Пневмониялардың жіктеуі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА

АКАДЕМИЯСЫ АҚ

««Жалпы тәжірибелі дәрігер - 1» кафедрасы» кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Кредит-3

Тақырыбы:«ПНЕВМОНИЯ»

Тобы: В-ЖМҚА-03-19 Орындаған:Мамыр А. Д. Қабылдаған: Сулейменқызы П.

Шымкен- 2023ж.

Slide 2

Жоспар:

Пневмония деген не?

Эпидемиологиясы

Этиологиясы

Классификациясы

Клиникалық көрінісі

Диагностикасы

Емі

Ситуациялық есеп

Slide 3

Пневмония - бұл респираторлы бөлімдерді қамтитын және интраальвеолдық қабынулық экссудациямен жүретін өкпенің жедел ошақты инфекциялық-қабынулық (негізінен бактериялық) зақымдануы.

Slide 4

Эпидемиологиясы

Пневмонияға өкпе ауруларының 54% келеді.

Пульмонологиялық өлім-жітімнің 2-ші орнын

алады.

Ауруханалық өлім себептерінің 1-ші орнын

алады.

Пневмониядан өлім еңбекке жарамды

жастағыларда 61% дейін жетеді.

Slide 5

Пневмониялардың жіктеуі

Жіктеуде

1. Аурудың даму жағдайы (қандай пневмония),

2. Ауырлық дәрежесі

3. Дерттің орналасуы

4. Асқынулары ескеріледі.

Slide 6

Сонымен, жіктеудің 1-ші кезеңінде аурудың даму шартына қарай бөледі:

1. Аурухадан тыс пневмонияны (синонимдері: үйішілік, коммуналды, емханалық) .

2. Ауруханалық (ауру науқастың стационарға түскеннен кейін 48 сағаттан соң немесе ауруханадан шыққаннан кейін 4 апта ішінде дамығанда) (синонимдері: нозокомиалды, госпиталды) .

3. Аспирациялық пневмонияны.

4. Иммундытапшылық пневмонияны (туа біткен иммунодефицит, ЖИТС-инфекция, ятрогенді иммуносупрессия) .

Slide 7

2-кезең: Пневмонияның ауырлық дәрежесін бағалау

Жіктеудің екінші бөлімі - ауырлық дәрежесі. Ауырлық дәрежесін дұрыс бағалау науқасты емдеу орнын, емдеу тактикасын таңдауда маңызды. Пневмонияның ауырлық дәрежесі бағаланады:

1. Интоксикациялық синдром айқындылығы бойынша. Дене қызуының 1 градусқа жоғарылауы ЖСЖ 8-10 соққыға, ТАЖ 2-3 тынысқа өсіреді. Сана бұзылысы интоксикациялық синдром ауырлығының куәсі. Интоксикациялық синдромның зертханалық көрсеткіштері: лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі, қабыну көрсеткіштерінің өсуі, ШТҚҰ маркерлері.

2. Тыныс жеткіліксіздігінің айқындылығы бойынша. Клиникалық (тахипноэ, цианоз) және параклиникалық (оттегі сатурациясының төмендеуі, көмірқышқыл газ сатурациясының және кернеуінің жоғарылауы) .

3. Асқынулардың дамуы бойынша: пневмонияның ауырлығын көрсетеді.

4. Зақымданудың ауқымдылығы бойынша: R деректерге сүйеніп.

Slide 8

Пневмонияның ауырлық дәрежесі (Никулин К. Г., Дворецкий Л. И. )

Дәрежесі

Жеңіл

Орташа

Ауыр

Өте ауыр

Температура, °С

38 дейін

38-39

39-40

40 астам

Сана

бұзылысы

Анық

Анық, жеңіл эйфория б. м.

Инфекциялық делирий, сопор

Сопор, кома

Интоксикацияның басқа белгілерінің айқындылығы

Әлсіз

Орташа

Анық

Өте анық

ТАЖ

25 дейін

25-30

30-40

40 астам

ЖСЖ

90

100 дейін

100 астам

100 астам

Цианоз

Жоқ

Орташа

Айқын

Айқын

ЖҚА

Әлсіз лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі

Абсолютті нейтрофильді лейкоцитоз, формуланың гиперрегенераторлы солға

ығысуымен

Айқын лейкоцитоз, нейтрофилдердің уытты дәнділігі, солға ығысу, лимфопения, лейкопения б. м., ЭТЖ айқын үдеуі

Ауырдағыдай

Slide 9

Пневмонияның ауырлық дәрежесі (Никулин К. Г., Дворецкий Л. И. )

Дәрежесі

Жеңіл

Орташа

Ауыр

Өте ауыр

Фибриноген, г/л

5 дейін

5-10

10 астам

10 астам

Инфильтрат көлемі

1-2 сегмент

Бөлік н/се екі жақтан 1-2 сегмент

Екі бөлік н/се екі жақты

пневмония

3 бөлік,

деструкция

Асқынулар

Жоқ

Экссудативті плеврит аз

жалқықпен

Инфекциялық-уытты шок,

плевра эмпиемасы, абсцесс және б.

Асқынулардың ауыр ағымы

Slide 10

Пневмонияның ауыр ағымының сипат-белгілері

Клиникалық-аспаптық

Зертханалық

Жедел тыныс жеткіліксіздігі:

ТАЖ > 30 мин

SaO2 < 90%

Гипотензия:

САҚ < 90 мм с. б.

ДАҚ < 60 мм с. б.

Екі немесе көпбөліктік зақымдану

Сана бұзылуы

Өкпеден тыс асқыну (менингит, перикадит, б. )

Анурия

Лейкопения (<4х109/л)

Гипоксемия:

РаО2 <60 мм с. б.

Гемоглобин < 100 г/л

Гематокрит <30%

ЖБЖ

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Жіктеудің 3-ші кезеңі: Пневмонияның орналасуы және ауқымдылығы физикалды және рентгендік мәліметтерге сәйкес анықтау

Оң жақтық төменгі бөліктік пневмония

Оң жақтық төменгі бөліктік пневмонияның 14-ші күні

Slide 14

Рентгенде пневмонияның орналасуын өкпелік алаңдар бойынша анықтайды. Бұғанадан жоғары бөлімдер өкпе ұшы, жүрек ұшынан 2-ші қабырғаға дейін - жоғарғы бөлік, 2-4 қабырғааралықта - ортаңғы бөлік, 4-ші қабырғадан диафрагмаға дейін - төменгі бөлік. Фронталды кескін бойынша өкпе бөліктерін анықтау қиын, себебі өкпе бөліктері біріне-бірі қабаттасады. Өкпе бөліктерін латерограммада анықтаған жеңіл.

Slide 15

Рентгенография

Slide 16

Жіктеудің 4 кезені: Пневмония асқынулары. 2 топқа бөлінеді:

1. Өкпелік асқынулар;

- парапневмониялық плеврит

- плевра эмпиемасы

- өкпе абсцесі және гангренасы

- өкпе деструкциясы

- дистресс-синдром

- өкпе сусіңділенуі

2. Өкпеден тыс асқынулар:

- инфекциялық-уытты шок

- жедел өкпелік жүрек

- миокардит, эндокардит, перикардит

- менингит, менингоэнцефалит

- перитонит

- сепсис

- ШТҚҰ-синдром

- психоздар

Slide 17

Ауруханадан тыс пневмониялардың ЭТИОЛОГИЯСЫ

Негізгілері:

1. пневмококктар - 30-50%.

2. гемофильті таяқша - 10-20%.

3. Атипиялық микроағзалар (хламидия, микоплазма, легионелла) - 8-25%.

Сирек - алтын стафилококк, клебсиела - 3-5%.

Өте сирек - көгілдір таяқша (муковисцидозда, бронхоэктазда) .

Пневмония қоздырғыштарына жатпайды: Streptococcus viridans, Staphylococcus epidermidis, Neisseria spp, Candida spp. Олар жоғарғы тыныс жолдарының флорасы.

Slide 18

Ауруханалық пневмония қоздырғыштары: грамтеріс аэробтар, оның ішінде маңыздылары көкірің таяқша, энтеробактерия, клебсиелла, алтын стафилококк.

Аспирациялық пневмония: клостридиялық емес анаэробтар.

Иммундытапшылықты пнемония қоздырғыштары: вирустар, пневмоцисталар, саңырауқұлақтар (кандида альбиканс) .

Slide 19

Ауруханадан тыс пневмонияның этиологиясы

20 - 60%

3 - 10%

4 - 6%

1 - 6%

2 - 8%

TM File, Jr. Respiratory tract infections. London, UK. 2007

3 - 5%

S. Pneumoniae

H. Influenzaeae

L. pneumofila

Атипиялық агенттер

S. aureus

Slide 20

Қоздырғышты қақырықта, қанда, плевра сұйықтығында, бронх альвеолдық шайындыда анықтайды.

Қақырықтың микробиологиялық зерттеуін Граммен бояған соң жүргізеді. Егер жұғындыда лейкоцит саны 25 аз, ал эпителий клеткалары 10 көп болса - ауыз қуысының флорасы.

Ақпаратты: қақырықта микроағза саны 106 КОЕ/мл, БАШ - 104КОЕ/мл.

Атипиялық пневмонияда - серологиялық сынамалар жүргізіледі.

Пневмонияның ауыр ағымында және ауруханалық пневмонияда гемокультура алынады. 30-60 минут аралығында 2 венадан 20 мл қан алады.

Slide 21

Пневмония диагнозының критерилері

1. Рентгендік зерттеумен дәлелденген өкпе тінінің ошақты инфильтрациясы.

2. Келесі клиникалық белгілердің екеуінің болуы:

а) аурудың басында жедел қызба

б) қақырықты жөтел

в) физикалық белгілер (крепитация фокусы және/немесе ұсақ көпіршікті сырылдар, қатқыл бронхылық тыныс, перкуторлы дыбыстың қысқаруы) .

г) лейкоцитоз >10х109/л және/немесе солға ығысу т/я > 10%

Slide 22

Пневмониялардың антибактериалды емі

Пневмония

Таңдаулы препарат

Альтернатива

Ауруханадан тыс

I топ

(ауыр емес, қосалқы ауру жоқ, госпитализация қажет емес)

Амоксициллин немесе Макролид (азитромицин, кларитромицин, мидекамицин, спирамицин)

Фторхинолон III-IV ұрпақ, доксициклин

II топ (ауыр емес, госпитализация қажет емес, қосалқы ауру бар)

Ампициллин/сульбактам, амоксициллин/клавуланат, н/се цефалоспорин II ұрпағы, және/немесе Макролид

Фторхинолон III-IV ұрпақ, цефалоспорин III ұрпақ

III топ (ауыр емес, госпитализация қажет, қосалқы ауру бар)

Ампициллин/сульбактам, амоксициллин/клавуланат немесе цефалоспорин II-III ұрпақ + Макролид

Фторхинолон III-IV ұрпақ, меропенем

IV топ (ауыр ағым)

Ампициллин/сульбактам, амоксициллин/клавуланат немесе цефалоспорин III ұрпақ + макролид н/се фторхинолон III-IV ұрпақ

Цефалоспорин IV ұрпақ + аминогликозид III ұрпақ + фторхинолон II-IV ұрпақ; меропенем

Slide 23

Ауруханалық

I топ (ерте, 5 тәулік ішінде п. б. )

Цефалоспорин III-IV ұрпақ н/се ампициллин/сульбактам, амоксициллин/клавуланат, + аминогликозид III ұрпақ

Фторхинолон III-IV ұрпақ, меропенем, клиндамицин

II топ (кеш, 5 күн соң дамыған)

Цефалоспорин III-IV ұрпақ, + аминогликозид III ұрпақ

Фторхинолон III-IV ұрпақ, меропенем, клиндамицин

III топ (вентилятор-ассоциирленген - ИВЛ 48 сағаттан соң)

Цефалоспорин III-Ivұрпақ н/се меропенем, + аминогликозид III ұрпақ

Фторхинолон III-IV ұрпақ, меропенем, линезолид

Аспирациялық

Ауруханадан тыс (I топ)

Ампициллин/сульбактам, амоксициллин/клавуланат н/се цефалоспорин III ұрпақ + метронидазол

Фторхинолон III-IV ұрпақ, клиндамицин

Ауруханалық (II топ)

Цефалоспорин IV ұрпақ, аминогликозид III ұрпақ + метронидазол

Фторхинолон III-IV ұрпақ, меропенем

Slide 24

1

2

3

Иммундық тапшылықтағы пневмония

Цефалоспорин III-IV ұрпақ + аминогликозид III ұрпақ

Фторхинолон II-IVұрпақ, оксациллин, меропенем

Абсцесс

Цефалоспорин III-IV ұрпақ н/се ампициллин/сульбактам, амоксициллин/клавуланат + метронидазол

Линкозамид + аминогликозид III ұрпақ, фторхинолон II-IV ұрпақ, меропенем

Плевры эмпиемасы

Цефалоспорин III-Ivұрпақ н/се ампициллин/сульбактам, амоксициллин/клавуланат + линкозамид

Метронидазол {орнидазол) + меропенем, фторхинолон III-IV ұрпақ

Көкірің таяқшасы

Цефалоспорин III-IV ұрпақ + аминогликозид III ұрпақ + ципрофлоксацин II ұрпақ

Фторхинолон III-IV ұрпақ, макролид, меропенем

Staph. aureus, Str. pyogenes

Ампициллин/сульбактам, амоксициллин/клавуланат, + аминогликозид III ұрпақ

Цефалоспорин II-IV ұрпақ (Квадроцеф), фторхинолон II-IV ұрпақ, клиндамицин

Str. pyogenes

Ампициллин/сульбактам, амоксициллин/клавуланат н/се цефалоспорин III ұрпақ + фторхинолон III-IV ұрпақ

Линкозамид, макролид, меропенем

Наеm. influenzae

Ампициллин/сульбактам, амоксициллин/клавуланат + азитромицин н/се цефалоспорин II-III ұрпақ

Фторхинолон III-IV ұрпақ, кларитромицин

Slide 25

Антибиотиктерді қолданудың ерекшеліктері

Аминогликозидтерді ауруханадан тыс пневмонияны емдеуді қолданбайды.

Нитроимидазолдар ауруханадан тыс және ауруханалық пневмонияның емінде қолданылмайды.

Клеткаішілік патогендерде (хламидия, легионелла, микоплазма) - макролидтер, фтрохинолондар, доксициклин, рифампицин.

Иммундық тапшылықтағы пневмонияны стационарда а/б максималды мөлшерлерін п/э жолмен емдейді: цеалоспорин III ұрпағы - цефеперазон (гепацеф) ; цефтазидим (цефтум) ; цефтриаксон; аминогликозидтердің III ұрпағы - амикацин; қосымша - интерферон, иммуноглобулин.

Иммунодепрессиясы бар науқастардың емінде - саңырауқұлаққа қарсы ем (флуконазол, амфотерицин В, интраконазол), иммуномодуляторы.

А/б ұзарту қажет емес: рентгендік белгілер болғанда ғана.

Slide 26

7. Жүктілердің емінде - амоксициллин, макролидтің III ұрпағы азитромицин; мидекамицин; I семестрде - абсолютті көрсеткіш бойынша; цефалоспорин II ұрпақ - цефуроксим; III ұрпақ - цефоперазон (гепацеф), цефтазидим, цефтриаксон; IV ұрпақ - цефепим (квадроцеф), бірақ I семестрде - көрсеткіштері бойынша; линкозамиды. Жүктілерде қолдануға болмайды: азолды антимикотиктер (флуконазол) ; тетрациклиндер, фторохинолондар, ванкомицин, метронидазол (I семестрде), нитрофурантоин (III семестрде) .

8. Бауыр жеткіліксіздігінде: пенициллиндер, цефалоспориндер, левомицетин, фторхинолондар, макролидтер, линкозамидтер.


Ұқсас жұмыстар
Өкпенің жедел қабыну аурулары
ҚҰС ЭМБРИОГЕНЕЗІ
Салыстырмалы фонетика
Көшбасшының жеке тұлғалық қасиеттерінің теориясы
Баға қалыптастыру әдістерін ата
Катиондардың аналитикалық топтары және элементтердің периодтық жүйесі
Құрсақішілік инфекциялар
Тауарлы­материалдық қорлар
Ағзаның конституциясы және оның патологиядағы рөлі
Септикалық шок
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz