Антикалық мәдениет



Ежелгі Грек-Рим мәдениеті

Грек-Рим мәдениеті
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп төркіні “ежелгі”, “көне”, “қадым заман” мағынасын беретін “антиквус”деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т. б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемдік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары-көне заман тарихы ұғымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

Грек мектептері:Ежелгі грек мектептері үш сатылы болған. Олада көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Бірінші сатыда мектеп жасына дейінгі тəлім-тəрбие (3-7) беретін орын деп атаған, екінші сатыда 7-12 жасар балалар оқыған, ал үшінші сатыны "гимнасия" деп аталды. Ауқатты гректердің ұл балалары үш жасынан бастап үйде тəрбиеленді. Олар арнайы үй тəрбиешілерінен тəлім-тəрбие алып отырған. Тəлім-тəрбие беретіндер педагог-мұғалімдер. Тəрбиеленушілер сурет салуды, балшықтан əртүрлі ойыншықтар жасауды, үй тұрғызуды үйренген. Олар осы жасқа лайықты түрлі спорт ойындарымен де айналысты.
Грек ойшылдары, ғалымдары жəне ақын-жазушылары Шығыстың өркениетті елдерімен байланыста болған. Олар Шығыс елдерінің ғасырлар бойы жинақтаған тəжірибелерін пайдаланған. Шығыс елдеріндегі ғылымның жаңа табыстарымен табысып отырған. Гректер ертеден-ақ табиғаттың түрлі құбылыстарын бақылап, көптеген елдерге саяхат жасаған. Ежелгі Шығыс елдерінің ғылыми ой-пікірлерімен таныс болуы Грекияда табиғат жайлы ғылымның қалыптасуына жол жол ашқан.
Ежелгі грек-рим білімі мен ғылымының қалыптасуы

Антикалық мәдениет
Антикалық мәдениет (латынша «антигус» - көне, ежелгі) - ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Антикалық мәдениет, архаикалық Грекиядан бастау алады. Архаикалық мәдениет ежелгі грек мәдениетінің б. з. д. 7-6 ғғ. Қамтитын кезеңін бейнелеуге қатысты қолданылады. Оның әлеуметтік негізіне полистердің пайда болуы, антикалық құл иеленушіліктің қалыптасуы, жалпы гректік сауда орталықтарының өркендеуі, алфавиттік грек жазуының жазылуы жатады. Антикалық мәдениет 4 кезеңге бөлінеді:
1. Крит-Миной мәдениеті; Ежелгі Эллада мәдениеті;
2. Классикалық грек мәдениеті;
3. Эллиндік мәдениеті.

Гомер дәуірінің мәдениеті
Гомер дәуірінің мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі XI-VIII ғасырлар) Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен - Гомер кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі - біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр. Туған «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының құдіреттілігі де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды.

Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz