СПАНДИЯР КӨБЕЕВ




Презентация қосу
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты

СПАНДИЯР КӨБЕЕВ

Орындаған: Дүйсенова Ләззат
3-курс, 8-топ студенті
Тексерген: Ибраева Айзат
Өмірі

(1878-1956)
Көбей Жансүгіров

Айтбоз

Әбжан Кәмел Мұқаш Тайкенже

Оспан Мизам Спандияр
Ыбырай мен Спандияр
Халық ағарту ісі
С.Көбейұлының мұғалімге қояр талап ойлары:
1. Оқытушы теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси білім,
мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болу керек.
2. Оқытушы қоғамшыл, қоғам жұмысына белсене қатысып отыратын адам
болуы керек.
3. Оқытушы өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы
мамандықтың жетіле беру жолында қажымай, талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп,
педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет.
4. Оқытушы өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сондай-ақ ғылымның әр
саласынан көп хабары бар, жан-жақты білімді, мәдениетті болуы шарт.
5. Оқытушы әрбір оқушының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, өз
оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін болуы қажет.
6. Оқытушы өз оқушыларымен тығыз байланысты, олармен дос, олардың қойған
тілектеріне көңіл қойып, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұң-
мұқтажына ұдайы көңіл қойып отыратын қамқор болуға тиіс.
7. Оқытушысы өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын
орындатқанда, оқушыларды жақсылап ұғындыру арқылы барлық істегі
саналылығы мен ұқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілілігі арқылы орындатып
отырытын адам болуы керек.
Спандияр Көбеев «Баланы семьяда тәрбиелеу» Мектеп, 1965
Бала тәрбиесі – қиын да қызықты да іс. «Ұстаздық қылған жалықпас» -,деген еді Абай. Тек
жалықпаған мұғалім ғана бұл жұмыста ойдағыдай нәтижеге жетеді. Бұған енді бір қағиданы қоса
айтпаса болмайды. Мектеп тәрбие мен семия тәрбиесі тығыз ұштасып, бір жерден шыққан күнде
ғана оның нәтижесі әрі дәйекті, әрі тиянақты болмақ. Мұның себебі, әр баланың мінезінің біріне
ұқсамайтыны сияқты, әр семияның тәрбиесі де әр келкі. әр бір ата-ана баласына өзінше ақыл
айтып, өзінше тәрбие береді.
С. Деген бала үйінде мазасыз болған. Үй ішінде жөнді тыныштық пен тамақ та ішкізбейді
екен. Далаға шықса, майайдың баласын қыран жапқандай қылады екен. Мектепке келгеннен
кейін ол өзінің үйреншікті жұмысын іштей бастайды. Оқытушы оны тәрбиелеуге нәтижесінде әлгі
бала түзеліп, мектеп тәрбиесіне көніп, үйдегі жаман мінез – құлқтың бірі жоқ, жақсы тәлім тәрбие
алған балалардың қатарына қосылып, тәртіпті баланың бірі болады. Бір күні көшеде жүрген
оқытушыға жолығып, әлі баланың әкесі А. Оқытушымен көп әңгімелесіп, совет мектебіне өзінің
ұшан теңіз ризалығын білдірген. Бұл – мектепке, оқытушыға зор қуаныш емес пе?!
Бұл, әрине, сирек кездесетін жағдай. Үйде бетімен өскен баланың ілуде бірі ғана жаңа ортаға
әрең үйренісіп, зорға көндігеді. Ондай бала мектеп тәлім тәрбиесіне көндігіп, кеткенмен де «
Жүйріктің ұрыншақтығы қалса да қырыншақтығы қалмас» дегендей, әйтеуір бір шәлкем шалыс
мінез шығармай қоймайды. Оның жарамсыз істері – мектептегі оқытушыларға үйдегі ата –
анасына уайым. Сайып келгенде баланың ата – анасы, біздің баланы кой ол адам болмайды» - деп,
одан бір жолата күдер үзеді. Осындан келіп ата –анасына көңілі қалып, мектептен де үміт үзіп, өзін
бір панасыз, қорғансыз адамға есептеп кететін бала да болады. Сабағын зейін салып оқымай,
мектепке кейде барып, кейде бармай, оқытқан ұстазының кейде тілін алып, кейде алмай жүретін
әдетке ұшырайды. Ондай баланы бетімен жіберу қате. Баланың ата –анасы болып, мектеп өз
класының жиналысына салып, баланың теріс қылықтар істемеймін деген уәдесін алып, мектепте
бір жауапты жұмысы тапсырып тапсырманы қалай орындайтынын бақылап, қадағамап отырса,
бала мектептегі алдынғы қатарлы шәкірттердің бірі болып шығуы сөзсіз.
КЕЙБІР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ
“ОҚЫТУШЫНЫҢ БЕДЕЛДІ БОЛУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ”
... Менің ойымша, ең алдымен оқытушы өз оқушыларының алдында беделді және
үлгі көрсетуші адам болу керек. Мұнсыз оқушыларды дұрыс тәрбиелеу мақсатына
жету қиын, тіпті мүмкін емес дер едім...
Менің ойымша, біріншіден, ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің
идеялық-саяси білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы керек.
Екіншіден, оқытушы қоғамшыл, қоғам ждұмысына белсене қатысып отыратын адам
болуы керек. Үшіншіден, оқытушы өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін,
осы мамандықтың жетіле беру жолында арымай-талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп
педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет. Төртіншіден,
оқытушы өзі сабақ беретін пәндә толық меңгерген, сонымен бірге, ғыламның әр
саласынан көп хабары бар жан жақты білімі бар мәдениетті болуы қажет. Бесіншіден,
ол өзінің әрбәр оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, балаларды, өз
оқушылырды жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін болуы қажет. Алтыншыдан,
оқытушы өз оқушыларымен тығыз байланысты, олармен дос, олардың қойған
тілектеріне көңіл қойғыш, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұқтажына
ұдайы көңіл қойып отыратын қамқор болуға тиіс. Жетіншіден, оқытушысы өз
оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын орындатқанда, оқушыларды
жақсылап ұғындыру арқылы, барлық істегі саналылығы мен үқыптылығы,
мәдениеттілігі мен үлгілігі арқылы орындатып отыратын адам болу керек.
Сегізіншіден, оқытушы керек болған жағдайда, жаза тарттыра отырып, бұл шараны
балаладың, оқушының тәртіпті болуын жақсы тәлім тәрбиелі және саналы болуын
көздеп жүргізетін адам болуы қажет.
Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу
«Баланы жастан...» - дейді қазақ мақалы, өте дұрыс айтылған мақал. Баланы
мәдениеттілікке, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, оның ата анасының да,
мектептің де ең басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бала үйде де, түзде де, мектепте де, жол үстінде де, кинотеатрларда да, мейлінше
мәдениетті, мейлінше әдепті, мейлінше сыпайы болуы керек.
Балаларды жас басынан әдепті, таза, ұқыпты, мейірімді, отаншыл, ұжымшыл
етіп баулу – оларды адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Ол жас
ұрпақтың биік адамгершілік рухында тәрбиеленуі, демек, жас ұрпақтың, әр
баланың кішкене күнінен бастап, әуелі адамды қадірлейтін, адамды сыйлайтын
болып өсуі. Кішіпейілділік, сыпайылық, адамға деген мейірімділік, адамды
құрметтеу, адамдардың айтқанына көңіл қою, тыңдау, керек болған жағдайда
қолдан келген қадірінше адамға көмектесу – мәдениеттіліктің басты бір белгісі
болып табылады.
Бірақ, кейде балалардың, жастардың арасында, тіпті кейбір үлкен адамдардың
арасында да, өте тұрпайы, ерсі сөздерді айтып тұрған балаларды, тіпті үлкен
адамдарды да кездестіріп қала бересінің. Мұның өзі көп реттерде баланың үйдегі
тәрбиесінің кемдігінен болады.
Балаларды оқуға ынталандыру тәрбиесі туралы
Кім де болса, өз баласының үздік оқушы болуын жақсы көреді. Бұл заңды да,
солай болуға тиісті де. Бірақ балалардың бәрі бірдей үздік оқушы бола бермейді,
тіпті өте нашар оқитын, бір сыныпта екі жыл отыратын бала да болады. Осындай
нашар оқитын балалардың ата анасы, көп реттерде балаларының артта қалуын
не мұғалімнен көреді, не баланың өзінен көреді. Баланың жақсы оқуын оның
оқуға деген ынтасына байланысты екенін олар ескермейді. Бала неғұрлым оқуға
ынталы болса, соғырлым оқуды да жақсы оқиды. Бірақ кейбір ата - ана:
Менің балам мектепке бармасиан бұрын пысық, айтқанды тез аңғаратын бала
еді, мектепке барғаннан бері “кері кетті” - деп мектепті кінәлайды.
Ал, бағзы бір ата - ана баласының жақсы оқи алмағандығын оның
“жаратылысынан қабілетсіз, зейінсіз туғандығынан” көреді. Мұндай ата аналар
әдетте:
Меңіре, кеще, айтқанды ұқпайды, - деп баланың еңсесін түсіріп, тауын шағып,
мүлдем жасытып жібереді.
Мұндай ата - аналар баланың нашар оқуына өздері де кінәлі екендігін
аңғармайды. Біз әлгінде баланың жақсы оқуы оның оқуға деген ынтасына
байланысты дедік. Дегенмен, баланың оқуға ынталы болуы оның оқу жасына
дейінгі үйдегі тәрбиесіне де байланысты.
С.Көбейұлының мұғалімге қояр талап ойлары:
1. Оқытушы теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси білім,
мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болу керек.
2. Оқытушы қоғамшыл, қоғам жұмысына белсене қатысып отыратын адам
болуы керек.
3. Оқытушы өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы
мамандықтың жетіле беру жолында қажымай, талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп,
педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет.
4. Оқытушы өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сондай-ақ ғылымның әр
саласынан көп хабары бар, жан-жақты білімді, мәдениетті болуы шарт.
5. Оқытушы әрбір оқушының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, өз
оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін болуы қажет.
6. Оқытушы өз оқушыларымен тығыз байланысты, олармен дос, олардың қойған
тілектеріне көңіл қойып, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұң-
мұқтажына ұдайы көңіл қойып отыратын қамқор болуға тиіс.
7. Оқытушысы өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын
орындатқанда, оқушыларды жақсылап ұғындыру арқылы барлық істегі
саналылығы мен ұқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілілігі арқылы орындатып
отырытын адам болуы керек.
Спандияр Көбеев
жайлы жазылған
мақалалар
Педагог – жазушы. «Пионер» 1953 ж. 7 – 12 бет
Өткен жылы қазақтың оқу – педагогикалық баспасы қарт жазушы, көрнекті педагог
Спандияр Көбеевтің «Орындалмаған арман» атты жаңа кітабын басып шығарды.
Жазушы өзінің ұзақ жылдық педагогикалық қызметі жайын шығармаға өзек ете отырып,
бұл кітапта қазақ халқының өткендегі өмірі мен қазіргі кеңестік дәуірді әңгіме етті.
С.Көбеев 1901 жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеп келеді. Өзінің оқытушылық
қызметінің алғашқы кезінен бастап – ақ ол артта қалған қазақ ауылына «мәдениеттің
шамшырағын жағуды» арман етті. Бұл жолы да ол бұқара халықпен тығыз байланыс
жасайды. Жергілікті әкімдер Спандиярдың бұл қызметіне қарсы болды. Оған өкімдік,
зорлық көсетті. Өзінің аға оқытушылық қызметіне орыстың классикалық әдебиетін
пайдаланды. Ол елге А.С.Пушкиннің «Дубробский» мен Н.В.Гогольдің «өлі жандарын»
әңгімелеп айтып беріп таратты. Ел ішіндегі бай, молда, ұлықтарды әшкерелеу мақсатымен
Крыловтың мысалдарын аударды. Оның Крыловтан аударған 40 шақты мысалдары «үлгілі
тәржіме» деген атпен 1910 жылы Қазақ қаласында басылып шығады.
Бұдан кейін С.Көбеев Ы.Алтынсариннің үлгісімен қазақ балаларына арналған оқу кітабын
құрастырады. Ол үлгілі бала деген атпен 1912 жылы басылады. Оған жазушы өз
жазғандарын, орыс әдебиетінен үзінділер ауыз әдебиеті нұсқаларын кіргізді. 1913 жылы
С.Көбеевтің «Қалың мал» романы басылып басылып шағады. Романның негізгі тақырыбы
– революциядан бұрынғы қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік, қазақ әйелінің бас
бостандығы мәселесі. «Қалың мал» – қазақ әдебиеті тарихындағы прозалық тұңғыш
кесек еңбек, алғашқы роман. Сондықтан да ХХ ғасырдың бас кезінде демократиялық
әдебиеттің өкілі есебінде С.Көбеевтің орны бар.
С.Көбеевтің ұлы арманы кеңес өкіметі тұсында іске асты. Ол мәдениетті халықты гүл
жайнаған отанын көріп шаттанады. 1944 жылы С.Көбеев «Қазақ ССРО – іне еңбегі
сіңген оқытушы» атағы берілді. Ол екі рет Ленин орденімен марапатталды.
С.Көбеев – қазақ халқының көрнекті педагог – жазушысы.
«Ленин туы» 22 тамыз 1993, 4бет. Педагог, жазушы, азамат. Авторы:
Жүніс Ізбасов
Қазақ жерінде алғаш мектеп ашып, оқытушылық қызыметпен айналысқан
Ы Алтынсарин болса, С. Көбеев сол Алтынсарин ашқан мектептен оқып, тәлім тәр-
бие алған адам. Спандиярда алғаш мектепке орналастырған да Ыбырай. Ал
Спандияр Көбеев – Ыбырайдың шәкірті ғана емес , оның жолын берік ұстанған, табанды
мұра- герінің бірі. Сондықтан да ол өзінің өмірін соңғы күндеріне дейін педагогтық
қызымет пен жазушылықты тығыз ұштастыра білді. Сондықтанда Спандиярдың
жазушылық қызметін оның педагогтық қызыметінен мүлде бөле қарауға болмайды.
С. Көбеевтің алғашқы кітабы «үлгілі тәржімә» (И .Крыловтан аударма) 1910 жылы
басылды. Освыдан бастап ол оқытушылықпен қатар жазушылық қызыметпенде
айналысады. Оның 1912 жилы басылған «үлгілі бала» атты оқу құралы да бар. Бұл
негізінен педагогикалық еңбек. Алғашқы ашылған қазақ мектептерінде оқу құралының
тапшылығын өз көзімен көрген Спандияр Ыбырай ізімен хрестоматия құрастырды. Оған
бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқуына жеңіл , шағын әңгімелер, ертегілер,
өсімдік табиғат және оның құбылыстары, жануарлар дүниесі жөнінде мәліметтер
қарастырылған.
Ал 1913 жылы Қазанда оның атақты «Қалың мал» атты романы басылып шықты.
Қазақтың жазба әдебиеті тарихында тұңғыш роман саналатын бұл шығармада
автор қазақ ауылындағы ескілік салтпен әдет ғұрыптарға қарсы үн көтерді. Ол бұл

романында көркем обрз арқылы әлеуметтік маңызы бар үлке екі мәселені қазақ
әйелінің басындағы аянышты хәлді, ауылдағы тап тартысын жазды. Осы қалың мал
романы кейін жазушы шығармашылығында көп жылдық үзіліс бар. Ол – өзінің
кейінгі кездегі ауырулығы және оқытушылық қызыметке бір жолата берілуі сабепті
ұзақ уақыт жаза алмады.
50 ЖЫЛ ПЕДАГОГТІК ҚЫЗМЕТТЕ
(«Социалистік Қазақстан» газет 1953 жылы 29 желтоқсан.)
С.Көбеев 1878 жылы Торғай облысы, қостанай уезі, Обаған болысының №3 ауылын-
дағы кедей отбасында туылды. С.Көбеев 9 жасында жергілікті байлардың қарсылы-
ғына қарамай ауылдық орыс- қазақ мектептердің біріне оқуға түседі. Бұл мектепті
сол кезде Торғай облысында қазақ мектептерінің инспекторы болған, қазақтың аса
көрнек- ті ағартушысы, ақыны және педагогы Ы.Алтынсарин ұйымдастырған
болатын. Бұл тамаша адамның ақылы кеңесімен талапты жас ең алдымен ауыл мектебін,
одан кейін Қостанай қаласындағы бір, екі сыныптық орыс, қазақ мектебін ойдағыдай
бітіріп қазақ мектептері үшін мұғалім даярлайтын педагогикалық сыныпқа оқуға түседі.
1901 жылы С.Көбеев ауыл мұғалімі дәрежесін алады.
Өзінің мұғалімдік қызметін с.көбеев ең шалғай жатқан қиыр түкпірде – Ырғыз уезінің
Торгай ауылдық мектебінде бастайды. Мәне содан бері балаларды оқытуға және
тәрбиелеуге байланысты оның қажырлы, жемісті еңбегі тек ауылда ғана өтіп келеді.
Патша режимі мен қазақ байларының үстемдік билігі жағдайында С.Көбеев көптеген
қиыншылықтарды бастан кешірді. Ол кезде оқулықтарда, дәптерлерде және басқа оқу
құралдары да жетіспейтін. Қызметінің алғашқы кезінде жас мұғалім байлар мен
мұсылман дін иелерінің дұшпандық көзқарастарына душар болды. Ол қараңғылық пен
надандықты уағыздаушыларға қарсы батылдықпен аяусыз күрес жүргізді. Өзінің ұстазы
Ы.Алтынсариннен үлгі ала отырып, С.Көбеев ұлы орыс жазушылары Крыловтың,
Пушкиннің, Некрасовтың, Гогольдің шығармаларын асқан ықыласпен оқып,
үйренеді.
Ол кезде ол жергілікті байлар мен дін иелерін өлтіре мінеу, әжуәлау үшін Крыловтың
сатиралық мысалдарын аударды. Крыловтың С.Көбеев аударған мысалдары
ауызша
тез тарады. С.Көбеевтің әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуына және
С. Көбеев жұмыс кабинетінде
Шәкәрімнің Жидебайдағы бейіті

Молама, есіңе алып келесіңдер,
Сөзімді оқып, ойланып көрерсіңдер.
Айтқаным тапжылмай келгеніне
Көз жетіп сонда ғана сенерсіңдер.
Шәкәрім Құдайбедіұлы

«Қазақ КСР-на еңбегі сіңген оқытушы» атағы
Герою произведения.
Учителю моему посвящаю.
Ваш ученик Х.Наурызбаев. 12.07.1953 г.
Молама, есіңе алып келесіңдер,
Сөзімді оқып, ойланып көрерсіңдер.
Айтқаным тапжылмай келгеніне
Көз жетіп сонда ғана сенерсіңдер.
Шәкәрім

Абай мен Шәкәрімнің кесенелері
С.Көбеев, әйелі Меруерт және жиені. Маусым, 1956 жыл.
Ұлыдан ұрпақ
қалса игі..

С.Көбеев Шәміл, Нәзір, Сәбит есімді балаларымен бірге.
Ақынның
шығармашылық
әлемі
Мысал – Басня
Мысал – қызықты қысқа шығарма. Ол
өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады.
Тек адамдар ғана емес, хайуанаттар,
жәндіктер де, түрлі – түсті нәрселер
де мысал қаһарманы болып әрекет
жасайды. Мысал шығармада автор
жануарларды, құстар мен
өсімдіктерді суреттегенде оларға
адамға тән қасиеттерді дарытады,
сол арқылы адамдар бойындағы
кемшілікті, мінді күлкіге айналдырып,
жақсылықты, адамгершілікті,
әділдікті дәріптейді. Мұндай
астарлы, тұспал мәнді суреттеу
тәсілі АЛЛЕГОРИЯ деп аталады.
Сөйтіп, мысал дегеніміз – өнеге айту
сипатындағы шағын аллегориялық
шығарма.
“Үлгілі тәржімә”
«Күйеу таңдаған сұлу қыз» - «Разборчивая невеста»
«Емен ағаша мен талшыбық» – «Дуб и трость»
«Үш жігіт пен бір шал» – «Старик и трое молодых»
«Шал мен өлім» – «Крестьянин и смерть»
«Қасқыр мен тырна» – «Волк и журавль»
«Маймыл мен айна» – «Зеркало и обезьяна»
«Қасқыр мен мысық» – «Вол и кот»
«Ашық шымшық пен көгершін» – «Чиж и голубь»
«Маймыл мен көзілдірік» – «Мартышка и очки»
«Аққу, шортан һәм шаян» – «Лебедь и щука и рак»
«Қарға мен түлкі» – «Ворона и лисица»
«Көл бақа мен өгіз» – «Лягушка и волк»
«Аңға шыққан арыстан» – «Лев на ловле»
«Маймылдар» – «Обезьяны»
«Аю мен мүсәпір шал» – «Пустынник и медведь»
«Қасқыр мен қозы» – «В–олк и ягненок»
«Құмырсқа мен шегіртке» – «Стрекоза и муравей»
«Түлкі мен жүзім жемісі» – «Лисица и виноград»
«Екі көгершін» – «Два голубья»
«Әтеш пен меруерт тас» – «Петух и жемчужное зерно»
«Арыстан мен сары масалар» – «Лев и комар»
«Арыстан мен кісі» – «Лев и человек»
«Есек пен сандуғаш» – «Осел и соловей»
«Ағаштың тамыры мен жапырағы» – «Листы и корни»
«Етікші мен бір бай кісі» – «Откупшик и сапожник»
«Қарға» – «Вороненок»
«Пәлеге ұшыраған қара шекпен» – «Крестянин в беде»
«Маймыл» – «Обезьяна»
«Шортан мен мысық» – «Щука и кот»
«Екі төбет» – «Собачья дружба»
«Үш қатынды бір кісі» – «Трое женец»
«қара шекпен һәм жылан» – «Крестьянин и змея»
«Әкім тілеген көлбақалар» – «Лягушки, простьяшие царья»
«Көлбақа мен Юпитер» – «Лягушка и Юпитер»
«Бүркіт һәм ара» – «Орел и пчела»
«Аң ауласқан қоян» – «Заяц на ловле»
«Арыстан мен тышқан» – «Лев и мышь»
Оригинал – аударма
«Қасқыр мен тырна» оригиналда 20 жол болса, аудармада
одан екі еседен де артық, 54 жол. «Маймыл мен айна
оригиналда 20, аудармада 36, «Шымшық пен көгершін»
оригиналда 10, аудармадар 22, «Аққу, шортан һәм шаян»
оригиналда 12, аудармада 32, «Түлкі мен жүзім жемісі»
оригиналда 13, аудармада 32, «Есек пмен сандуғаш»
оригиналда 29, аудармады 48, «Үш қатынды бір кісі»
оригиналда 29, аудармады 58, «қара шекпен мен жылан»
оригиналда 19, аудармада 46, «Бүркіт пен ара» ригиналда 33,
аудармада 56, «Аң ауласқан қоян» оригиналда 18, аудармада
33, «Арыстан мен тышқан» оригиналда 33, аудармада 72 жол,
т.б.
Аққу, шортан, Һәм шаян
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады аққу көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Асылы жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
***
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Сөздік
Шаян – рак
Шортан – щука
Аққу – лебедь
Кейін – назад
Жұлқиды суға қарай – тянет в воду
Машақат – трудность
Күштерін аямай – ақ – не жалея силы
Ауыр емес – не тяжелый (ая, ое)
Асылы орнынан жүк қозғалмады – и все же не сдвинули с
места груза
Орнында тұр – стоит на месте
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс – здесь: от того что
не было согласие
Кейіпкерлерге мінездеме беру

Аққу қандай?
Шортан қандай?
Шаян қандай?
Қарға мен түлкі / Ворона и Лисица

Ұқсас жұмыстар
Кім шапшаң
ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
КІЛТ СӨЗДЕР:
ХХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті, мәдениеті, қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат
Ана тілі пәнінен ашық сабақ
Әдеби сын
Проблемалық сұрақ
Ана тілі
Тәрбие оның мәні және қоғамдағы атқаратын рөлі
Қостанайдағы орыс - татар мектебі
Пәндер