Фторды бос күйінде алғаш француз химигі
Презентация қосу
Фтор
Фтор (Fluorum), F — элементтердің периодтық жүйесінің VII
тобындағы химиялық элемент, ат. н. 9, ат. м. 18,998; галогендер
тобына жатады.
Табиғатта тұрақты бір изотопы және жасанды жолмен алынған 5
радиоактивті изотопы бар. Фторды бос күйінде алғаш француз химигі
А.Муассан алған (1886). Оның улылығы сондай — Фторды алумен
айналысқан көптеген химик-ғалымдар (Г.Дэви, Т.Нокс, Д.Никлес,
П.Луйэ) қаза тауып, ал А.Муассон мен Г.Нокс мүгедек болып қалған.
Фтордың Жер қыртысындағы салмақ мөлшелері 6,25°10–2%, әр түрлі
тау жыныстары мен тұзды құмдар құрамында шашыраңқы түрде
кездеседі. Оның маңызды қосылыстарына: флюорит, криолит, топаз
жатады. Фтордың ерігіш қосылыстары суда (өзен суында 0,00002%,
мұхит суында 0,0001%), Са5(РО4)3F қосылысы организмдердің тісі мен
сүйегінде (0,02%) болады. Қалыпты жағдайда Фтор солғын сары түсті,
өткір иісті, улы газ, балқу t –219,61°С, қайнау t =188°С. Фтор
молекуласы екі атомнан тұрады (F2). Тотығу дәрежесі –1, өте активті,
қалыпты температураның өзінде көптеген элементтермен, оның
ішінде азот және ауыр инертті газдармен (He, Ne, Ar-нан басқа)
әрекеттесіп, фторидтер түзеді. Фтордың маңызды қосылысы фторсутек
, судағы ерітіндісі фторсутек қышқылы деп аталады (қ. Фтор
қосылыстары). Фтор органикалық заттармен әрекеттесіп, фтор-
органикалық қосылыстар түзеді. Фторды балқытылған фторидтерін
немесе фторлы сутекті электролиздеу арқылы алады. Ол фтор -
Физикалық қасиеті
F2 - жасылтым-сары түсті, өткір иісті, өте улы газ, -181,1°С-да сұйық, ал - 219,5°С-да қатты күйге көшеді.
Химиялық қасиеттері. Фтор бос күйінде өте белсенді бейметалл, инертті газдардың ішінде гелий, неон, аргоннан басқа заттардың
барлығымен әрекеттеседі. Электртерістілігі жоғары элементтердің бірі оттек (3,5) фтормен қосылысында оң тотығу дәрежесін
көрсетеді. 0+2F2 (оттектің фториді).
Кейбір жай заттармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін келтірейік:
F2 + Н2 = 2НF фторлы сутек
Фтор сутегімен тіпті караңғыда да шабытты әрекеттеседі. Металдармен әрекеттесіп фторидтер түзеді.
Ғ2 + 2Li= 2LiF литий фториді
Ғ2 + Cu = CuF2 мыс (II) фториді
Бұл реакциялар осы заттардың (Li, Cu) оттегімен және хлормен жүретін реакцияларына қарағанда шабыттырақ өтеді.
Химиялық қасиеті
Фторлы сутек (НҒ), бұл суда жақсы еритін зат, судағы ерітіндісі балқытқыш қышқыл деп аталады, өте улы зат, денеге тисе жазылмайтын жара
қалдырады. Қышқылдың балқытқыш деп аталуы, оның шыны ыдыс құрамындағы кремний оксидімен әрекеттесуінен шынының бүлінуіне
байланысты қойылған, сонда мына реакция жүреді.
4НҒ +Si02 = SiF4+ 2Н20
Сондықтан бұл қышкылды шыны ыдыста сақтауға болмайды, ол үшін полиэтиленнен жасалған ыдыстар қолданылады.
Фтордың грекше аты «фторос» - бүлдіру деген мағынаны білдіреді, ол өте агрессивті газ. Фторды бос күйінде алуға тырысқан көптеген
ғалымдар оның осы қасиетінен зардап шекті. Фторды 1886 ж. Г. Муассон ашты, алғаш рет оны бос күйінде алды. Фтор бос күйінде белінуі үшін
мына үдеріс жүру керек:
Ғ- - е -->Ғ0
Табиғатта таралуы
Табиғатта фтор тұздар күйінде кездеседі. СаF2 - флюорит,
балқытқыш шпат, 3NaF • AlF3 - криолит, ЗСа3(РO4)2-СаF2 -
фторапатит. Адамдар мен жануарлардың сүйектерінің және тіс
кіреукесінің құрамында да фтор бар.
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Фтордың кейбір қосылыстары медицинада, тоңазытқыш заттар
(фреон),
өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттар(гербицидтер)
синтезінде қолданылады. Балқытқыш қышқыл шыны заттардың
бетіне өрнек салу үшін пайдаланылады.
Фтордың алынуы
Фторды апатиттен немесе фосфориттен алады. Фторды бос күйде алу
үшін құм және көмірмен араластырып электр пеште 15000 –қа дейін
қыздырады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz