Психикалық үрдістер


Slide 1

Орындаған: Құнанбайқызы Жансая Қабылдаған: Изимова Р.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Slide 2 Slide 3

Психикалық үрдістер - жүйеленген және жүйесіз, ұғынылатын және ұғынылмайтын, даралық және әлеуметтік құбылыстардың, үлкен және шағын топтардың мінез-құлықтарының жиынтығы.

Психикалық үрдістер

Slide 4

Түйсік - адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т. б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И. П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі - сезім мүшесі (рецептор), екіншісі - миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі - мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды.

Slide 5

Түйсіктің топтары

1. Экстероцептивтік түйсіктер - бұл түйсіктер организмнің сыртында орналасады. Жататындар: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу.

2. Интотоцептивтік түйсіктер - бұл организмнің ішінде орналасады. Жататындар: дәм түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық органикалық түйсінулер (шөлдеу, қарны ашуы)

3. Пропраоцептивтік түйсінулер - бұл бұлшықетте, сіңіруде және нерв системасының ішкі жағында орналасады. Жататындар: дірілдеу, тамыр тартылып қалу.

Slide 6

Түйсiктердiң физиологиялық негiзi Түйсiк - дүние хақындағы бiздiң барша бiл iмдерiміздiң бастау көзi. Сезiм мүшелерiне əсер етушi объектив заттар мен құбылыстар тiтiркендiргiштер деп аталады да, ал олардың əсерiнен сезiм мүшелерiнде туындайтын құбылыс - тiтiркену деп қабылданған. Тiтiркенуден, өз кезегiнде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсiк жүйке жүйесiнiң қандай да тiтіркендiргiшке жауапты реакциясы ретiнде туындап, əрқандай психикалық құбылыс секiлдi рефлекторлық сипатқа ие.

Slide 7

Қабылдау- заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.

Slide 8

Қабылдаудың физиологиялық негiздерi

Қабылдау да түйсiк секiлдi рефлекторлы процесс. Оның негiзiнде қоршаған орта

заттары мен құбылыста- рының рецепторларға əсер етуiнен үлкен ми сыңарлары

қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр .

Ми қабығы бөлектерiне келiп түскен құрамды тiтiркендiргiштер күрделi талдаудан өтiп,

бiрiгiп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан ( фон ) бөлiп алынады,

сонымен бiрге оның барша қасиеттерi бiртұтас сапалық бейнеге бiрiкт iрiледi.

Slide 9

ЕС - бұл өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртатын психикалық функция.

ЕС процестері

Slide 10

Естің теориялары:

Ассоциативтік теория. Дүние заттары мен құбылыстарының есте

орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес,

өзара байланысты “топталған не тізбектелген” қалыпта жүреді. Осы

процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың

физиологиялық негізі - уақытша жүйке байланыстары түзіледі.

Нейрондық теория. Есте қалдыру мидың электрлік белсенділігімен,

яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір

жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес

іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт.

Slide 11 Slide 12

Зейін деп - айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсетеді: ”Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды”

Slide 13

Зейіннің түрлері

Ырықты зейін деп - адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде

күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз.

Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде

ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның

психологиялық күйі әсер етеді.

Үйреншікті зейін. Үйреншікті зейін деп - басында ырықты болып,

кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке

зейіннің аударылуы.

Ырықсыз зейін деп - адам мақсат қоймай-ақ

әсер еткен құбылыстарға назар

аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің

пайда болуына объективті және субъективті

факторлар әсер етеді.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Психиканың перцептивті сатысы
Әлемдік психология ғылымындағы негізгі бағыттар
Медициналық психология
Психикалық құбылыстар
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТИПТЕРІ
Психологияның басқа ғылымдармен байланысы
Түйсік негізгі заңдылықтары
Қиын және ерекше науқастар
Ішкіні бейнелеу
Психика және сана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz