ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІБИ


Slide 1

ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ

Орындаған:Аманжан Т. Н. КФ-31-21.

Тексерген:Медиева С. Х.

Slide 2

1. Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар

2. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті:мәні, өзгешелігі, өзара

байланысы.

3. ’’Құзыреттілік’’, ’’құзырет’’, ’’құзыреттілі тәсілі’’, ’’мұғалімнің кәсіби-педа-

гогикалық құзыреттілігі’’ ұғымдарының мәні

Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық өсуінің қазіргі заманғы формалары

Slide 3

Білім мен тәрбие беру-қиын да қастерлі еңбек. БҰЛ ЖОЛДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАЛМАЙ, ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕКТЕНІП, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНУДІ, ҮЙРЕНУДІ АСЫЛ МҰРАТЫНА, БИІК ПАРЫЗЫНА АЙНАЛҒАНДА ҒАНА ЖЕТЕ АЛАТЫНЫ СӨЗСІЗ. ШЕБЕР МҰҒАЛІМДЕР ҒАНА ЗЕРЕКТІК ПЕН ЗЕРДЕЛІКТІ СОМДАП, РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ, ӨЗ МАМАНДЫҒЫН ТЕРЕҢ МЕҢГЕРІП, ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚАБІЛЕТТІ, МӘДЕНИЕТТІ, ӨНЕГЕЛІ, ЗАМАН ТАЛАБЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРА АЛАТЫН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ХАЛҚЫНЫҢ СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛЫП ‘’ҰСТАЗ-МҰҒАЛІМ’’ ДӘРЕЖЕСІНЕ КӨТЕРІЛЕ АЛАДЫ.

Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын талаптар:

-қоғамның алдыңғы қатарлы идеаларын игеру;

-жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы;

-педагогикалық байланысты пәндерден-психиологияны, ЖПП физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек;

-оқытатын пәнін соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білуі керек;

-жұмысына шығармашылық көзқарас;

-баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім оптимизм;

-педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей білу;

-педагогтік әдептілікті, тактіні меңгеру;

-балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік.

Slide 4

Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиында жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалып отыруы керек.

Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Мұғалімдерге қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу, заңды түрде аптасына 2 күн демалыс берілуі тиіс. Мұғалім сонда ғана шәкірттерінің өз бетімен білім алуына ықпал етіп, ынталы оқушыға әрдайым ақыл-кеңес бере алады.

Slide 5

Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін мұғалімдер рухани тоқыраудан сақтанып көп ізденуі керек. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Болашағын қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің азаматтық рухани парызы мен борышы

Slide 6

Мұғалім қызметінің табысты болуы-оның өз қызметінің мәнін жете түсінуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көз-қарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қарым-қатынасын тәрбиелейді.

Slide 7

Педагогтің кәсіби-құзыреттілігі-өскелең оқыту мен тәрбие көрсеткіші. Міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейлерінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді. Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі-мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру болып табылады.

Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі-жалпы мәдениет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мүддесін қанағаттандыру мақсатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан-жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бұл тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз.

Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет пен амалдарды қолдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым-қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасақан адам ғана өзгеден де соны көріп, дамыта алады. ӨФзін маман әрі жеке тұлға ретінде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз “менің”қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын және жетілу деңгейін байқатады.

Slide 8

Педагогикалық рефлексия-бұл тек өзіне және өзінің іс-әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалық, қарым-қатынасқа түскен өзге жандардың даөз-өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін-өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.

Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығында. Өзін-өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс-әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалық, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз қызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қызметтерді сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын таббуына көмектеседі. Қиындықтар мұғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық процестің кез келген буында пайда болып отырады. Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық құрамдас бөліктерден тұрады.

Slide 9

Мазмұндық құрамдас бөлік

Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады. Педагогтың жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған. Ал өз білімін психологиялық-педагогикалық жағынан көтеруі-педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалық тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз қызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалімнің өз бетінше кәсіби білім алуының мазмұндық компоненттерінің әрқайсысы әртүрлі деңгейде қалыптасқан болып, соның нәтижесінде барлық өз бетінше білім алу қызметі көп деңгейлі білім алу ретінде көрінуі мүмкін.

Қазіргі заман талаптарына сай мұғалімдерді даярлауда жаңа мақсат-міндеттер қойылып отыр. Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуды мәселелерін шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиісті.

Slide 10

Мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдіруде 2 негізгі міндетті орындау қажет.

1 мәселе-ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі;

2 мәселе-дидактикалық даяырлығын арттыру.

Slide 11

Мақсатты және бағдапламалық-мақсаты тәсілдерді дамыту педагогикалық оқу орындарының мұғалімнің тәрбиелік міндеттерінің көбеюі және оқу орын қабырғасында жүрген осы қажеттіліктер ауқымын нақты игеру мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған.

Дидактикалық дайындық-кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы.

Болашақ мұғалім-тәрбиеші жұмысының мазмұндық және міндеттік қырларын нақтылау факультет пен -мамандық ерекшелігі ескеріліп, қажетті және мәліметтерді таңдау алу негізінде жүргізілуі қажет.

Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына жататындар:олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері.

Slide 12

Жас мұғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар негізінен олардың мынандай іс-әрекеттерінен байқалады:

-ұстаздық қызметінің мазмұны мен құрылымдық, жағына байланысты іс-әрекетінде;

-оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде;

-дарынды балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеу әрекетінде.

Жас мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін жете меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр. Оғвн мыналар жатады:

-ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;

-білімнің мазмұнын игеру ісі;

-оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психлологиялық ерекшеліктерін анықтау ісі;

-сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;

-сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;

-оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі;

-оқушыларды білімге ынталандыру қызықтыру іс-әрекеті;

-оқушылардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті;

Жас мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:

-оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар;

-оқушылардың оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар:дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиындықтар.

Slide 13

Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған «Жаңа формация маманы болу - білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі болып табылады. Бүгінгі күнде экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды

Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.

Slide 14

Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты

білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.

Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса,

оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында

тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше

көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Құзырлылық-белгілі сала бойынша

жан-жақты хабардар, білгір деген

мағынаны қамти отырып, қандай да

бір сұрақтар төңірегінде беделді

шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Slide 15

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары:

Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.

Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.

Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.

Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті

Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі

Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Slide 16

К. Құдайбергенова құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазған. Кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер - мұғалімнің, жаңашыл - мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады. Бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы, өзіндік іс - әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.

Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік - қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», - делінген. Дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік пен оның кәсіби дамуға бағытталған жұмыстары ғана жаңашылдық кепілі болады.

Slide 17

Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым деп көрсеткен К. Құдайбергенова. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Педагогтың жеке тұлғасы
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі, үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
Мұғалім жеке тұлға – оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі
Әрбір мұғалімнің кәсіби
Мұғалімнің теориялық дайындығы
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
БАСҚАРУ ТУРАЛЫ АФОРИЗМДЕРІН ЖИНАП, ӨЗІНДІК ТАЛДАУ ЖАСАУ
Әмбебап мұғалім
Мұғалімнің жеке тұлғасы-оның кәсіби қызметінің негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz