Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі




Презентация қосу
Қазіргі жағдайдағы
білім берудің
басымдылық рөлі
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін
жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі,
жаңа талапқа сай инновациялық
технологияларды өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды,
тиімді болары сөзсіз.
К.Д.Ушинский
Қазіргі білім беру жүйесінің
мақсаты - бәсекеге қабілетті
маман дайындау.
Білім беру жүйесін дамытудағы
негізгі міндеттер:
•білім беру нәтежиелерінің сапасын арттыру;
•білімге қол жетімділіктің теңдігін қамтамасыз ететін
шараларды еңгізу;
•білім беру жүйесінде әріптестілікті дамыту үшін жағдайлар
жасау;
•оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету;
•білім мен ғылымның іс жүзінде интеграциялануын қамтамасыз
ету;
•ресурстарды жұмылдыру және білім беру жүйесінің тиімділігін
арттыруда қамтамасыз ету;
•білім беру ісін басқару жүйесін жетілдіру;
•қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыру
Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың
негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне
жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен
ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.
Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап
береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына
байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны
іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин,
т.б. зерттеді.
И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз -
оқушыға берілетін білім , іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-
әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту
керек.
ҚР БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕТТЕЙТІН
Қазіргі кездегі жоғары білім жүйесінің даму
тенденциясын былай суреттеуге болады:
Біріншіден, ол Қазақстан Республикасы КСРО
құрамында болған кездегі жүйелік әлеуетіне сүйенеді;
Екіншіден, нарықтық экономиканың талаптарына
және шарттарына сәйкес өзгеріп отырады;
Үшіншіден, білім саласында жаңа оқу құралдарын
қалыптастырудың белсенді үрдісі жүріп жатыр;
Төртіншіден, білімнің экономикалық фундаменті
өзгеруде;
Бесіншіден, мемлекеттік емес оқу орындары
көбейгендіктен, мемлекет білім сапасына бақылау мен
оқу-ағарту бағдарламаларының басым бағыттарын
қалыптастырумен шұғылданады
Білім беру стандарты:
1) Білім беру ұйымдарының
ұстанатын міндетті құжаты.
2) Білім берудегі нормативті құжат.
3) Бітірушілерді жалпы білімге
дайындаудың міндетті деңгейі
және білім берудің мазмұны.
Стандарт туралы ұғым. Стандарт -
үлгі, білім мазмұнының
негізі. Білім мазмұны стандартта
жазылған талаптарға сай жасалады.
Стандартта оқушы меңгеруі
тиіс білім, іскерлік дағдылардың
көлемі, оқушының дайындығына
өойылатын талаптар белгіленген.
Жалпы білім беретін мектептегі
оқу пәнінің бағдарламасы –
оқушылар меңгеруі тиіс
негізгі білім, іскерлік,
дағдылардың көлемі белгіленген
мемлекеттік құжат.
Тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі
мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге
асыруға бағытталған:

ұлттық білім беруді әлемдік білім
жаңа арнаға салу; кеңістігімен ықпалдасу.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген
әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып
табылады:
- қоғам дамуының қарқындылығы;
- постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу,
мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
- халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі
мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және
өсуі;
- қоғамның демократиялануы;
- экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің
өсуі;
- адам капиталы мәнінің артуы.
Жалпы орта білім жүйесінде негізгі оқу іскерліктері
мен дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл
бөлінеді. Сондықтан жаңа оқу бағдарламаларына
әрбір пән қалыптастыруға тиісті білім, біліктілік,
дағдылар енгізілген.
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны
ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп
оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті
түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек.
Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу
материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды
ұйымдастырып, оқуға үйретеді.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Білімнің бәсекеге қабілеттілігі
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Қазіргі мұғалім
Отбасындағы гендерлік рөлдер
Музыкалық-педагогикалық әрекет ізденістері
Қазақстан Республикасында білімді дамыту стратегиясы, міндеттері мен мақсаттары
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту
Республикасының сайлау жүйесі
Пәндер