Ішек инвагинациясы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА
АКАДЕМИЯСЫ АҚ
«Педиатрия-1» кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Кредит-1
Тақырыбы №3: Ішек инвагинациясы
Тобы: В-ЖМҚА-05-19
Орындаған: Жумагулова А. Б.
Қабылдаған:
Шымкент 2022ж.

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Ішек инвагинациясының пайда болуының анатомиялық-хирургиялық алғышарттары
2. 2. Этиологиясы мен патогенезі
2. 3. Клиникасы және диагностикасы
2. 4. Емдеу тактикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ішек инвагинациясы-ішектің бір бөлігінің екінші бөлігіне кіріп кетуімен сипатталатын, көбінесе ана сүтімен қоректенетін жастағы балалардың 85-90% кездесетін (әсіресе, 4 айдан 9 айға дейінгі балаларда) жүре пайда болған ішек өтімсіздігінің бір түрі.
Ішек өтімсіздігінің бұл ерекше нұсқасы механикалық кедергінің аралас немесе комбинацияланған түрі болып табылады, өйткені ол странгуляция элементтерін (енгізілген ішектің мезентериясын зақымдау) және обтурацияны (ішек саңылауын инвагинатпен жабу) біріктіреді. Ұл балалар қыздарға қарағанда екі есе жиі зардап шегеді.


Асқорыту түтігінің жатырішілік дамуы

1 кезең (7-10 апта)
ортаңғы ішектің сағат тіліне қарсы 90°-ге айналуы
2 кезең (11-16 апта)
ішектің құрсақ қуысына жылжуы және сағат тіліне қарсы 180°-ге бұрылуы
3 кезең (17 аптадан туылғанға дейін)
оң жақ мықын аймағына соқыр ішектің түсуі және ішектің бөлек мезентериялары мен ішектің құрсақішілік бөлімдерініңң түзіліп фиксациялануы

Этиологиясы
Балалардағы асқазан-ішек жолдарының физиологиялық ерекшеліктері:
-соқыр ішектің жоғары орналасуы;
-илеоцекальді бұрыштың қозғалысының жылдам болуы;
-мықын ішектің физиологиялық ерекшеліктері: диаметрінің соқыр ішекпен сәйкессіздігі,
шырышты қабықтың жұқа болуы, эластикалық және бұлшықет талшықтарының дамымауы, ас қорыту бездерінің секрециясының төмендеуі, бөлінетін ферменттердің жеткіліксіздігі. Мықын ішектегі бездер саны 5-7 жаста ғана қалыпты деңгейге жетеді.
Қабыну инфекциялары
Физиологиялық ерекшеліктер
Органикалық себептер
Дұрыс тамақтанбау

ОРГАНИКАЛЫҚ СЕБЕПТЕР
ДҰРЫС ТАМАҚТАНДЫРМАУ
Полип, киста
Меккель дивертикулы
Мықын ішектің екі еселенуі
Қатерлі және қатерсіз ісіктер
Тағамның көлемі
Құрамы
Берілу жиілігі жасына сай болмауы

Сыртқы цилиндр
Инвагинат мойны
Инвагинат басы
Инвагинат денесі

КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
(орналасуына байланысты)
Соқыр ішек-тоқ ішек инвагинациясы (52, 7 %) - инвагинаттың басы, соқыр ішектің күмбезі болады да, ащы ішектің шеті және аппендикс инвагинация цилидрінің арасына кіреді.

Аш ішек-тоқ ішек инвагинациясы (41 %) - аш ішектің аш ішекке енуі, содан кейін барып мықын клапаны арқылы, тоқ ішекке енуі. Егер, аш ішек ары қарай кірсе, инвагинат цилиндріне соқыр ішек және тоқ ішектің төменгі бөліктері де қабаттаса енуі мүмкін (қосалқы инвагинация немесе «күрделі» ащы-тоқ ішек инвагинациясы деп аталады

Ащы ішек-ащы ішек инвагинациясы (3, 5 %) - ащы ішектің ащы ішекке енуі.

Тоқ ішек-тоқ ішек инвагинациясы - тоқ ішектің тоқ ішекке енуі.

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ
1
Ауырсыну
Кенеттен басталады, бала бозарып денесін салқын тер басады. Ауырсыну ұстамасы 3-7 минутқа созылады. 5-20 минуттан соң қайта басталады. Бала әлсіреп, емуден бастартады.
2
Құсу
аурудың бастапқы кезеңінде висцеральды рефлекстен туындаған құсу, ал уақыт өте келе балалардың 73% - ы ішек өтімсіздігінің көрінісі болып табылады
3
Нәжіс
Эритроциттер мен бос гемоглобиннің ішек саңылауындағы диапедезінің нәтижесінде қан мен шырыш араласқан нәжіс - балалардың 61%-да кездеседі. Бұл "таңқурайлы желе" симптомы аурудың басталуынан 3-6 сағаттан кейін пайда болады.
4
Пальпация
Құрсақ қуысында оң қабырға астында пальпацияланады. Жұмсақ-эластикалық консистенциялы, тегіс валик тәрізді

Ішек инвагинациясы
Қалыпты ішек
Аш ішек кесіндісі

УДЗ
Инвагинат "нысана"түрінде бейнеленеді.

Инвагинацияны ерте диагностикалау үшін пневмоирригография үлкен маңызға ие. Бала рентген аппаратының үстеліне жатқызылады. Тоқ ішекке ауа жіберу Ричердсон баллонымен катетер арқылы баяу және ақырын жүргізіледі. Толтырылған кезде ауа инвагинаттың басына жетеді. Бұл жағдайда инвагинат газдың фонында қара контуры бар дөңгелек көлеңке түрінде анықталады Ауаның тоқ ішекке біркелкі таралуы және оның мықын ішектің бастапқы бөліміне енуі -инвагинаттың тоқ ішек бөліміне енгенінің дәлелі болып табылады, бірақ
мықын ішектің бір бөлігін екінші бөлігіне енуін жоққа шығармайды.

ҰҚСАСТЫҒЫ
Токсикалық диспепсия
Аурудың кенеттен басталуы, жиі құсу, мазасыздану, тік ішектен патологиялық шырыштардың бөлінуі
Іш өту- күніне15-20 рет, дене температурасының 38-39 градусқа дейі көтерілуі, дене салмағының төмендеуі, эксикоз бен токсикоз әсерінен жағдайдың нашарлауы, құрсақ қуысында инвагинаттың болмауы
Дизентерия
Интоксикация белгілері, дене температурасының жоғарылауы, 8-10 рет іш өту,
Таңқура желе симптомы жоқ, пальпацияда инвагинат анықталмайды.
Дифференциалды диагностика

Шейнлейн -Генох ауруы кезіндегі абдоминальді синдром
Кенеттен пайда болатын іш тұсындағы ауырсыну, құсу, қан аралас іш өту
Таңқурай желе симптомы жоқ
Аппендицит
Іштің ауруы, құсу, дене температурасының көтерілуі, қан аралас нәжіс, толғақ тәрізді ауырсыну
Меккель дивертикуласының жарасы
Тік ішектен қанның бөлінуі
Геморрагиялық шок белгілері: терінің бозаруы, тахикардия, артериялық қан қысымының төмендеуі, эритроцит мөлшері төмендеуі. Пальпация кезінде инвагинат анықталмайды, ДАНСЕ СИМПТОМЫ ТЕРІС

Инвагинацияны емдеудің негізгі мақсаты - ертерек дезинвагинация жасау. Дезинвагинацияның екі тәсілі бар: консервативтік және операциялык. Консервативтік ем өте қарапайым және жарақатсыз. Бұл емнің негізі - тоқ ішекке ауа жіберу арқылы инвагинатқа механикалық әрекет жасау, сонымен сәбиді операциядан сақтап қалуға және аурудың емханада жатқан уақытын азайтады.
Консервативтік емді келесі жағдайларда қолданбайды:
ащы ішек инвагинациясында тік ішек арқылы қысыммен жіберген ауа баугиниев қақпасы арқылы өтпейді, сондықтан инвагинат шешілмейді;
аш ішек-тоқ ішек инвагинациясында, ішектің мықын клапанында ісініп қысылып қалуынан дезинвагинация болмайды;
егер науқас ауруханаға 12 сағаттан кейін түссе, консервативтік ем қолданған дұрыс емес;
бір жастан асқан сәбилерде көбінде механикалық себептерден инвагинация болуы мүмкін (полип, дивертикул, т. б. ), сондықтан консервативтік ем қолданбау керек;


Консервативтік ем үшін тік ішекке ауаны Ричардсон аппараты арқылы 80-90 мм с. б. қысыммен жібереді. Ауа жіберер алдында, сырқаттың тері астына баланың жасына сәйкес промедол және димедрол, атропин ертінділері жіберіледі. Дезинвагинацияның барысы рентген сәулесі арқылы қадағаланады.
Біріншіден, баланың жалпы жағдайы жақсара бастайды, тынышталып емшек еме бастайды, ұйықтап кетеді, ішін басып қарағанда инвагинат анықталмайды, нәжісі 5-12 сағаттан кейін дұрысталады.
Екіншіден, рентгендік белгілер қалыпты болады: тоқ ішек толық ауаға толады, инвагинаттық көлеңкесі жоғалады, ащы ішекте біртіндеп ауа пайда болады.
Ауырған бала, ары қарай міндетті түрде дәрігердің байқауында болуы керек. Кейбір зерттеушілер консервативтік емнің толық көмегін білу үшін барий сульфаты ерітіндісін ішкізіп, 12 сағаттан кейін контрасттық зат арқылы ішек қозғалысын анықтап біледі.



- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz