Қазіргі қазақ әдеби тілі


Slide 1

Қазіргі әдеби тілге тән

басты белгілер, даму сипаты

Slide 2

www. ZHARAR. com

Қазіргі қазақ

жазба әдеби тілі

сан ғасырлық тарихы бар,

дамудың әлденеше сатысынан өткен

дамудың әлденеше

сатысынан өткен

бүгінгі таңдағы қоғамда

басты рөл атқаратын

құрамы күрделі

функциясы алдыңғы уақыттың кез

келгенінен қарағанда күрделенген тіл

бүкіл интеллектуалдық байлық

пен адамдар

арасындағы қарым-қатынасты,

олардың эмоциясы

мен түрлі дәрежедегі

экспрессиясын жеткізудің

құралы ретінде үнемі жетіліп

отырған, толығып, толысқан тіл

Slide 3

Қазіргі қазақ әдеби тілі:

Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық қызметі - қоғамның ауызекі және жазба түрдегі қарым-қатынасын қамтамасыз ету, қоғамдық қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін қызмет ету.

Қазіргі қазақ әдеби тілі - өміршең тіл. Өйткені қазіргі қазақ әдеби тілі өткеннің ізін, тілдік дәстүрі мен байлығын, тарихи мұраларын сақтай отырып, кез келген өзгерістерді тез қабылдап, қоғам мен уақыт талабына сай өзгере алатындығын көрсетті. Әдеби тілдің өзі - жалпыхалықтық тілден өзгешелігі бар ерекше құрылым күйінде алдыңғы ұрпақ қалдырған мұра. Сондықтан әрбір ұлттың әдеби тілінің өзіндік ерекшелігі бар және өзіндік тарихы бар.

Қазақ әдеби тілі қазақ қоғамының барлық сфераларын қамтитындықтан көпвалентті, әркімге де міндетті, нормаланған, стильдік жағынан айырымы бар тілге жатады.

Slide 4

Қазіргі қазақ әдеби тіліне тән белгілер:

Ауызекі сөйлеу тіліне, оның ішінде аймақтық және әлеуметтік диалектілерге қарама-қарсы қойылған тілдік құбылыс;

Қазіргі қазақ әдеби тілі жазу арқылы бекітілген, дәйектелген тіл және оған дәстүр жалғастығы, сабақтастығы тән, сондықтан әдеби тілдік мәтіндердің әр түрі бар.

3. Нормаларының жиынтығы бар және олар көпке міндетті. Атап айтқанда, нормалар ресми іс-қағаздары, орта және жоғары мектептегі оқу үрдісі, жазбаша/тұрмыстағы қарым-қатынас, ғылым, публицистика, көркем әдебиет, тіл арқылы жеткізілетін мәдениеттің барлық саласы үшін міндетті;

Slide 5

Қазіргі қазақ әдеби тіліне тән белгілер:

Қалыптанған (кодификацияланған) тіл;

5. Ауызекі тіл мен жазба кітаби тілдің өзара ықпалдасуының нәтижесі. Әрине, жазба тілдің ауызекі сөйлеу тіліне әсері басым.

6. Әдеби тілдегі түрлі үрдістер әдеби тілдің эволюциясымен үндесіп жатады, сонымен бірге қазіргі қазақ әдеби тіл түрлі дәрежедегі өзгерістерді қабылдай отырып, тұрақтылығын сақтап отырған тіл; -Қазақстан Республикасының территориясында мемлекеттік тіл функциясын атқарып отырған тіл;

-стильдік тармақтары жетілген тіл.

Slide 6

Қазіргі қазақ әдеби тіліне тән белгілер:

7. Орыс және ағылшын тілі секілді дүние жүзіндегі халықаралық тілдермен қатарласа өмір сүріп, олардың әсерін қабылдап отырған әрі тіл тазалығы үшін күресіп отырған тіл.

8. Қазіргі қазақ әдеби тілі өмір сүріп жатқан дәуір ғылыми-техникалық жаңалықтар дәуірі болғандықтан, түрлі салалық терминдерді қабылдаған тіл. Ауызекі қарым-қатынаспен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды түрлерінің қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етіп отырған тіл.

9. Қазақстан Республикасының территориясында мемлекеттік тіл функциясын атқарып отырған тіл;

Slide 7

Қазіргі әдеби тілімізде «қауым» сөзінің орнына «қоғам», «көпшілік» деген сөздер береді де, ал «қауымның» мағынасы ол кездегіден едәуір тарылып, белгілі бір стильде ғана «бұқара, көпшілік» деген мағыналарда қолданылып жүр. Қауым деген сөз газетте қазіргі тіліміздің «қоғам» дегеннің орнына (орыс тіліндегі «общества» деген сөздің баламасы ретінде ) қолданылған.

«Бөлме» сөзі газеттерде орыстағы «отдел, отделение», «участок» дегендердің баламасы ретінде қолданылса (технишески бөлме-технический отдел, исаб алу бөлмесі -переписной участок, бөлме бастығы -зав. Участком, бөлме-отделы выставки т. т. ) қазіргі тілімізде ол үйдің ішкі бөлігі» мағынасында ғана қолданылады . Жоғарыдағы мағынаны қазір көбінесе « бөлік» деген сөз беріп жүр. Осы тәріздес қазір мағынасы өзгерсе сөздерге кесім (востановление), белгі (указание ) т. б сөздерді келтіруге болады.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жазба тілін сипаттайтын тілдік деректер
Түркі тілдері
СӨЗДІҢ ФУНКЦИОНАЛД
ӘДЕБИ ТІЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ НОРМАЛАРЫ
Әдеби тіл жайында түсінік
Тіл білімі
Халық ауыз әдебиетін оқыта отырып, оқушыларды шығармашылық өнерге баулу
Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол
ӘДЕБИ ТІЛГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология пәнінің қарастыратын мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz