Тынысты реттеу механизмі
Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ- түрік
университеті
БӨЖ
Тақырыбы:Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшеп үйрену.
Тынысты реттеу механизмі
Қабылдаған: Қарлығаш Полатбекова
Орындаған: Марип Гозал
Тобы: ППП-211
Жоспар:
Тыныс алу жүйесі
Өкпе құрылысы және қызметі
Өкпе тіршілік сыйымдылығы
Сыртқы тыныс алу жүйесінің
патофизиологиясы
Тыныс алуды жақсарту және гигиенасы
Тыныс алу жолы аурулары
Тыныс алу жүйесі:
1) Мұрын қуысы
2) Ауыз қуысы
3) Көмей
4) Кеңірдек
5) Бронхы
6) Альвеоллалар
7) Өкпе
8) Бранхиолла
9) Артерия қан тамыры
10) Вена қан тамыры
11) Бронхы
12) Жұтқыншақ
13) назофаринс
Тыныс алу жүйесі:
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі
кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде
қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында жүреді. Тыныс алу
кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан
ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу
және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық
мүшелеріне әсер етеді.
Қарапайым тілде айтқанда: мұрынан кірген ауа, мұрын қуысында
майда түктер арқасында тазаланып және ылғалданады. Назофаринс
арқылы жұтқыншақтан өтеді. Одан көмей арқылы ауа өкпеге жылу әрі
таза күйінде жетеді. Өкпеде ауа бронхыларға оның жалғасы
бронхиоллаға одан альвеоллаға түсіп , артерия қан тамырындағы
гемоглобин ішіндегі темірге оттек молекулалары жабысу арқылы ауа
сіңірледі.
Өкпе құрылысы және қызметі:
Оң жақ өкпе 3 бөлімді , ал сол жақ өкпе
2 бөлімді. Өкпе бронхиола мен
альвеоллалардан және қан тамырлар мен
өкпе қабынан тұрады.
Бронхылар – ауаны суырып алады және
бронхиоллар арқалы альвеоллаға
жібереді
Альвеоллалар – өкпе көпіршіктері .
Ауадағы оттекті бөліп қанға енгізеді жіне
өкпе қызып кетпеуін сақтаушы зат.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы:
Өкпеге түскен ауаның барлығы газ алмасуға қатыспайды. Яғни
қайта арқаға шығарылады. Ересек адам қалыпты күйінде дем
алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18
тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді.
Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты,
бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек
адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың
өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу
ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде
су көптеп шығып, тершең болады. Баланың өкпесінің түсі ересек
адамдікіне қарағанда аш қызғылт түсті. Себебі ересек адамдарда
өкпе түсі қызыл болуы ол өкпеде шаң –тозаң жиналуынан
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы:
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы Спирометр арқалы өлшенеді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы —> тыныстық сыйымдылық (500 мл) +
тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл)+ тыныс шығарудың
қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500
мл!
Өкпенің жеделдетілген өмірлік сыйымдылығы — максимальдық жылдам дем алу кезінде
анықталатын өкпенің өмірлік сыйымдылығының қалыпты жағдайда 90—92% құрайды.
Өкпенің тиісті өмірлік сыйымдылығы — арнайы формулалар көмегімен зерттелетін адамның
жасы мен бойы туралы мәліметтер бойынша анықтайтын өкпенің іс жүзіндеғі өмірлік
сыйымдылығын бағалауға арналған есептік көрсеткіш. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп
адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта
әрбір тыныс алғанда жөне әрбір тыныс шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі
шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.
Адам қалыпты тыныс алып, артынша терең тыныс алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны
жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.
Адам қалыпты тыныс шығарып, артынша терең тыныс шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл
ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тынысшығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады .
Сыртқы тыныс алу жүйесінің
патофизиологиясы
Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну, патологиялық тыныс және
асфиксия.
Алқыну - адамда ауа жетпеу сезімімен қабаттасатын, тыныс алу қозғалыстарының
тереңдігі мен жиілігінің, дем алу мен дем шығару уақытының, тыныс алу ырғағының
өзгеруімен сипатталады. Ол үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады.
Алқыну түрлеріне терең және жиі тыныс , терең және сире тыныс (брадипноз), үстіртін
жиі тыныс, инспирациялық және экспирациялық алқынулар жатады.
Экспирациялық алқынуда дем шығару ұзақтығы дем алу ұзақтығынан ұзақ болады. Өкпе
көпіршіктерінің жиырғыштылығы мен серпімділігі төмендегенде , тыныс алу жүйесінің
қызметі бұзылғанда , ұсақ бронхылардың тарылуы және бітелуінде (бронхы демікпесі)
байқалады
Инспирациялық алқынуда дем алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығынан артық болады.
Патологиялық тыныстарға (үнемі және үзілісті тыныс) - агониялық тыныс жатады.
Асфиксияда қанға оттегінің түсуі тоқтатылады, қаннан көмір қышқыл газы
шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңлаулары бөгде затпен
бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда , кеуденің екі жағында пневматоркс (өкпеқапта
ауаның немесе газдың жиналуы) дамығанда болады.
Тыныс алуды жақсарту және гигиенасы:
Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене
еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)
штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л.,
қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына
6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда – 3,5л. Спортпен
шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның
үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың
сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе
көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да,
оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс
алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың
тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру
қабілетін арттырады.
Гигиеналық талаптары - ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді
желдету, таза ауада серуендеу т.б. Киім кию де дұрыс дем алу
және дем шығаруға әсер етеді, сондықтан киім жеңіл, денені
қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі қажет.
Тыныс алу жолдар
аурулары:
Тұмау Тұмау немесе грипп– тыныс жолдарының жұқпалы вирусқтық ауруы. Аурудың
қоздырғышы – ортомиковирус, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Бронхы
жолында сұйық сулар жиналып қалуына байланысты адам жөтеледі.
Туберкулез ауруын туғызатын кох таяқшасы бактериясы. Ол түшкіргенде, сөйлегенде 1—2
метрге дейін сілекейімен шашырап, микробы ауаны ластайды. Cay адам тыныс алганда, бұл
микроб мұрын қуысына енеді де, сол арқылы өкпеге түсіп, оны зақымдайды. Науқас адам
әуелі аздап жөтеледі де, одан соң қаны азайып, жүдейді, тамаққа тәбеті шаппай,
ұйықтағанда терлей береді. Дене кызуы кешке карай 37—37,5 градусқа дейін көтеріледі.
Туберкулез таяқшасы наукастың ас ішетін ыдысынан, сүлгісінен, тесек орнынан да жүғады.
Таяқшаның ауру туғызуы сау адамның организміне байланысты. Егер микробқа қарсы
күресетін күш, яғни имму¬нитет пайда болса, онда оның әрекетінен денсаулық бүзылмайды.
Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде аузын және мұрнын қол орамалмен жауып,
микробтын ауаға таралуына жол бермеуі кажет. Ауруды дәрігер ғана емдей алады. Мұрын
арқылы демалудың маңызы ерекше. Мұрын қуыс-ында толып жатқан қалташықтар бар.
Олар ауаны жылытады. Суық күндері салқын тиіп ауырудан сақтайды. Мұрынмен ты¬ныс
алу —- тісті бүзылудан сақтайды. Өндірістерде лас ауаны тазарту үшін желдеткіштер, шаң-
тозаң ұстағыштар орнатылса, ал үйдегі шаң-тозанды сулы шүберекпен сүртіп отыру керек.
Өкпенің аденокарциномасы – бронх қабырғасының безді эпителийінен
пайда болатын қатерлі ісік. Кейіннен ылғалды жөтел, ентігу, кеудедегі
ауырсынулар қосылады, кейде паранеопластикалық синдром пайда
болады.
Пневмокониоз - өнеркәсіптік шаңның ұзақ әсерінен туындаған өкпенің
созылмалы ауруы.
Пневмокониоз Өкпенің аденокарциономасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Краткая медицинская энциклопедия, 1-том.
Масенов Т. М. Биодинамика легких у млекопитающих.
Gans С. Strategy and sequence in the evolution of the external gas exchangers of
ectothermal Vertebrates // Forma et Functio.
Duncker H.-R. Structure of avian lungs // Respiration Physiology.
Антипчук Ю. П., Соболева А. Д. Эволюция респираторных систем.
Биология 8 класса
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz