Қазақ хандығының негізгі құқықтық ережелері


Slide 1

Жеті жарғы

Орындаған:Нұржан Арыстанбек

Тобы:ЮМ23/1к8

Slide 2

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. Қазақ хандығының негізгі құқықтық ережелері.

II. «Жеті Жарғы» немесе Тәуке ханның «Ережесі»

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Kіріспе

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды.

Slide 4

Қазақ хандығының негізгі құқықтық ережелері

Ханның ұлыс сұлтандары, билер мен жыраулардан тұратын кеңесі болса да, аса маңызды мәселелер (территория, дипломатия, тақ мұрагерлігі, әскери істер) «қаз» (жиын, мәслихат) деп аталатын жалпы халықтық құрылтайда шешілді. XV-VII ғасырларда қазақ қоғамындағы негізгі, реттеуші механизм Шыңғыс ханның «Жасақ» заңдары болды деген пікір бар. Шын мәнінде осы кезеңдегі қазақ қоғамы көне әдет-ғұрып заңдарын жетілдіре түсудің негізінде қоғамдық өмірдің жаңа ережелерін жасады. Бұлар - «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» атауларымен белгілі әдет-ғұрып заңдарының жинақтары. Мұхаммед Хайдар Дулатидің пікірі бойынша Қасым хан билікті нығайтып, қоғам өмірін реттейтін заңдардың қатаң сақталуына ерекше мән берген. Ол хандықтың барлық саласын қамтитын, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне негізделген жаңа заңдар жинағын енгізген. Оны халық «Қасым ханның қасқа жолы» деп атаған. Кейбір деректерге қарағанда бұл заңдар жинағы бес бөлімнен тұрған. Оған мүліктік, қылмыстық, әскери, елшілік және жұртшылық заңдары жинақталған.

Slide 5

Жеті жарғы-заңдар жинағы

XVII-XVIII ғасырларда қазақ мемлекетінің дамуында ерекше орын алатын «Жеті Жарғы» аталған әдет-ғұрып ережелері де әлеуметтік өмірді барынша әділетті реттеу қажеттілігінен туындайды. Оның «Жеті Жарғы» аталуының өзі Әз Тәуке заманында Түркістанда қызмет жасаған хан кеңесінің құрамына байланысты. Сонымен бірге, бұл заман мұсылмандық құқық ережелерінің, яғни «Шариғаттың» жанданған кезі, олардың әдет-ғұрып заңдарына ене бастаған уақыты да XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының тұсы.

Тәуке хан

Slide 6

Тәуке хан өз төңірегіне Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Cөйтіп, қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізді. Бұл оның халыққа кең тараған «Жеті Жарғысымен» байланысты еді. Ол тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және географиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл заңдарда сондай-ақ феодалдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілді.

Slide 7

«Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсыбір тиянақты пікір айту қиын; кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғысханның Ясасынан іздейді, енді біреулері Жеті жарғы Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Яса әдеттегі құқықтың жемісі болғандықтан, өз кезінде Ясаның құрамына кіріп, XVII ғасырдың аяғындағы қазақ қоғамы жағдайында өз маңызын жоғалтпаған оның дәстүрлі нормаларын Жеті жарғыны жасаушылардың ескергені, бірақ өз заманының талаптарына сәйкес пайдаланғаны табиғи нәрсе. Тегінде, Жеті жарғының негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы құқығын, сондай-ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға, негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери-саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне сәйкес келетін ережелер енгізілген. Жеті жарғыны жасау қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал шонжарлардың мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді.

Slide 8 Slide 9

«Жеті Жарғы» бойынша мемлекеттік билік ханның қолына шоғырландырылды. Ал елді басқару сұлтандар мен ру-тайпа көсемдері арқылы жүргізілді. Хандықтың маңызды мәселелері халық жиналыстары Құрылтайда талқыланды. Оған қатысушылар қарумен келуге міндетті еді.

Қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша: кісі өлімі, денеге зақым келтіру, зорлау, сабау, қорлау, балалық борышын атқармау, ұрлық, зинақорлық жасаған қылмыстар үшін түрлі жазалар бекітілді. Жаза түрлерінің бірі бойынша «қанға - қан, жанға - жан» қағидасы сақталды. «Жеті Жарғының» ең басты жаңалығы ол құн заңының белгіленуі еді. Яғни жазадан құн төлеу арқылы құтылудың жолдары белгіленді.

Өлім жазасы: әйелі ерін өлтіргені үшін, әйел өзінің некесіз тапқан баласын өлтіргені үшін, әйелдің зинақорлық жасағаны үшін, құдайға тіл тигізгені үшін берілді. Ол дарға асу немесе таспен ұрып өлтіру түрінде жүзеге асырылатын болды.

Slide 10

Құн мөлшері қылмыскер мен жәбірленушінің әлеуметтік жағдайына байланысты белгіленген. Қарапайым ер адамды өлтіргені үшін қылмыскер оның туыстарына 1000 қой, әйел адам үшін -500 қой беріп құн төлейтін болса, ал сұлтанды немесе қожаны өлтіргені үшін қарапайым жеті адамның құны алынды. Сұлтанға немесе қожаға тіл тигізу - 9 бас қойға, оларға қол жұмсау - 27 бас қойға бағаланды. Құлдың құны оның иесіне қыран немесе тазы ит беру арқылы төленді.

Денеге зақым келтіру де құн төлеу арқылы шешілді. Мысалы: бас бармаққа зақым келтіргені үшін - 100, шынашық үшін - 20 қой белгіленді. Ұрлық үшін ұрланған малдың немесе заттың құны «үш тоғыз» мөлшерінде өтелетін болған. Ұрланған жылқыға жылқымен қоса түйе, қойға - жылқы қосып қайтаратын болған. Бір түйе үш жылқыға немесе 10 қойға теңестірілді.

Slide 11

XIV ғасырда Қазақ жерінде болған мароккалық араб жиһанкезі Ибн-Батут құқықтық нормалар туралы былай деп жазған: «Олар малды бақпайды, күзетші жоқ, өйткені олардың соттары ұрлыққа қатал қарайды. Олардың соты: кімнен ұрланған жылқы табылса, оны иесіне қайтартқызады және жылқының үстіне оның тоғыз есе құнын төлетеді. Егер ол оны төлей алмаса, онда оның балаларын алады, егер де оның балалары жоқ болса, онда ұрының өзін қойша бауыздайды». Ибн-Батуттың тағы бір байқағаны мынау болған: «Менің бұл елдерден көргендерімнің ішіндегі аса бір таңғаларлығы, олар әйелдерді өте қатты сыйлайды екен. Түрік әйелдері бетін жаппайды».


Ұқсас жұмыстар
Керей хан Жәнібек хан
Қасым хан
Қазақ хандығының құрылуымен нығаюы
Қасым ханның қасқа жолы
Қазақ хандығы құрылуы, тұлғалар
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ХАНДАРЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ -
Қазақ сөзі
ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихы
Бұрындық хан
Есім ханның ескі жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz