Дәлелді медицинаның бес кезеңдері
Презентация қосу
Дәлелді медицинаның бес
кезеңдері.
Орындаған:Серікбай М.Б
Тобы:МСД3-21-1К
ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ҚАҒИДАЛАРЫНА
НЕГІЗДЕЛГЕН МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС
Денсаулық сақтау жүйесінің дамуында
мейірбике қызметкерлерінің қосатын ролінің
маңызы зор, оған күнделікті тәжірибеде
кездесетін науқастардың ерекшеліктеріне
байланысты мейірбикенің қабылдайтын шешімін,
жүргізетін мейірбикелік диагностиканы, бес
кезеңді мейірбикелік үрдісті жатқызуға болады.
Бұл мақалада мейірбикелік көмек көрсетудің
сапасын жоғарлатудағы дәлелді медицинаның
қағидаларына негізделген мейірбикенің жаңа
әдістерді енгізу мен игерудегі ғылыми ізденісі
мазмұндалған.
Мәселенің өзектілігі.
Мейірбикелік үрдіс – нақты жағдайда науқастың
қажеттіліктерін қанағаттандыру мен
тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
ұйымдастырылатын, мейірбикенің дәлелді
медицина қағидалары негізінде кезеңдік түрде
жүргізілетін тәжірибелік күтімнің ғылыми тәсілі.
Мейірбикелік үрдіс мейірбикенің техникалық
түрдегі дайындығын ғана емес, науқасты жеке
тұлға ретінде қабылдауды қамтамасыз етеді.
Мейірбикелік үрдіс негізгі 5 кезеңнен (Sharon
Niggemeier, K. Burger, Monika Habermann L.R.)
тұрады: мәселелерді анықтау, диагноз қою,
жоспарлау, енгізу мен бағалау.
Бірінші кезеңде мейірбике науқас
туралы толық мәлімет жинаумен қатар,
зерттеу әдістері арқылы мәселені
бағалайды. Бұл кезеңде науқастың нағыз
және жасырын мәселелері айқындалады.
Соған байланысты науқас күтімінде
қажеттілік ұғымына үлкен мән беріледі.
Отандық және шетел әдебиет көздерінде
мейірбикелік үрдісті жүзеге асыруда А.
Маслоудың (Maslow, 1943, p. 370) ұсынған
адамның негізгі қажеттіліктері келтірілген.
Екінші кезең мейірбикелік диагностика.
Мейірбикелік диагностика – мейірбике тексеру жүргізу
нәтижесінің негізінде айқындалған науқастың
денсаулық жағдайы. Диагностика тек науқастың ауыр
халін көрсетіп қоймай, ауруды тудырған басқа да
мәселелерді анықтайды: қорқыныш, дұрыс тамақтанбау,
отбасындағы шиеленістер. Сонымен қатар, мейірбике
диагнозы дәрігер диагнозынан ерекшеленеді, мейірбике
диагнозы денсаулық пен сырқатқа бағытталса,
дәрігердің - ауруларды анықтайды. Тәуелсіз мейірбике
тәжірибесі шеңберіндегі науқастың мәселелері
мейірбикелермен емделеді, дәрігер диагнозында
мәселелер біріншілік емдеуге бағытталады. Мейірбике
диагнозы күннен күнге өзгеруі мүмкін, ал дәрігер
диагнозы өзгеріске ұшырамайды.
Бағалау мен диагностика нәтижесінде
мейірбике науқасқа қысқа және ұзақ
мерзімді қолжетуге болатын, өлшемді
мақсаттарды белгілейді, науқастың
қажеттілігін қанағаттандыратын көмекті
мейірбике жоспарлайды – бұл үшінші
кезең. Мейірбикелік күтімді жоспарлауға,
науқасты төсектен орындыққа күніне үш
рет ауыстырып отыру, шиеленісті - кеңес
беру арқылы шешу, тиімді ем арқылы ауыру
сезімін азайту, науқасқа, туыстарына
психологиялық демеуді қамтамасыз ету.
Науқас күтімі тиісті жоспар бойынша
жүзеге асырылады, сондықтан
госпитализация кезінде науқастар үшін
емнің үздіксіз жүргізілуі толық
қамтамасыз етілуі керек. Мейірбикелік
күтім жоспарына қатысушылардың
қызметі науқас жағдайын өзгерту
немесе жақсартуға бағытталуымен
қатар, науқас мониторингісі - төртінші
кезеңді құрайды.
Бесінші кезеңде мейірбике қолжеткен
мақсаттардың нәтєжелерін бағалайды, науқастың
мүмкін болған ақырын анықтайды және оны
мейірбикелік сырқатнамаға немесе бақылау
картасына тіркейді: науқас жағдайының жақсаруы,
қалпына келуі, немесе науқас жағдайының
нашарлауы, қайтыс болуы. Соңғы жағдайда, яғни
сауықтыру мақсаттарына қол жеткізілмесе,
мейірбикелік үрдіс қайтадан қайталанады.
Мейірбикелік іс анықтамасы мейірбике
тәжірибесінің шекара аймағын айқындайды. Соған
байланысты мейірбикелердің халықаралық
кеңесінің негізгі анықтамасы бойынша мейірбике
және тәжірибе – бұл мүмкіндігенше нақты берілген
жағдайдайғы жоғарғы стандарттарға сәйкес
мейірбикенің көрсететін күтімі.
Дәлелдерге негізделген медицинадағы мейірбикелік үрдіс Торонто
қаласының Мак Мастер университеті Канада ғалымдарымен 1990
жылы ұсынылған дәлелді медицина концепциясынан бастау алған .
