Қазақстан Республикасында білімді дамыту стратегиясы, міндеттері мен мақсаттары




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ
БІЛІМІН ДАМЫТУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН
НЕГІЗДЕУ

Орындағандар:
ЖОСПАР:

1. Қазақстан Республикасында білімді дамыту стратегиясы,
міндеттері мен мақсаттары.
2. Бүгінгі күндегі отандық білім беру жүйесіндегі
көкейтесті мәселелер.
3. Білікті маман даярлаудың әлеуметтік – экономикалық
орны мен рөлі.
4. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі және білім
беру саясатының негізгі принциптері.
Қазақстан Республикасында білімді дамыту
стратегиясы, міндеттері мен мақсаттары

Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту,
білімді аумақтандыру, үздіксіз білім беру, реформалар процесіндегі
үздіксіздігі, әлеуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері, мәдениетті,
тұрмыс-салтының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау, бейбітшілік
ісіне, адамның бостандығы, құқығына үлес қосу, әлеуметтік және этикалық
ынтымақтастық концепциялары негізінде құрылады. Мұнда теңдікке,
әділдікке негізделген бейбітшілікті нығайтуға, басты назар аударылады.
Қазақстандағы жоғары білімнің міндеті БҰҰ-на мүше елдердің, Лиссабон
Конвенциясына қол қойған 47 мемлекеттің білімге көзқарастарына, XXI
ғасырға арналған Бүкіл дүниежүзілік Жоғары білім декларациясына үйлеседі.
Міндеті: Мақсаты:
1. Алдын ала игерген икемділіктерді тіркеу принцпі
1. Өзінің бүкіл әрекетінде, оның ішінде
бойынша барлық азаматтардың жоғары білім алудағы
ғылыми әрекетінде этикалық нормаларға
тең құқығы;
сүйене отырып, шындық пен әділдікке
2. Кәсіпкерлік дағдылар бастамаларды дамыту жоғары
ұмтылу арқылы басты қызметін дамыту;
оқу орындарын бітірушілерді еңбекке орналастыру
2. Әмбебап қабылданған құндылықьарды
жолындағы жоғары білімнің басты қамқорлығы болуы
қорғау және белсене тарту үшін
тиіс;
интеллектуалдық қабілет пен маральдық
3. Оқыту мен жетілдіру процесінің өмірлік көзі –
беделді пайдалану;
жоғары білім мекемелерінің қоғамның талаптарына
3. Қоғам алдында мамандарды даярлау
сай болуы тиіс;
үшін жауап беретін жоғары оқу
4. Сыни ойлану шығармашылық жоғары білімге
орындарын сақтау және оларға толық
инновациялық тұрғыдан қорғаудың мәні;
академиялық мүмкіндік беру;
5. Педагогикалық дағдыларды жетілдіру және
жақсарту, оқу жоспарында және пәндерді оқыту
әдістемесінде тұрақты инновацияға талпынуды
ынталандыру мақсатында жоғары білім
мекемелерінің қажетті элементі ретінде
педагогикалық кадрлардың кәсіби өсуі;
Қазіргі кезде отандық жоғары білім жүйесі үшін мынандай
жағдайлар көкейтесті мәселелер болып отыр:

1. Қаржыландыру;
2. Жоғары білімнің заң және нормативтік базасын жетілдіру;
3. Жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру механизімін жасау;
4. Мектеп жасына дейінгі білімнен жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білімге
дейінгі білім жүйесінің біртұтас басқару құрылымын жетілдіру;
5. Білімнің сапасы мен оны бағалаудың көрсеткіштерінің бір тұтас стандартталған жүйесін
құру;
6. Жоғары білім жүйесінде мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет етуімен дамуы үшін жағдай
жасау;
7. Профессор – оқытушы құрамның күрт «қартаю» және орта есеппен алғанда жоғары оқу
орындарында ғылыми атақтары бар оқытушылар санының аздығы, оқытудың ғылыми
зерттеулермен біріктіру, жоғары оқу орындарында ғылыми ізденулерді өрістету;
8. Жоғары оқу орындарында материялдық-техникалық базасын нығайту, оқыту және ғылыми –
зерттеу процесін одан әрі компьютерлендіру;
9. Жоғары – оқу орындарын оқу - әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету;
10. Жоғары оқу орындарын оқу - әдістемелік әдебиеттермен қамсыздандыру;
11. Студенттердің өндірістік практикадан өтетін базаларын құру;
12. Оқытушылар ұжымдарының білім сапасы үшін жауапкершілігін арттыру;
Білікті маман даярлаудың әлеуметтік –
экономикалық орны мен рөлі.

Қоғамда жеке әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер
жоғары оқу орындарының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр.
Әсіресе, білім бсру жүйссінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып
жатқан талпыныстар, түрліше кәсіптік бағдарларға негізделген жаңа оқу
орындарының пайда болуы, болашақ мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу
орындарындағы мамандарды кәсіпке даярлау ісіне жаңаша талаптар
қоюда.
Казіргі кезде қалыптасқан қоғамдық практиканы қайта бағалау жалпы
білім беру жүйесіне, мамандарға қойылатын талаптарды өзгертуде.
Көптеген елдерде білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік - экономикалық
дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай - ақ оны ары қарай айқындай
түседі. Қазіргі мамандар алған білімдерін жадында сақтап қана қоймай,
сонымен бірге шығармашылық қызметке де, кеңінен ойлауға да қабілетті
болуы тиіс. Сондықтан жоғары мектептегі оқу процесі жастардың
шығармашылық потенциалын дамытуына жол ашуы жөн.
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі және
білім беру саясатының негізгі принциптері
Мемлекеттік принцип — білім беру жүйесінде мемлекеттік мақсат пен міндеттср бірінші
орында, болуы қажет. Мемлекеттік оқу орындарында міндетті тегін білім беру, студенттер
мен оқушыларға стипендия беру жәнс жеңілдіктер берілуі керек.

Еркін таңдау принципі — оқушылардың қай тілде, қай оқу орнында (мемлекеттік,
жеке меншік) оқуына ерік беру. Оқулық, оқу нысаны мен әр түрлі болуы ескеріледі.

Сабақтастық приципі — оқу орындарының барлық түріңде оқуға, оқудың төменгі
басқышынан жоғарғы басқышына өтуге еркіндік болуы.

Білім беруде қоғамдасу принципі — кең мағынада алғанда, білім беруде дүниежүзілік
коғамдасу, оның мысалы Батыс Еуропа елдеріндегі қоғамдастық және ЮНЕСКО
ұйымдастырған білім берудің аймақтық 4 бағдарламасы: Латын Америкасы, Африка, Азия
және Қазақстандағы білім беру жүйесі (ҚР-нын Білім туралы заңы негізінде)
Қорытынды
Білім беру жөніндегі жаңа заңдар және педагогикалық
құжаттар білім берудің әр түрлі барлық сатыларының қатаң
сабақтастығы орнатылуын, оқуға мүмкіндік болуын көздейді.
Оқу орындарының барлық түрлерінде оқу сапасын көтерудің,
білім берудің мазмұнын өмірмен байланыстырудың,
оқушыларды жоғары азаматтык, моральдық және эстетикалық
мұраттарға тәрбиелеудің аса маңыздылығы атап көрсетіледі.
Бекіту сұрақтары

1. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі
және білім беру саясатының негізгі
принциптері?

2. Қазіргі кездегі отандық жоғары білім
жүйесіндегі мәселелерді атаңыз?
Назарларыңызғ
а
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ҚР үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалар – әлемдік тәжірибе нәтижелері туралы
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат
Академиялық ұтқырлық - заманауи білім
Мемлекеттік бағдарлама
ҚР ҮРДІС АЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛЕРІ
Қазақстанның басты мақсаты
Тұлғаның рухани және дене қалыптастыру
Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Білім беру әлеуметтік институт ретінде және оның қазіргі қоғамдағы алғышарттары
Пәндер