Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері


Slide 1

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері

Slide 2

Дәріс сұрақтары:

Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні, дерек көздері, әдістері.

Әкімшілік құқық бұзушылық: түсінігі, құрамы.

Әкімшілік жауаптылық: түсінігі, түрлері.

Slide 3

Әкімшілік құқық - мемлекеттік басқарудағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықты белгілейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының саласы.

Slide 4

Әкімшілік құқық мәні атқарушы өкімет органдарының (Үкімет, министрліктер, әкімдер және басқалар) мемлекеттік басқару аясында өз міндеттері мен қызметтерін тікелей жүзеге асыруына байланысты қоғамдық қатынастардың жиынтығын құрайды.

Slide 5

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:

1) Мемлекеттік әкімшіліктің тиімді қызметіне жағдай жасау;

2) Азаматтардың, мемлекеттің, қоғамның қауіпсіздігн қамтамасыз ету;

3) Жүзеге асырылуы атқарушы билікпен байланысты азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау;

4) Экономиканы дамытуға жағдай жасау;

5) Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

6) Азаматтарды және қоғамды мемлекеттік әкімшіліктің өзіндік билігінен, немқұрайдылықтан және билікті заңсыз пайдалануынан сақтауды қамтамасыз ету.

Slide 6

Қоғамдық және мемлекеттік басқарудың өкілетті органдары, сондай-ақ әкімшілік соттар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген шараларды қолданылады. Әкімшілік құқық іс жүзінде құқықтық реттеудің барлық әдістемелерін пайдаланады. Әкімшілік-құқықтық нормалар мен қоғамдық қатынастарға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді әдістеме деп түсінеміз.

Slide 7

Әкімшілік-құқықтық әдістерге мыналар жатады:

- тапсырма беру - бұл субъектінің әкімшілік құқықпен белгіленген қандай да бір нақтылы әрекетті жасау міндеті;

-рұқсат ету - бұл құқық шеңберінде субьектіге қандай бір әрекет жасауға немесе өз қалауы бойынша оны жасаудан қалыс қалуға рұқсат беру;

-тыйым салу - бұл заңмен тыйым салынған әрекеттерді жасауға тыйым салу.

Slide 8

Әкімшілік құқықтың жүйесі дегеніміз - мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалардың реттелген жиынтығы. Әкімшілік құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.

Slide 9

Жалпы бөлімге мемлекеттік басқару жүйесіне жалпы сипаттама беретін әкімшілік құқықтың негізгі институттарын құрайтын нормалар жатады.

Бұлар: - мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары,

әкімшілік құқық субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесі,

мемлекеттік басқару нысаны мен әдістері,

әкімшілік құқықтық жауаптылық,

әкімшілік іс жүргізу тәртібі,

мемлекеттік басқарудағы заңдылықты сақтау тәртібі.

Slide 10

Ерекше бөлімде әр сала бойынша басқару органдары, олардың нақты атқаратын функциялары туралы айтылады.

Бұлар: - сыртқы істерді басқару,

ішкі істерді басқару,

әділетті басқару,

қорғанысты басқару,

денсаулық сақтауды басқару,

білім беруді басқару,

көлік және коммуникацияны басқару, т. б.

Slide 11

Әкімшілік-құқықтық нормалар - бұл мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлықтың мемлекет белгіленген жалпыға міндетті ережелері. Әкімшілік-құқықтық нормалармен тиісті мінез-құлықтың белгілі бір нұсқасы беріледі, яғни нормаларда көзделінген шарттарды сақтау кезінде ерік беріледі, яғни белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салынады.

Slide 12

Әкімшілік құқықтық нормалардың алдына қойған міндеттері:

-мемлекеттік басқару жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өзара қатынасын реттеу және жөнге салу;

-басқару функцияларына ие субъектілер мен оларға бағынышты, объектілердің заңды талаптарын орындауға қатысты ғылыми тұрғыдан негізделген және мақсатқа сәйкес келетін орынды өзара қатынасын баянды ету;

-басқару қызметінің әр түрлі салаларының байланысын және мемлекеттік органдардың басқа да құқық субъектілерімен өзара әрекеттестігінің (қатынасының) тәртібін белгілеу.

Slide 13

Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:

1. материалдық (қаржылық) нормалар

2. процессуалдық нормалар болып екіге бөлінеді.

Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер.

Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативті актілерді шығарумен сипатталады.

Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы: а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесін тағайындаса. ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;

б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;

в) іске асыру, яғни әкімшілік құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.

Slide 14

Әкімшілік құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастарды әкімшілік құқық нормаларымен реттеу.

Әкімшілік-құқықтық қатынастарға, ең алдымен, олардың айрықша билігі табиғатынан тұратын ерекшеліктері өзіне тән болып келеді. Бұл құқықтық қатынастар өзінің мәні жөнінен өкімет пен бағыныштылардың қатынастарында құралған билік қатынастар болып табылады.

Slide 15

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері: ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар; мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйымдар қызметшілері.

Әкімшілік құқықтық қатынас объектісі: әкімшілік құқықтық қатынас бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.

Slide 16

Заңды фактілер - әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін мән-жайлар.

Заңды фактілер 2 түрге бөлінеді: оқиға және іс-әрекет. Оқиға адамдардың еркінен тыс болатын мән-жайлар.

Slide 17

Әкімшілік құқықтық қатынастар байланысы сипаты бойынша - тік және көлбеу болып бөлінеді.

Мазмұны бойынша - материалдық және процессуалдық болып бөлінеді.

Құқықтың функциялары бойынша - реттейтін және қорғайтын.

Заңды фактілерінің сипаты бойынша - заңды іс-әрекеттер туғызатын, заңсыз іс-әрекеттер туғызатын, оқиғалар туғызатын болып бөлінеді.

Қорғау тәсілі бойынша - әкімшілік тәртіппен қорғалатын, сот тәртібімен қорғалатын болып бөлінеді.

Slide 18

Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз - азаматтардың әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген субъективтік құқықтарының, заңды міндеттерінің және жауаптылығының жиынтығы.

Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі азаматтардың әкімшілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен, олардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерінен тұрады.

Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігі - азаматтың құқығымен берілген өзінің іс-әрекетін жүзеге асыруға, өзінің жүріс-тұрысына заңды жауапты болуға және белгіленген міндеттерді орындауға бейімделген қабілеті. Әрекет қабілеттілік толық (18 жастан), шектеулі (16 жастан) және ішінара (7 жастан) боп бөлінеді.

Slide 19

Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз - жалпыға міндетті әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғандығы үшін әкімшілік жауаптылық пен жазаға тартылатын заңға қайшы, қоғамға қауіпті кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік

Әрекет дегеніміз - белсенді түрде заң талаптарын, міндеттерін орындамау және тиым салынған әрекеттерді жасау. Әрекетсіздік дегеніміз - өзіне жүктелген міндеттерді орындамау (енжар түрде) .

Slide 20

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:

құқыққа қайшылығы.

кінәлілігі.

көп тарағандығы.

әкімшілік жазаланатындығы.

қоғамға қауіптілігі.


Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастар ұғымы, олардың белгілері
Құқықтық қатынастардың субъектілері
Құқықтық қатынастың субъектілері
Дипломатиялық құқық
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Азаматтық құқықтық қатынастар
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік
Экологиялық құқық туралы
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері
Құқық бұзушылықтың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz