Халықтың механикалық жылжуының көрсеткіштері




Презентация қосу
С Ы
Я
РИ І »
Е О С
Т М Е
Қ ТЕ
Л Ы С
У Д І
А
С НӘ
Е Н Е
«Д М
Денсаулықты зерттейтін ғылымдарға: валеология, санология,
диетология, фармакология, биология,
эпидемиология, психология, психофизиология, психиатрия, педиатрия, медициналық
социология және медициналық антропология,психогигиена, дефектология жатады. Адам
денсаулықын сақтау (денсаулық сақтау) — мемлекеттің ең маңызды функцияларының
бірі. Дүниежүзілік масштабта денсаулық сақтаумен Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы айналысады. 7 сәуірде барлық елдерде дүниежүзілік денсаулық күні аталып
өтеді.
Денсаулық сақтау ұжымының түсінігіне сәйкес Денсаулық - тек қана ауру сырқаттың
жоқтығы ғана емес, тәндік, рухани және әлеуметтік жайлылықты атайды.
Бұл түсінікте денсаулықтың өзгеріп тұратын екендігі ескерілмеген, сондықтан академик
А.Г.Щедрин денсаулыққа келесі түсінік береді. Денсаулық - нақты әлеуметтік және
экологиялық ортада адамның биологиялық және әлеуметтік функцияларын атқаруға жол
беретін, позитивті және негативті көрсеткіштерден тұратын, көпөлшемді динамикалық
қалып.
Ю.П. Лисицынның ойынша ... денсаулық — биологиялық және әлеуметтік әсерлер
айқындайтын, туа біткен және жүре пайда болатын биологиялық және
әлеуметтік гармония (ауру сол гармонияның бұзылуы); өз өмірінің еркіндігін
шектетпей, адамның өзіне тән функцияларын толығымен атқаруға, салауатты
өмір салтын ұстануға жол беретін қалып, қысқаша айтқанда, тән және
әлеуметтік жайлылық.
Денсаулықтың тәндік, психологиялық, іс-әрекеттік жақтарын іріктеуге болады.
Тәндік құраушысына - организмнің өсіп дамуы, және ағза қызметтеріінің қалпы
кіреді. Оның негізін дене жаттығуларына қабілеттілікті және қоршаған ортаға
бейімделуді қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалды
құбылыстар және резервтер құрайды.
Психологиялық құраушының негізін зияткерлік жұмысқа қабілеттілік және
адамның іс-әрекетінің дұрыстығын қамтамасыз ететін эмоционалды-когнитивті
жайлылық құрайды.
Іс-әрекеттік құраушы адам қалпының сыртқы келбеті. Ол дұрыс іс-әрекетпен,
қарым-қатынас жасай білуден құралады. Оның негізін қоршаған ортамен өзара
қарым-қатынасты және тиімді іс-әрекет жасауды қамтамасыз ететін өмірге
көзқарас (белсенді, сылбыр, агрессивті) және тұлғааралық қарым-қатынас
құрайды.
Дүниежүзілік Денсаулықсақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес ауру – ішкі және
сыртқы факторлар салдарынан организмнің қызметтері мен құрылымының
бұзылуы.
Ауру - қоршаған ортаға жалпы немесе жергілікті бейімделудің, ауру адамның өмір
сүруінің шектелуімен сипатталады.
Денсаулықты бағалауға келесі көрсеткіштерді бағалаудан тұрады:
Жекебасылық денсаулық – жеке адам денсаулығы. Ол, адамның өзін-өзі сезіну,
аурудың бар-жоқтығы, тән қалпы сияқты көрсеткіштермен өлшенеді.
Топтық денсаулық – әр-түрлі адамдар топтарының (жас, мамандық т.б.)
денсаулығы .
Халық денсаулығы – белгілі бір елдің жергілікті тұрғындарының денсаулығы.
Қоғам денсаулығына дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы әлі нақты ұғым
берген жоқ.
«Қоғам денсаулығы дегеніміз тәннің және психикалық аурулармен ауырлармен
ауырлатылмаған белсенді, жемісті өмір салтың қамтамасыз ететін қоғамның
қалпының бір түрі. Ол болмаса қоғамда материалды және рухани құндылықтар
пайда болмайды, демек оны қоғамның байлығы деп атауғада болады» (Ю. П.
Лисицын).
Қоғам денсаулығын бағалау келесі көрсеткіштерге баға беруден тұрады.
Қоғам денсаулығының потенциалы – адам денсаулығының көлемі мен сапасы және
қоғам жинақтаған резревтер мөлшері.
Қоғам денсаулығының индексі – халықтың салауатты және салауатсыз өмір
салттардың арасалмағы. ДДСҰ эксперттері қоғам денсаулығы критерияларын
анықтау үшін денсаулық сақтауға жаратылатын жалпы мемлекеттік өнімді;
алғашқы медицина-санитарлық көмекті; балалар өлімі деңгейін; өмір сүру
ұзақтығын пайдаланады.
Қоғам денсаулығын зерттеу үшін статистика, әлеуметтану (анкеталау, интервью алу,
жанұялық кешнді зерттеу), экспертті әдістерін пайдаланады.
Қоғам денсаулығы көрсеткіштері ретінде медицина-демографиялық халықтың
жаратынды өзгеруі (туылу, өлу, халық санының өсуі, өмір сүру ұзақтығы,
некелесу, ұрықшылдық т.б.) және халықты механикалық жылжуы (халық
миграциясы: эмиграция, иммиграция) сияқты көрсеткіштері қолданылады.
Туылу және өлу сияқты көрсеткіштер АҚАЖ бөлімшелерінде арнайы бланктілерде
тіркеледі.
Медицина-демографиялық Ауруға шалдығу және өлім
көрсеткәштер көрсеткіштері

Халық
денсаулығы
Мүгідектік және Дене дамуының
мүгідектікке ұшырау көрсеткіштері
көрсеткіштері
Жаратылысты
жылжу
Механикалық
жылжу

Медико-демографиялық
көрсеткіштер
ЖАРАТЫЛЫСТЫ ЖЫЛЖУ
КӨРСЕТКІШТЕРІ

Өмір ұзақтығын болжау
Халықтың
жаратылысты өсуі
Бала табу
некелесу
өлім
туылу
МЕХАНИКАЛЫҚ ЖЫЛЖУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Қала ішіндегі миграция

Сезонды миграция

миграция

эмиграция
Туылу көрсеткіші (коэффициенті) — 1000 адамға жылана қанша адам туылатындығын
білдіреді. Орташа көрсеткіш болып 1000 адамға жылына 20-30 нәресте дүниеге келу болып
есептеледі.
Жалпы өлім көрсеткіші (коэффициенті)— 1000 адамға жылына қанша адам өлетіндігін
білдіретін көрсеткіш. Орташа көрсеткі болып 13-16 адам болып есептеледі.
Қарт адамдардың өлімі – кәрілік физиологиялық процестердің салдарынан болатын болса,
балалар өлімі – әлеуметтік бейберекеттіктің, халық денсаулығының нашарлығын білдіреді.
Өлім бойынша ең төмен көрсеткіштер БАӘ, Катар, Кувейт елдерінде (жылына~2 ‰ ).
Бұл елдің халқы ең жас болып есептеледі, еңбек мигранттар саны ең көп, денсаулықсақтау
жоғары деңгейде, мемлекет табысын әр адамға шаққандағы табысы ең жоғары, алкоголь
тұтыну ең төмен деңгейде.
Өлімнің ең жоғары деңгейі (жылына25 ‰ жоғары) — Свазиленд, Ботсвана, Лесото елдерінде.
Бұл елдерде ИТВ эпидемия жиі кездесіп, өмір сүру деңгейі төмен.
Кестеде көрсетілген тенденция бүгінгі күнге дейін актуалды.
Халық денсаулығының ең маңызды көрсеткіші – 1 жасқа дейінгі нәрестелердің өлімі.
Оны есептеу үшін 1000 туылған нәрестелердің қаншасы өлетіндігі саналады. 1000
нәрестенің 5-15 өлсе – нәресте өлімі төмен, 16-30 –орташа, 30-60 – жоғары деңгейде
деп есептеледі.
Қазақстанда, 2010 жылдың есебі бойынша, туылған 1000 нәрестенің 16,54 өлді. Өлген
балалардың 60-70 пайызы қазақтың балалары. Бұл көрсеткіштің жыл сайын
төмендеуі байқалды.
Халықтың жаратылыстың өсуі – 1000 адамға шаққанда өлім мен туылудың
айырмашылығы.
2013 жылдың 1 маусымында Қазақстан халқының саны 17010,6 мың. адамға жетті.
Оның ішінде 9339,2 мың адам – қала, 7671,4 адам ауыл тұрғындары.
2013 жылдың қаңтар-маусымдарында халық саны 100,8 адамға, немесе 0,6 % өсті, ал
2012 жылға қарағанда 1,4% өсті.
Халықтың жаратылысты өсуі 14,1 құрады».
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы арнайы кестелер бойынша есептеледі. Кәзіргі таңда бұл
көрсеткіш 65-75 жас болса жоғары, 50-65 – орташа, 40-50- төмен болып есептеледі. 90-шы
жылдары Қазақстанда, Орталық Азия мемлекеттерінің басқа мемлекеттеріне қарағанда,
бала жана еңбекке жарамды жастағы адамдардың өлуі көбейген себебінен ең төмен орташа
өмір сүру ұзақтығы байқалған.
Мысалы, 1991 ж. бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша 67,6 жас құраса, 1995 жылда 63,5 жасқа
дейін төмендеді.
Кәзіргі таңда бұл көрсеткіш жоғарылау тенденциясын білдіріп, 2005 жылы - 65,9 жасқа дейін
жоғарылады. Еркектер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығында айырмашылық бар.
Мысалы, 1991 жылы бұл көрсеткіш - 62,6 және 72,4 жасты құраса; 2005 ж. - 60,3 және 71,8
жасты құрады. Қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы, ауыл тұрғындарына қарағанда
2-3 жасқа кем. Бұл айырмашылық әсіресе еркектерде айқын білінеді.
Халықтың қартаю көрсеткіші деген 60 жастан асқан адамдар санының пайыздық көлемі. Бұл
көрсеткіш 20% асса – жоғары; 5-10% - орташа, ал 3-5%- төмен болып есептеледі. Біздің
елде ең «кәрі» ұлтарға орыс, белорус, украин, неміс, татар, корей елдері өкілдері жатады.
Халықтың механикалық жылжуының көрсеткіштері. Механикалық жылжу деп
– бір мемлекет ішінде бір ауданнан екінші ауданға немесе басқа мемлекетке
көшуді (жылжуды) атайды (миграция). 90-шы жылдары әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздық салдарынан миграциялық процестер күрт
жоғарылады. Бұл көрсеткішті есепке алатынын себептің бірі - көптеген
халықтың жылжуы инфекциялық аурулардың таралуына себепші болады.
Ауруға шалдығу көрсеткіші сандық (ауруға шалдығу деңгейі), сапалық (аурулар құрылымы) және жекебасылық
(жылына қанша рет ауруға шалдығатындығы) критерияларды бағалаудан тұрады. Қазақстан балаларынының
басым бөлігі (әр 6-шы оқушы) ас қорыту мүшелері ауруларына шалдыққан. Келесі орындарда тыныс алу
жолдары, жүйке жүйесі және тірек-имыл жүйесі ауруларымен шалдығу тұрады. Қазақстан балалары арасында
психика бұзылуы көбейіп жатыр. Бүгін әр сегізінші жасөспірім – психика немесе жүйке жүйесі патологиясына
шалдыққан. Оның себебі – психобелсенді заттарды (есірткі мен алкоголь) қабылдау салдары.
Бұрынғы жылдары көбінесе инфекция аурулары кеңінен таралатын болса (өлу себептерінің басым бөлігін құраған),
кәзіргі таңда адамдар көбінесе созылмалы ауруларға шалдығып, осы аурулар өлу себебі де болып табылады.
Ауруға шалдығу сипатының өзгеруіне қоршаған ортаға бейімделуді нашарлататтын, өмір салтының өзгеруі
себепші. Кәзіргі таңда цивилизация аурулары атты теория пайда болды. Эпидемиялы емес созылмалы аурулар
өмір қарқынын жылдамдауы, урбанизация себебінен пайда болады. Нәтижесінде, адамның биологиялық
ырғақтары, бейімделу қабілеті әлеуметтік ырғақтарға сәйкес болмай қалады.
Соңғы деректерге сүйенсек ауруға шалдығудың себептері ішінде бірінші орныда Тыныс алу жолдарының
аурулары (39,37%), екінші орында – жарақат пен улану(6,88%), үшінші орында – жыныстық-зәр шығару
органдарының аурулары (6,86%), келесі орында ас қорыту ауруларының аурулары (6,46%), содан кейін тері
аурулары(6,08%), қанның және қап түзелетін органдар аурулары(4,24%), қан тамырлары ның аурулары
(3,72%), инфекциялық және паразитарлы аурулар (3,24%), басқа да аурулар (23,14%).
Мүгідектік көрсеткіші. Мүгідектік — аурулар, туыла біткен ақаулардан, жарақат
алу себептерінен өмір сүру барысын шектейтін ағза функцияларының бұзылып,
денсаулықтың нашарлауын атайды. Мүгідектік көрсеткіштері медицина-
әлеуметтік көрсеткіштерді тіркеу арқылы анықталады.
Сонғы жылдары мүгідектік көрсеткіш жоғарылау тенденциясын білдіруде.
Мысалы, 1000 адамның ішінде 2007 жылы 27,7, 2008 ж. – 28,8, 2009 ж. – 29,2
мүгідек болып аталды. Бұның себебі – денсаулықсақтаудың мүгідектіктің
алдын алуға батытталуының жетіспеушілігі.
Дене дамуы көрсеткіштері – ағзаның өсіп қалыптасуының көрсеткіші – тұқымқуалауышылықтан ғана емес,
әлеуметтік жағдайдан да тәуелді Дене дамуы көрсеткіші антропометрия және физиометрия тәсілімен бой,
салмақ, кеуде көлемі, бұлшықет күші, майдың жинақталуы, өкпенің өмірлік сиымдылығын өлшеп анықталады.
Алынған көрсеткіштерді пайдаланып, жас, жыныс ерекшеліге байланысты дене дамуы стандарттары құралады.
Адамның дене даму деңгейі климато-географиялық жағдайынан, қай этникалық топқа жататындығынан
тәуелді.Дене дамуының жылдамдауы акселерация, ал баяулауы ретардация деп аталады. Акселерация
салдарынан жүрекқан тамырлары, қант диабеті т.б. ауруларына шалдығу қаупы жоғарылайды деген ойларда
айтылады.
Денсаулыққа әсер ететін факторлар:
80-шы жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы кәзіргі адам денсаулығына әсер ететін факторлардың үлесін
жариялады.
Биологиялық немесе генетиккалық (тұқымқуалаушылық, жоғары жүйке іс-әрекетінің түрі, конституция,
темперамент т.б.) 15-20% (20%);
табиғи (климат, ландшафт, флора, фауна т.б);
қоршаған орта жағдайы 20 — 25% (20%);
денсаулықсақтау дамуының деңгейі 10-15% (7 — 8%,)
адамдардың өмір салты — 50 — 55% (53 — 52%).

Ұқсас жұмыстар
Жер сілкінісі
Әлеуметтік - экономикалық статистика пәні
Түйсік психологиясы
Домалау мойынтіректерінің шақтамалары мен қондырулар жүйесі
Ащы ішекке
Ұрықтың жағдайы
Халық және еңбек статистика сы
Өнім көрсеткіштері сапасы,
Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері
Сүлікпен емдеу
Пәндер