Дәлелдерге негізделген меиірбикелік тәжірибе кең ұғымда
қолданылады. Бұл жағдайда науқастардың қажеттіліктерін ескере
отырып, шешім қабылдауда ең үздік нәтижелерді жеке тәжірибемен
қолданған жағдайда ғана, дәлелдерге негізделген мейірбикелік
тәжірибе деп атауға болады.
Дәлелдерге негізделген мейірбике тәжірибесі келесі алгоритм
тізбегінен тұрады:
науқастың белгілі бір жағдайдағы немесе мәселелеріне
қатысты сұрақты құрастыру;
берілген сұраққа жауап табуға болатын ғылыми зерттеулер
нәтижелеріне жүйелі іздеу жүргізу;
науқас мәселесінің шешіміне әсер ететін, берілген зерттеулердің
дәлелдерін, басқа ақпараттардың нәтижелерімен салыстыру;
дәлелдерге негізделген мейірбикелік көмек көрсетуге
қатысты шешім қабылдау;
қабылданған шешімдердің нәтижелерін бағалау.
Мейірбике тәжірибесінде науқас денсаулық жағдайына қатысты мәселелер дәлелдерге
негізделіп, шешім қабылдағанда көптеген кедергілерге кездеседі: мейірбикелердің
медициналық ақпараттар көзін, интернет желісін қолданудағы білімі мен қабілетінің аздығы,
мәліметтердің электрондық көзінің қолжетімділігінің болмауы, мәліметтерді баспаға
шығарудағы тілдік кедергілер .
Ғылыми зерттеулердің нәтижелігі зерттеу сұрағының қаншалықты сапалы құрылғанына
байланысты, сондықтан бұл сұрақ мейірбикеге берілген мәселе бойынша өзекті тақырыптағы
әдебиеттерді табуға және талдауға, зерттеулерде қандай әдістер арқылы мәліметтердің
жиналатынын және талданатынын көрсетеді. Зерттеу сұрағы – бұл қазіргі уақытта сұрақ
түрінде құрастырылған, жауабы мейірбикеге клиникалық мәселені шешуге көмектеседі. Сұрақ
мәселені айқындайтын қысқа әрі нақты болуы тиіс. Сұрақтың құрылуы зерттеу үрдісі кезінде
мейірбике қандай мәліметтер жинайтынына және қандай зерттеу сапалық не сандық түрін
қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеу сұрағының негізгі ақпараттар көзіне медициналық көмек
көрсетудегі мейірбикелердің клиникалық тәжірибесі, мейірбикелердің басқа медицина
қызметкерлерімен қарым-қатынасы кезінде анықталатын мәселелері, баспаға шыққан
әдебиеттер мен сыртқы көздерден алынған ұсыныстар жатады.
Зерттеу сұрағының құрылуы келесі кезеңдерден тұрады:
Науқастар тобының ерекшелігіне байланысты мәселе аймағын анықтау;
Мәселеге байланысты бірнеше сұрақтарды тіркеу;
Сұрақты айқындау және ондағы мәселелерді іріктеу;
Мейірбике қызметіндегі қойылған сұрақтың маңыздылығын айқындау;
Өзінің емдеу мекемесі шегінде сұраққа жауап табуға болатын мәліметтерді айқындау;
Сұрақты тексеру мүмкіндігі .
Қазіргі кездегі ақпараттар ағымының
көбеюі, өз кезегінде электрондық
ақпараттар жүйесінің қорын құруға
септігін тигізеді. Соған байланысты
мейірбике ісіне арналған ақпараттар
қорларының саны артуда.
Мейірбике ісі бойынша ақпараттарды біріншілік
(жеке зерттеулер мәліметтері) және екіншілік
(жалпы сын пікір түріндегі жүйелі шолулар,
сапасы жоғары зерттеулердің нәтижелері)
ақпараттар қоры деп қарастырады. Біріншілік
негізгі ақпараттар қорына CINAHL, MEDLINE,
EMBASE көздері жатса, екіншілікке - Evidence-
Based Nursing, Кокрандық кітапхана (The
Cochrane Library), Clinical Evidence көздері
жатады. Дәлелдерге негізделген мейірбикелік
үрдіс бойынша ақпараттық іздеу жүйелік әдісті,
шетел тілін білуді, тиісті ақпарат қорын
таңдауды талап етеді.
Қорытынды.
Дәлелді медицина қағидаларына
негізделген мейірбикелік зерттеулердің
ілгері дамуы мен мейірбикелік күтім
сапасын жоғарлатуы үшін мейірбикелер
ғылыми зерттеу жұмысын жүргізудің
негізгі қағидалары мен әдістемелері
туралы өз білімдерін жетілдірумен қатар,
алынған зерттеудің нәтижелерін өз
тәжірибесінде енгізе білуі керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Т.П. Обуховец Основы сестринского дела: практикум /Т.П.
Обуховец . – Изд.14-е, стер.- Ростов-на Дону: «Феникс», 2013.-
59с.
Guyatt G., Cairns J., Churchill D. et al. Evidence-based medicine. A
new approach to teaching the practice of medicine // JAMA. – 1992.
р.268
Ciliska D. Evidence-based nursing: how far have we come? What’s
next? // Evid. Based Nurs. – 2006. - Р.38–40.
Sackett D.L., Straus S.E., Richardson W.S. et al. Evidence-based
medicine: how to practice and teach EBM. 2nd ed. Edinburgh:
Churchill Livingstone, 2000. - Р.35.
Путеводитель читателя медицинской литературы. Принципы
клинической практики, основанной на доказанном /Под. ред. Г.
Газита, Д. Ренни. – М.: 2003. – 382 с.
Основы доказательной медицины. Триша Гринxaльх.–М.:
2004.–240 с.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz