатында
ағаш кесу маңызды мәнге ие. Бұл-орманшы үшін
күнделікті, өсімдіктер арасындағы өзара қарым-
қатынас теориясы бойынша да, аз шығынды, энергия
үнемдеуші механизация құралдарын қолдану
тұрғысынан да күрделі орман шаруашылығы іс-
шарасы.
Орман шаруашылығының міндеттері:
1. орман өмірінің объективті заңдарын және оның қоршаған
ортамен өзара байланысын ашу,
2. ормандағы адам қызметінің нәтижелерін зерттеу,
3. басты тұқымдардың өсуін жақсарту, орманның өнімділігін
және оның тұрақтылығын арттыру әдістерін әзірлеу,
4. табиғи ортаны сақтай отырып, басты тұқымдардың табиғи
жаңаруы үшін кесуді ұтымды ету,
5. орманның орта құрайтын функцияларын және
биоәртүрлілікті сақтай отырып, ағашты, басқа шикізатты,
өнімдерді ала отырып, орманды кешенді пайдалануды реттеу.
Қорытынды
Қорытындылай келе, мен осы презентация
арқылы орман шаруашылығының қалай
ұтымды пайдалану туралы ғылым екендігін
және орман шаруашылығының жұмыстарын
және ішінде қандай комитет басқаратынын
біліп, талқыладым.
Және де осы презентацияда орманды
молықтыруда күтіп баптау маңызды мәнге ие
және міндеттері жайлы оқып білдім!

Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру
Наурызым қорығы туралы
Табын шегіртке зиянкестері
Алматыдағы Эдуард Баум мұрасы
Семей орманы МОТР РММ - нің құрылу және дамуының қысқаша тарихы
Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсыну
БҮЛІНГЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
Тайга
ОРМАН МЕЛИОРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың дамуы және мазмұны
Пәндер