ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ


Slide 1

Қызылорда, 2023

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ САПА САЯСАТЫ

Ф. Ә. Сәдір

Slide 2

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясат - барлық балалар үшін қолжетімді тең бастапқы мүмкіндіктер жасауға бағытталған. «Білімді ұлт» ұлттық жобасында мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту - білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі.

ЖАҢА МАЗМҰН - ЖАҢА ИДЕЯЛАР

Slide 3

Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес және халықаралық ұйымдардың ұсынымдары мен сапаны қамтамасыз ету саласындағы стандарттарды ескере отырып, білім беру мен оқыту сапасын арттыруға арналған құралдардың жиынтығын білдіреді, оның ішінде:

- жоғары білімнің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету Стандарттары мен Нұсқаулықтары (The Standards and guiedelines for quality assurance in the European Higher Education Area - ESG), - EQAVET (Кәсіби білім беру мен оқытудың еуропалық сапаны қамтамасыз ету жүйесі), - Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) ұсынымдары, - Ұлттық білім беру қауымдастығының (National Association for the Education of Young Children-NAEYC) ұсынымдары, - Білім беру инспекциясының (Education Inspection Framework - EIF) шеңберлері және т. б.

Сапа

Slide 4

Қазақстан Республикасында сапаны қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары:

Slide 5

Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру балаларға аса бай заттықкеңістіктік дамыту ортасын ұйымдастыру, балаларды оқыту үшін мақсатты ойынды пайдалану, балалармен қарым-қатынаста жұмыс істеу және олар үшін оларға үлгі-өнеге көрсету арқылы дамытуға жағдай жасаумен байланысты қалыптастырылуда. Балаларға арналған дамытушы бағдарлама баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы тиіс және академиялық бағытта болмауы керек . Осы бағытта, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірге жүргізіліп жатқан нысаналы бағдарламалық қаржыландыру шеңберіндегі «2021-2023 жылдары білім беру және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ғылыми жобасы еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын зерттеп, оның өлшемшарттарын әзірлеуді қарастырады.

2021-2023 жылдары білім беру және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ғылыми жобасы

Slide 6

ECERS-3 сапаны бағалаудың халықаралық шкаласы

2017 жылы мектепке дейінгі білім беру сапасын анықтау үшін Қазақстанда алғаш рет мектеп жасына дейінгі балалардың дағдылары мен дағдыларын дамыту индикаторларының жүйесі енгізілген болатын. Мониторинг нәтижелері бойынша 5-6 жастағы балалардың дағдыларының қалыптасу үлесінің динамикасы анықталады (2020 жылы 82% және 2017 жылы 62, 5%) . Алайда, бұл жүйе халықаралық және отандық тәжірибені ескере отырып, қосымша пысықтауды талап ететіні байқалады. Себебі, кӛрсеткіштер баланың ілгерілеуін бақылайтын педагогтың жұмыс құралынан рейтингтік сапа индикаторына айналып кеткен. Мектепке дейінгі ұйымдардың ӛзін-ӛзі бағалау құралдары педагогикалық процестің сапасын бағалау ӛлшемшарттарын қамтымайды. Сол себепті, зерттеу барысында Қазақстандағы балабақшалардың жай-күйін бақылау үшін ECERS-3 сапаны бағалаудың халықаралық шкаласы пайдаланылған болатын.

Slide 7

ECERS

3

баланың педагогпен өзара әрекеттесуі;

баланың эмоционалды дамуы;

баланың мүдделерін қолдау;

жеке көзқарасты күшейтуге назар аудару;

шкаласы

Slide 8

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін іске асыру

Өзгерістер. Жаңа мазмұн - жаңа сапа

«Өсу нүктелері, құзіреттілік орталықтары» пилоттық жоба.

Қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған эргономикалық шешімдер .

«Мектепке дейінгі ұйымда топта күні бойында екі педагог» апробациясы

2025 жылға дейін ел ауқымында метепке дейінгі білім беру сапасын тәуелсіз ұлттық бағалау жүйесін енгізуді көздейді.

Slide 9

«Топта күн бойында екі тәрбиеші» пилоттық жобаның күтілетін нәтижесі

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуына жағдай жасалады.

Баланың даралығы мен субьективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құруға жұмыс жасалады.

Ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Еркін ойын «Балаларды қарым-қатынасқа баулу» көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Таным білім беру саласы
Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелік құралдары
Оқу бағдарламалары
БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ
Мемлекеттік университеттер
Тәрбиешінің мінсіз тәрбиеші туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу
Музыкалық сабақтардың мазмұны, құрылымын жоспарлау және өткізу жолдары
Қазақтың тәлім - тәрбиесі
Балабақшадағы әдістемелік жұмыстың формасы
Сабақ оқытудың негізгі формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz