Шешендік өнерді насихаттау жолдары



Шешендік өнерді насихаттау жолдары
Дайындаған: № 16 жалпы білім беретін орта мектебінің
7В сынып оқушысы
Салижонов Шахрубек

Зерттеудің мақсаты:
Сөз өнерінің өрісін кеңейту, және келешекке керек кемел істердің нақты бағыттарын айқындау.
Міндетттері:
Сөз өнеріне баулу
Ойды нақты жеткізе білуге жағдай жасау
Шешен өнеріне деген қызығушылықты арттыру

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Шешендік өнер қазіргі кезеңде барлық оқу орындарында, оның ішінде мектеп бағдарламаларына толықтай енгізілуі қажет. Бұл бүгінгі өмірдің талабы.
Болжам: Егер біз шешендік өнерді күнделікті өмірде жиі қолданатын болсақ, келер ұрпақтың білім-ғылымға деген құштарлығы, ынтасы арта түсер еді.

Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика деп атайды. Риторика ғылымының негізін салушылар Протагор және Сократ, Платон болған. Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған, оның астанасы- Афины. Солардың ішінде Лисий, Исакрат, Демосфен атақты шешендер болған. Демосфеннен 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталған. Алғашқы шешендер, философтар, саясаткерлер, қолбасшылар, қоғам қайраткерлері, атақты мемлекет қайраткерлерінің арасынан шыққан. Шешендік өнер Грециядан кейін Рим мемлекетінде дамыған, онда Красс, Анатия, Кортенция бастаған атақты шешен қолбасшылары болған. Францияда шешендік қақтығыстар мен таптық шайқастарда дамып қанат жайған. Францияда Жан Поль Марат, Максимилиан Робеспьер, Ресейде В. И. Ленин және Луначарский өзінің шешендігімен көзге түскен. М. Ломоносов «Краткое руководство к красноречию»деген еңбегінде орыс шешендік өнері туралы жазған
Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика деп атайды. Риторика ғылымының негізін салушылар Протагор және Сократ, Платон болған. Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған, оның астанасы- Афины. Солардың ішінде Лисий, Исакрат, Демосфен атақты шешендер болған. Шешендік өнер Грециядан кейін Рим мемлекетінде дамыған, онда Красс, Анатия, Кортенция бастаған атақты шешен қолбасшылары болған.

Қазақтардың шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енисей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М. Қашқари, Баласағұни А. Иүгники, С. Сарайи, Құтып, А. Хорезм айтқан даналық сөздер табылған.

VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата - ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы, шешен.
Қорқыт ата

Цицерон
Римнің ұлы шешен ділмары - Марк Тулий Цицерон (б. ғ. д. 10643)
Цицеронның мәлімдеуінше, Римде сөз құдыретіне ие болған адамға тәңіріндей табынған. Олар “адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі - қолбасшылық, екіншісі - шешендік” деп білген.

Көне Грецияның шешендерінің бірі - Демосфен, (б. з. д. 384-322 жж. ) . Шешендік өнер Демосфен өмірінің мәні болды, ол оны аталмыш өнердің ұстазы етіп шығарды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегіне жеткізді. Ол өзінің болмысы арқылы Цицеронның “Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзін дәлелдеп шықты.
Демосфен

Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:
1. Майқы би мен Аяз биден басталады. 12-13 ғасыр.
2. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі. 14-16 ғасыр.
Осы екі дәуірдің шешендерін «Ел құрасқан шешендер» деп атайды.
3. 17-18 ғасыр «Ел қорғасқан шешендер» Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын атайды.
4. 18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ.
5. 19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым батыр шешендіктері.

Шешендік сөздердің үш түрін анықтайды: шешендік арнау, шешендік толғау және шешендік дау.
Шешендік арнауға жататындар:1. Бата, 2. Сын сөздер, 3. Көңіл айту 4. Жұбату. 5. Естірту, 6. Сыңсу, 7. Әзіл оспақ, 8. Сәлем сөз
Шешендік толғауға жататындар:
1. Нақыл сөздер 2. Мақалдар 3. Жаңылтпаштар 4. Мысалдар 5. Жұмбақтар 6. Жарапазан 7. Қанатты сөздер
Шешендік дауға жататындар:
1. Ердің құны 2. Жер дауы. 3 Жесір дауы 4. Ар-намыс дауы. 5. Отбасы дауы. 6 Халықтың ар-намыс дауы.

Шешендік өнерді зерттеп, окулық жазған Г. З. Апресян қазіргі шешендікті мазмүнына қарай былайша бөледі:
1) Әлеуметтік-саяси мәндегі шешендік (баяндамалар, саяси сөздер, дипломаттық сөздер, әскери-патриоттық сөздер, үгітші сөздері) 2) Академиялық шешендік (дәрістер, ғылыми баяндамалар) 3) Сотта айтылатын шешендік (айыптаушының, қорғаушының сөздері) 4) Әлеуметтік тұрмыста қолданылатын шешендік (мерейтойда айтылатын мақтау сөздер, құттықтау сөздері) 5) Діни қызметте қолданылатын шешендік (діни уағыздары) .

Мектебімізде сыныптастар арасында және сегізінші орыс жіне қазақ сыныптары арасында төменде берілген сұрақтар бойынша сауалнама өткіздім
(100 оқушы) :
Қазақтың шешен адамдарын білесіз бе? Атап өтіңіз.
Шешендік сөздерді жатқа білесіз бе? Айтып беріңіз.
Шешендік өнердің қазіргі жастарға қажеті бар ма? Дәлелдеңіз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz