Көпіртәрізді протездер



Тақырыбы: Көпіртәрізді протездер
Орындаған:Мамадов Кайрат
Тобы:Стк-302
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Көпіртәрізді протезге түсініктеме;
Көпіртәрізді протездермен емдеу көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері;
Көпіртәрізді протездің жіктелуі;
Көпіртәрізді протездің құрылысы
Тіректі тістерді таңдау, егелген тіректі тістерге қойылатын талаптар;
Клиника-лабораториялық кезеңдері;
Көпіртәрізді протездердің құрылымының негізгі принциптері;
Көпіртәрізді протездің артықшылығы мен кемшілігі;
Қорытынды ;
Пайдаланылған әдебиеттер.
ЖОСПАР:

Көпіртәрізді протез-жиі тіс қатарының кіші кетігінде, кей жағдайда орта кетігінде қолданылатын, екіжақты тіректі элементтен және протездің аралық бөлігінен тұратын, тіс қатарының кетігінің ары қарай асқынуын алдын алатын, алынбайтын емдік құрылым.

Көпіртәрізді протездермен емдеу көрсеткіштері:
Тіс қатарының шектелген кіші және орта кетіктерінде:
Кеннеди бойынша 3 кл ( бүйір бөлікте үш тіске дейінгі жоғалту болғанда) тіс қатарының кетігінде
Кеннеди бойынша 4 кл (алдыңғы бөлікте төрт тіске дейін жоғалту болғанда) тіс қатарының кетігінде қолданылады.

Көпіртәрізді протездермен емдеуге қарсы көрсеткіштер:
Тіс қатарының үлкен кетіктерінде;
Патологиялық қозғалмалы дистальды тіспен шектелген тіс қатары кетігінде;
Клиникалық және рентгенологиялық тексерулерде патологиялық бұзылыстары(созылмалы гранулематозды периодонтит) бар тістермен шектелген кетігінде;
Клиникалық сауыты төмен тістермен шектелген кетігінде;
Алдыңғы топ тістерін толығымен жоғалту кезінде(321 123) .

Көпіртәрізді протездермен емдеу үшін қойылатын талаптар:
Тіс қатарының кетігі бірсызықты болуы тиіс
Тіректі тістер ешқандай патологиялық өзгеріссіз, берік болуы;
Тіректі тістердің ұзын остері бір-біріне параллель, яғни қисаю бұрышы болмауы;
Физиологиялық тістем болғаны дұрыс.

Көпіртәрізді протездің жіктелуі
Материалы бойынша: пластмассалы, метал, аралас, фарфорлы.
Жасалуы бойынша:құймалы, дәнекерленген;
Құрылымы бойынша:тұтас, құрамалы
Альвеолярлы өсіндіге қатынасы бойынша:жанаспалы, шайылмалы
Тірек тістің орналасуы бойынша:бір немесе екі жақты;
Протездің тіректік бөлігіне байланысты:сауыт, жартылай сауыт, экваторлы сауыттар, салмалар, импланттар, штифті құрылымдар.

Көпіртәрізді протездің құрылысы:
Кез келген көпіртәрізді протездің:
Тіректі элементін;
Аралық бөлігін немесе денесін ажыратады.

Тірек элементтеріне: сауыттар, жартылай сауыттар, қосымшалар, өзекті тістер жатады.
Аралық бөлігін жасанды тістер блогы құрайды, ол стандартты болады немесе алдын ала дайындалған балауызды үлгіден жасалады. Көпір тәрізді протездің денесін дайындаудың екінші әдісінің біраз артықшылығы бар, оның үлгісін дайындау барысында ақаудың жеке ерекшеліктері, оның ішінде окклюзиялық өзара қатынасы да ескерледі.

Тіректі тістерді таңдау:
Клиникалық және рентгенологиялық зерттеулерден кейін таңдалады.
Тіректі тістің кетікке қатынасты орналасуы, сауытының биіктігі, окклюзиялық беті;
Тірек тістің пародонт жағдайы;
Патологиялық қалталардың, тістердің қозғалғыштығының бар- жоқтығы ;
Тіс каналдарының пломбылануы ескеріледі.
Тіс қозғалмалы болған жағдайда тіректі тістер санын көбейту ұсынылады.

Көпіртәрізді протездің клиника-лабораториялық кезеңдері:
Клиникалық
Лабораториялық
1. Науқасты қарап тексеру, диагноз қою, ем жоспарын құру. Тіректі тістерді таңдап, жасанды сауытқа арнап егеу. Екі жақтан да қалып алынады(жұмысшы және көмекші) .
Орталық окклюзияны анықтау
1. Қалыптардан мүсін құйылып, орталық окклюзия жағдайында артикулятор немесе окклюдаторға орнату. Сауытты дайындау.

Клиникалық
Лабораториялық
2. Жасанды сауытты бағалап, ауыз қуысында шақтайды (жеке дара сауыттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс) .
Жасанды сауытпен бірге қайта қалып алынады.
2. Мүсін құйылып, протездің аралық бөлігі мүсінделіп, металға алмастырылып, сауыттармен дәнекерленеді.
Технологиялық бағалау;
Ауыз қуысында шақтау;
Тұрақты бекіту .

Егелген тістерге қойылатын талаптар:
Қатты тіндердің қалыңдығын жасалатын сауытқа байланысты егеу;
Дұрыс пішін қалыптастыру (цилиндр немесе конус) ;
Көпіртәрізді протезге арнап егелген тіректі тістердің остері өзара параллельділігін сақтауы тиіс, сақталмаған жағдайда күшпен енгізіліп, тіректі тістердің кетікке қарай қисаюына, протездің деформацияға ұшырауына әкеледі.


Аралық бөлігіне қойылатын талаптар:
Тірек бөлігіне қарағанда аралық бөлігі жіңішке болуы тиіс;
Бірнеше тіс болса тістер жекеленіп тұруы қажет;
көпіртәрізді протездің тіректік бөлігі мен аралық бөлігі бір сызық бойында орналасуы қажет;
Протез күтімін жақсарту мақсатында оральды беті шайылмалы болуы тиіс, денесі мен альвеола өсіндісінің шырышты қабаты аралығында бос кеңістік болуы керек. Оральды бетінен тәстеу немесе шайнау қырынан бастап сауыт бөлігі 3-4мм, арықарй вестибулярлы бетіне қарай қиғаш.
Алдыңғы бөлігі альвеола өсіндісінің шырышты қабатына жанаспалы орналасуы қажет.

Дәнекерленген бөлігіне қойылатын талаптар:
Дәнекерленген бөлігі бір сызықты болуы тиіс;
Дәнекердің ешқайда жағылмауы тиіс;


Штифті көпірлі протездер
Сауыт бөлігі бұзылған, бірақ түбірлері берік, каналдары өтімді тістерді көпірлі протездерді штифте бекітуге болады.

Келесі этаптардан тұрады:
Тісті емдеу, түбір каналдарын пломбалау;
Штифт түріне байланысты түбірге штифті енгізуге дайындау;
Штифті мүсіндеп, металға айырбастау;
Штифт ауыз куысында шақталып, цементке бекітіледі, қалып алынады.
Жұмысшы және көмекші мүсін құю;
Протездің аралық бөлігі және штифті тістің сауыт бөлігі мүсінделеді (көбіне тұтас құйылған метал қаңқа қолданылады) .
Көпірлі протездің клинико-лабораториялық кезеңдерімен жалғасады.

Пластмассадан жасалған көпірлі протез(көбіне алдыңғы топ тістерін жоғалтуда қолданылады) .
Клиникалық
Лабораториялық
Қарап тексеру, диагноз қою, ем жоспарын құру.
Тісті егеу, екі қабатты қалып алу;
Орталық оккюзияны анықтау
Пластмассаның түсін таңдау;
Мүсін құю.
Сауытын және аралық бөлігін мүсіндеп, пластмассаға алмастыру, қңдеу, жылтырату.
Бағалау, ауыз қуысында шақтау, тұрақты бекіту.

Тұтас құйылған көпірлі протез
Дәнекерленген қаңқаға қарағанда бірнеше артықшылықтары бар:
Дәнекерленген бөлігінің болмауы жоғарғы беріктілікті береді;
Біруақытта тіректі сауытын және аралық бөлігін мүсіндеу функциональды жағынан тиімдірек (эффективным) етеді;
Дәнекерленген бөлігінің түсінің өзгеруі болмайды;
Тұтас құйылған көпірлі протез патологиялық қажалуда, терең жарақаттық тістемде қолдануға қолайлы.


Көпірлі протездеуде жіберілетін қателіктер:
1. Тірек тістер жағдайын дұрыс бағаламау;
2. Тірек тістердің санында қателіктер жіберу;
3. Антогонистермен окклюзиялық қатынасының бұзылуы;
4. Шырышты қабатқа қатынасты көпірлі протездің денесін, тіректі жасанда сауыттырда, шайнау тістерінде төмпешіктерді мүсіндеу кезіндегі қателіктер;
5. Дәрігердің көпірлі протез қолдану көрсеткішін кеңейтіп алуы (расширение показаний к мостовидным протезам)

1. Тірек тістер жағдайын дұрыс бағаламау:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz