Күтімді жоспарлау




Презентация қосу
МЕЙІРГЕРЛІК ІС ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Орындаған: Жақсылық Ұ.Б
Мейіргерлер — бұл мейіргерлік, акушерлік, емдеу ісі
белгіленген мамандыққа жіберілген, мамандықтар бойынша
медициналық білімі бар қызметкерлер. Мейіргерлер әр-түрлі
қызметтерді атқарады, факторларды түсінуді, денсаулыққа
әсерлер, аурудың себептері, оларды емдеу және сауықтыру
қабілеттері, сондай-ақ экологиялық, қатарлыларды талап
етеді. Халықтың денсаулығын тексеріп, нығайту жолында
оларға қол жетімді ,тиімді медициналық көмек беруде , өз
уақытының 80 пайызын науқаспен бірге өткізетін медбике
қызметінің рөлі өте маңызды.
Мейіргерлік үрдіс 5 кезенге бөлінеді.

1. Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;
2. Медбикелік диагноз (диагностика);
3. Күтімді жоспарлау.
4. Жоспарлауды жүзеге асыру;
5. Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.
1.Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен
алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен
медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.
Дәрігердің міндеті – дұрыс диагноз қойып, ем
тағайындау.
Мейіргердің міндеті – емделушіні толық ыңғайлы
қамтамасыз ету, өзінің медбикелік міндетімен
шектелген көмегін беруге тырысу. Мейірбикеге
аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы:
демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.
2.БИКЕЛІК ДИАГНОЗ ТҮСІНІГІ АЛҒАШ РЕТ ХХ ҒАСЫРДЫҢ 50-ШІ ЖЫЛДАРЫ ОРТАСЫНДА АМЕРИКАДА ПАЙДА,
БОЛЫП 1973 ЖЫЛЫ РЕСМИ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰРҒЫДА БЕКІТІЛДІ. БИКЕЛІК ДИАГНОЗ – ЕМДЕЛУШІНІҢ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨМІРЛІК МАҢЫЗДЫ ҚАЖЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ
БАҒЫТТАЛҒАН СИМПТОМДЫҚ НЕМЕСЕ СИНДРОМДЫҚ ДИАГНОЗЫ.

ДӘРІГЕРЛІК ЖӘНЕ БИКЕЛІК ДИАГНОЗДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫН СИПАТТАУ

Ағзадағы нақты аурудың
Ағзадағы терең патологиялық
патологиялық процестің
процеске емделушінің сыртқы
негізін айқындайды - Түрлі жауапты реакциясын сурет-тейді -
мүшелер мен жүйелер Адамның негізгі қажеттілік-тері
қызметінің бұзылуы мен қамтамасыз етудің бұзылуы қызмет
олардың себебін яғни көрсетудің бұзылуының нәтижесі
патофизиологиялық, патолого- ретінде, яғни ең бастысы
анатомиялық өзгерістерін емделушінің өз денсаулығы жайлы
анықтау - өзгермейді - түсінік - бірнеше рет өзгереді -
мейірбикенің құзіреттілік
дәрігердің құзіреттілік
терминінде
терминінде
Мейірбике ауруды емес емделушінің ауруға және өз қалпына жауабын
қарастырады.
1. физиологиялық
2. психологиялық және рухани
3. әлеуметтік болуы мүмкін

Физиологиялық мейіргерлік мәселелер
созылмалы немесе жедел ауру;
жеткіліксіз немесе артық тамақтану;
ісіктер немесе сусыздану;
тұншығу;
әлсіреу;
гигиенаның сақталмауы т.б.
Психологиялық және рухани мейіргерлік мәселелер
қорқу, абыржу, тынышсыздану;
бос уақыт тапшылығы;
медқызметкерлерге сенбеу;
дәрілерді қабылдаудан бас тарту;
отбасындағы жанжал;
өлімнен қорқу.

Әлеуметтік медициналық проблемалар
әлеуметтік оңашалану;
мүгедектікке шыққанына байланысты қаржы жағдайынан
тынышсыздану.
3.Мейірбике емделушіні күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу
керек. Жоспарлау барысында әр артықшылықты проблема күтімнің мақсаты мен
жоспары тұжырымдалады.
Мақсат екі себептен белгілеу қажет:
1. жеке бикелік қатысудың бағытын көрсетумен;
2. қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен. Мақсат қоюдың талаптары:
1. мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.
2. әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.
Жоспар түрлері: -
Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте аурудың жедел
түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.
Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға,
бейімделуге т.б. бағытталған.
Әр мақсат 3 компоненттен тұрады:
1. іс-қимыл;
2. белгілері: күні, уақыты, арақашықтығы;
3. шарты – кімнің (ненің) көмегімен.

Күтім жоспарын құрастырғанда мейірбикелік қатысудың стандартына сәйкес
басшылық етеді.
Стандарт дегеніміз – берілген бикелік мәселе бойынша сапалы
күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.
Стандарт бикеге көмек ретінде жасалады, ол оның «шпаргалкасы»
сияқты. Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-
ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан оны ойланбастан қолдануға
болмайды.

Мейірбике - мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін
сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады
және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Күтім
жоспары міндетті түрде бикелік тарихта жазылу керек.
4.Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі бикелік қатысуды жобалайды:
тәуелді
тәуелсіз
өзара тәуелді
Тәуелді – дәрігердің талабымен орындалатын мейірбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4
сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу
т.б.
Тәуелсіз – дәрігердің талабынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен
жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.
емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;
емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын қалпына түсіру жөнінде нұсқау
беру т.б.
Өзара тәуелді қатысу – дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа
маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру
инспекторы т.б.
5.Мейірбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын
қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді.
Кеткен қателікті табу үшін бикелік процесс қайталанады.
Мейірбикелік процесс – бикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, бикелік
істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.
Мейірбикелік үрдісті қолданудың маңызы:
1. Мейірбикенің жауапкершілігі жоғарылайды;
2. Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға мүмкіндік береді;
3. Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;
4. Күтімді дұрыс жүргізуге мүмкінді береді;
5. Пациенттер белсенді түрде дем алады

Ұқсас жұмыстар
Мейіргерлік күтімді жоспарлау
Медбикелік үрдіс кезеңдері
Мейірбикелік процесстің кезеңдері
Емделушінің ауру тарихымен танысу
Мейірбикелік үрдістің кезеңдері
Жүрек аймағындағы ауру сезімі
Мейірбикелік процесс
Инкурабельді пациент
Дәрігерлік диагноз Медбикелік диагноз
Мейірбикелік тексеру науқастың проблемаларын анықтау
Пәндер