Зергерлік тастар




Презентация қосу
Асыл тастар
Асыл тастарға жалпы мәлімет

• Асыл тастар — минералдар мен тау жыныстарының көркем
бұйымдар және зергерлік әшекей заттар жасауға пайдаланылатын
ерекше тобы. Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі
жарық сәулесін сындырып, шашырата алатындай оптикалық
қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады.
Мұндай тастардан жасалынған бұйымдар атадан балаға мұра
болып қалып отырады, сондықтан олар механикалық және
химиялық әсерлерге төзімді болуы керек.
Асыл тастардың бөлінуі:
• Асыл тастардың құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік-
әшекейлік және әшекейлік болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде
зергерлік және зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктеледі.
• Зергерлік тастар:
• І қатар – қызыл лағыл (рубин), зүмірет (изумруд), алмас, көк жақұт
(көк сапфир);
• ІІ қатар – александрит, қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл
қара опал, асыл жадеит;
• ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ және оттай қызыл опал, көгілдір
зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин;
• ІV қатар – хризолит, циркон, кунцит, ай тас (адуляр), күн тас
(ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп,
альмандин, бирюза, аметист, хризопраз, цитрин.
Замартас (Изумруд)
• Замартас – минерал, силикаттар класына жататын
берилдің жасыл мөлдір түрі. Химиялық формуласы
Bе3Al2[Si6O18]. Гексогендік сингонияда
кристалданып, ұзынша призма, баған пішінді болып
түзіледі. Әдетте, жеке кристалл түрінде кездеседі,
сирек друзалар түзеді. Ең ірі кристалл 1974 жылы
Бразилияда табылған, оның салмағы 28,2 кг.
Құрамында аздаған хром қоспасы (Cr2O3) болуына
байланысты түсі қою жасыл, шыныдай жылтыр.
Қаттылығы 7,5 – 8,0, меншіктік салмағы 2,6 – 2,9
г/см3. Замартас кристалдарының ірілігі 0,5×3,0 см-ден
35×45 см-ге дейін, салмағы 5 – 30 каратқа дейін
жетеді.
Рубин
• Рубин - латынша rubens, rubinus - қызыл деген мағынаны
білдіреді. Al2O3 минералы, корунд сыныбына жатады.
Қаттылығы - Моос шкаласы бойынша - 9, тығыздығы 3, 97 - 4,05
г/см аралығында. Қызыл шпинелден кристаллдарының
формасына қарап айырамыз, кейбір жағдайларда микроскоп
арқылы ғана айырып білуге болады. Қызыл түске ие болуының
себебі - құрамында хромның қоспасы бар.
Турмалин
• Турмалин — силикаттар класының борлы
силикаттар тобына жататын минерал. Химиялық
формуласы (N3, Са)(Мв, А1)6ӀВ3А135і6(0, ОН)30]
Сингониясы — тригондық, кристалдары — бағана
тәрізді, агрегаттары — сояу, радиал-сәулелі,
талшықты. Түсі — қызыл (рубеллит), қара (шерл),
көк (индиголит), жасыл (верделит), түссіз,
жылтырлығы — шыныдай, каттылығы — 7—7,5;
жіктілігі жоқ, меншікті салмағы — 2,90—
3,25.Пегматиттерде, гидротермалық кендерде,
метаморфиттер мен метасоматиттерде кездеседі. Т.
зергерлік істе, радиотехникада, оптикада
қолданылады.
Янтарь

• Янтарь (литв. gentaras – ағаш шайыры) –
палеоген - неоген кезеңдерінде өскен қылқан
жапырақты ағаштардың шайырларынан түзілген
органикалық қосылыс түріндегі минерал.
Химиялық формуласы: C40H64O4, құрамы (%-
бен): С – 79,0; Н – 11,0; О – 10,0 және аздаған
күкірт қоспасы бар. Минералдық түрлері:
сукцинит, глессит, бокерит, кранцит, стантинит.
Минералдық агрегаттары қатпар, тамшы,
сталактит түрінде келеді. Түсі сары қызыл, сары,
қоңыр, жылтыр, мөлдір, жарықты жақсы
өткізеді, аморфты, шытынап сынады.
Зергерлік-әшекейлік тастар:

• І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит, янтарь, түтін түстес
және түссіз тау хрусталі;
• ІІ қатар – агат, амазонит, күрең қызыл гематит, құбылма дала
шпаты, обсидиан, эпидот.
• Әшекейлік тастарға яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа
айналған ағаш, лиственит, өрнекті кремень, пегматит,
авантюринді кварцит, флюорит, селенит, агальматолит, түсті
мәрмәр, т.б. жатады.
Алтын өндірісі Қазақстанда
• Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында алтын өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
17,5% - ға өсіп, 30,4 тоннаны құрады.

• Бұл металдың экспорты 16,6% - ға, 1 тоннаға дейін төмендеді. Ең қымбат металл Ресейге жіберілді-
900
кг.

• Ал импорт, керісінше, 1,9 есе, 2,5 тоннаға дейін өсті. Қазақстанға алтын Ресейден жеткізілді.

• Сонымен бірге, елде күміс өндірісі аз болды – 344,3 тонна (-1,2%).

• Бұл ретте оның экспорты 0,4% - ға, 317,8 тоннаға дейін ұлғайды. Ең ірі металл сатып алушы
Ұлыбритания болып қала береді – 271,9 тонна. Түркия мен АҚШ та сатып алды, бірақ сәйкесінше
28,2 тонна және 16,5 тонна.

• Күміс импортымен кері сурет пайда болды. Жеткізу 20 еседен астамға, 500 кг-ға дейін қысқарды.
Қазақстан бұл металды Ресей мен Италияда сатып алды.
Күміс өндірісі Қазақстанда

• 2022 жылы елімізде барлығы 1 мың тонна күміс өндірілді, бұл 2021 жылмен
салыстырғанда 0,6% - ға артық.

• Сонымен қатар, күміс экспорты 0,6% - ға төмендеді. Бұл тауардың ең ірі
сатып алушысы Ұлыбритания болды (860,6 тонна). Бұл тізімде Үндістан
(99,1 тонна), Швейцария (17,2 тонна) және Өзбекстан (12,7 тонна) бар.

• Бұл ретте алтын өндірісі сол кезеңде 12,8% - ға өсіп, 129,5 тоннаны
құрады.

• Бұл металдың экспорты 6,1% - ға (4,6 тонна) өсті. Ең қымбат металл
Қырғызстанға (2,3 тонна), Ресейге (2,2 тонна) және Өзбекстанға (0,1 тонна)
жөнелтілді.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Бағалы металдар мен тастар нарығы
Қолданбалы өнер
Бейнелеу өнерінің терминдері мен түсініктері
Изумруд минерал, Берилл тобының асыл тастары
Валюталық операциялардың есебі
Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат
Қазақ өнерінің дамуы
Кепіл міндеттемені орындауын қамтамасыз ету әдісі
Сырт киім
Мұсылман мәдениеті
Пәндер