Мәдениеттің атқаратын қызметтері




Презентация қосу
Мәдениет морфологиясы

1.Мәдениеттің құрылымы
2.Құндылық ұғымы мен түрлері
Мәдениет морфологиясы
Мәдениеттің құрылымдық элементтері мен ерекшеліктерін
жүйе ретінде зерттейтін мәдениеттану бөлімі мәдениеттің
морфологиясы деп аталады.
Мәдениет
морфологиясы
Материалдық Рухани
мәдениет мәдениет
Әлеуметтік
мәдениет
Мәдениеттің құрылымы:

• Материалдық мәдениет - бұл кез-келген мәдени процестің
немесе қызметтің материалдық (заттық) жағы;
• Өндіріс мәдениеті: еңбек құралдары мен өндіріс құралдары,
көлік құралдары, өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен
құрылыстар, жолдар мен коммуникациялардың әртүрлі
түрлері, ауылшаруашылық алқаптары.
• Өмір сүру мәдениеті тұрмыстық заттар; тұрғын үйлер мен
қоғамдық ғимараттар, саябақтар, тағы басқалар, әдетте
адамның қалыптастырған жасанды ортасы.
• Соғыс мәдениеті қару-жарақ және әскери техника, жою және
өлтіру технологиялары.
Рухани мәдениет қоршаған шындықты, идеалдарды, адамның
уәждері мен мақсаттарын (қоғамдық және жеке сана) көрсететін
идеялардың жиынтығы. Адамдардың рухани құндылықтарды
(рухани өндіріс) құру жөніндегі зияткерлік және эмоционалды
шығармашылық және эстетикалық қызметін және оның
нәтижелерін (рухани өндіріс өнімі ретіндегі рухани
құндылықтар) қамтиды. Рухани мәдениеттің негізгі көрсеткіші-
қоғамдық сана
Әлеуметтік мәдениет (әлеуметтік қатынастар мәдениеті)
қоғамдағы адамдар мен олардың әлеуметтік қатынастарын, мінез-
құлықтары мен құндылықтарын анықтай отырып реттеуші
қызметін атқаратын жүие.
Әлеуметтік мәдениеттің негізгі формалары:
адамгершілік,
құқықтық мәдениет
саяси мәдениет.
Мәдениет түрлері: көркем, діни, құқықтық, саяси, эстетикалық,
экономикалық, өндірістік, мінез-құлықтық болып бөлінеді
Мәдениет типтері
• Әлемдік,
• ұлттық және аймақтық мәдениет түрлері;
• қалалық және ауылдық ,
• жаппай және элиталық
• Әлеуметтік және жеке буржуазиялық
• пролетарлық,
• Субмәдениеттік
• қарсы мәдениет
Мәдениеттің атқаратын қызметтері

• Адамды калыптастыру қызметі.
• Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.
• Танымдық қызметі.
• Реттеу қызметі
• Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі.
Құндылық ұғымы мен түрлері

• Құндылықтар деп, адамдар мен әлеуметтік топтардың,
қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір
заттар мен құбылыстардың қасиеттерін айтады.
• Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен
жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен
сұрықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, еріктілік пен
тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға
көмектеседі. Құндылықтар абсолютті және салыстырмалы,
материалдық және рухани т.б. түрлерге бөлінеді.
Құндылықтардың жіктелуі.
• Виталдық құндылықтарға: өмір, денсаулық, тәндік, тұрмыстық, төзімділік,
өмірдің сапасы, тәжірибелік, прагматикалық, тұтынудың деңгейі және т.б.
жатады
• Әлеуметтік құндылықтар: әлеуметтік орны, дәрежесі, байлық, мамандық, от
басы, кәсіпқойлық, тәртіп, әлеуметтік теңдік, жыныс теңдігі, ұлттық теңдік
т.б
• Саяси құндылықтар: сөз еркіндігі, азаматтық, бейбітшілік.
• Моральдық құндылықтар: жақсылық, игілік, махаббат, борыш, намыс,
шыншылдық, парасаттылық, өзара көмектесу, әділеттілік, үлкенге ізеттілік
• Діни құндылықтар: құдай, сенім, кұтқарылу, рахат, рәсім, мешіт.
• Қоғамды қадірлеу: еңбекқорлық, патриотизм, қоғам өміріне белсенді
қатынасу
• Эстетикалық құндылықтар: әсемдік, идеал, стиль, үйлесімдік, дәстүрге
бағыну, жаңалық, ерекше мәдениет, сырттан енгізілген модаға еліктеу.

Ұқсас жұмыстар
Өркениет азаматтық қоғам, қалалық мәдениет
Саяси мәдениет және саяси идеология
Корпоративтік мәдениет
Адам және мәдениет
Мәдениет туралы түсінік
Қоғамдық сана және оның құрылымы мен формалары
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
САЯСИ МӘДЕНИЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ
Саяси мәдениеттің түсінігі, саяси мәдениеттің типологиясы
Мәдениет тілі
Пәндер