Экономикалық жүйенің жіктелуі




жоспар
Қоғамдық өндіріс және оның факторлары.
Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Экономикалық институттар: жекеменшік және кәсіпкерлік. Олардың ролі және ерекшеліктері.
Экономикалық жүйелердің типтері және заңдылықтары мен дамуы.

Мақсат:
Қоғамдық өндірістің жалпы негізі.
материалдың факторлардың адамзат өміріндегі маңызды, шешуші рөлі жайында, түсінік беру,
Шикізаттар, олардың шектеулігі.
қоғамдық өндіріс құрылымын,
экономикалық институттар ерекшеліктерін және
өндіріс күшінің мәнін,
жекеменшік және кәсіпкерлікке мінездеме беру,
экономикалық жүйе және олардың даму заңдылықтарына түсінік беру.

Өндіріс бұл адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты қызмет.
Бұл процесте өндірістің негізгі факторлары қызмет атқарады
еңбек
капитал
жер
кәсіпкерлік.

Жер (табиғи ресурстар) - тауар өндіру мен қызмет көрсету үшін жұмсалатын байлықтар. (тірі табиғат, минералды және орман ресурстары) .
Жерді пайдаланған үшін, төленетін баға рента деп аталады.

Еңбек (адам ресурстары) - өндіріс процесінде жұмсалатын физикалық және ой күші.
Еңбек үшін төленетін баға - еңбекақы.

Капитал - тауар өндіру мен қызмет көрсету үшін адамдардың өздері жасайтын заттар мен құралдар. (Фабрикалар, машиналар, әртүрлі құрал жабдықтар) .
Капиталды қолданған үшін төленетін ақы пайыз деп аталады.

Кәсіпкерлік - тауар өндіруде және қызмет көрсетуде барлық фирмалар үшін қажет басқару және ұйымдастыру дағдылары. Жер, еңбек және капитал ресурстарын тиімді жүргізсе онда ол пайда береді, ал керісінше болғанда ол, шығынға отырады.
Барлық шығындарды төлегеннен кейін қалатын сома кәсіпкерлікте - пайда болып табылады.

Қоғамдық өндірістің маңызды түрі:
Өндірістің тиімділігін арттыру.
Өндірісте адамға бірқалыпты жағдай жасау.

Өндіріс нәтижесі болып адамның материалдық және материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Маркстік терминология бойынша өндіріспен байланысты келесідей түсініктерді көруге болады:
өндірістік күштер,
өндірістік қатынастар.

өндірістік күштер - адамның өз өндірісі мен тұтынуы үшін бейімдей алған күштер.
Табиғи
(табиғи ресурстар, адамның физиологиялық мүмкіндіктері)
Қоғамдық
(Өндіріс
құралдары, жұмыс күші)
Жалпылық (ғылым, білім, мәдениет)

Қоғамдық өндіріс нәтижесінде қоғамдық өнім қалыптасады. Өз қызметінде қоғамдық өнім бірнеше кезеңдерден өтеді:
өндіріс
бөлу
айырбас
тұтыну.
өндірістік қатынастар - өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастар.

Қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесі - Қоғамдық ұдайы өндіріс болып табылады.
Жай ұө - өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда қайталануы. Алынған табыс толық жеке тұтынуға жұмсалады.
Ұлғаймалы ұө - өндіріс процесінің көбейтілген ауқымда қайталануы. Алынған табыстардың бір бөлігіне ресурстар, ал бір бөлігіне өндіріс процесі қайта жаңғыртылады.

Ұдайы өндірістің ұлғайған типі
Интенсивті
Аралас
Экстенсивті
Техника мен технология жетілдіру нәтижесінде өндірістік потенциал ұлғаяды.
Өндіріс қуатын өндіріс факторлары санын және Техника мен технология жетілдіру нәтижесінде ұлғайту.
Өндіріс қуатын өндірістік факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

Институт - дегеніміз бірыңғай жинақталған адамдардың ережелерінің формальды және формальды емес ережелері.
Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.

Жеке меншік өзінің әріптестерімен заңды келісім жасай отырып, жеке тұлғаларға немесе кәсіпорындарға материалдық ресурстарды өз қалауларынша тауып, бақылап, қолданып және жүзеге асыруға ерік береді.
Жеке меншік институты ғасырлар бойы мұра құқығымен қуатталады, яғни жеке меншік иесі болып әкесі одан соң баласы мұрагер болып қалады

Меншік субъектілері
жеке тұлғалар
отбасы әлеуметтік топ
өндірістік ұжым
халық
басқару органдары

Меншік объектілері
өндіріс құралдары
мүлік
ақша
құнды қағаздар
ақпарат
интеллект
жұмыс күші

Меншік құқықтары:
иелік ету құқығы яғни игіліктерге айрықша нақты бақылау жасау құқығы.
пайдалану құқығы яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы.
басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім және қалай қамтамасыз ететінін шешу құқығы.
табысты алу құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нәтижелеріне иелік ету құқығы.

егемен құқығы яғни игіліктерді шеттету, пайдалану өзгерту немесе жою құқығы.
игіліктерді мұраға қалдыру құқығы.
игіліктерді шексіз пайдалану құқығы.
сыртқы орта зиян тигізетін тәсілмен пайдалануға тыйым салу.
өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы яғни игілікті қарызды өтеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі.
бұзылған құқықтардың қалпына келтіруін қамтамасыз ететін тәртіптер мен институттардың болу құқығы.

Меншік түрлері:
1. Жеке меншік
2. Ұжымдық меншік:
а) серіктестіктер
ә) кооперативтік
б) акционерлік
в) ортақ өндіріс болып бөлінеді
3. Мемлекеттік
4. Жалдамалық
5. Шет елдік фирмалармен бірлескен

Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процестермен байланысты.
Мемлекет иелігінен алу - мемлекеттік меншіктік өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.
Мемлекет иелігінен алу монополизмді жеңуге бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасында Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру

Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдармен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлік шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты.

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандайда болмасын түрімен айналыса алады. Олар: *шаруашылық - өндірістік, *сауда - көтерме және бөлшек сауда, *жаңартпа шылық, *көрсетілетін консультациялық қызметтер *коммерциялық делдалдық, *құнды қағаздар операциялары.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
Қазақстанның азаматтары;
Шетел мемлекетінің азаматтары;
Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы)

Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар - ақша қатынастары, тауар - айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруге байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz