Қазақстан Республикасындағы атқарушы биліктің әкімшілік-құқықтық нысандары мен органдары


Slide 1

Қазақстан Республикасындағы атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық нысандары.

Slide 2

Жоспар

1. Атқарушы билік органдары

2. Министрліктер

3. Агенттік

4. Ведомство

5. Жергілікті атқарушы органдар

Slide 3

Негізгі ұғымдар: Басқару, әкімшілік құқық, билік органдары, мемлекеттік қызмет

Slide 4

Мемлекеттік басқару -мемлекеттік билікті жүзеге асыру, билікті іске асыру жөніндегі ҚР мемлекеттік органдар қызметінің түрлерінің бірі. Мемлекеттік биліктің мәні мен құрылымы Конституция мен конституциялық заңдарда көрсетілген.

Slide 5

Атқарушы билік органдары:

Қызмет сипатына қарай : салалық құзіретті органдар, сала аралық құзіретті органдар, бақылау, қадағалау, мандандырылған мемлекеттік органдар.

Салалары мен қызметінің сипаты бойынша :

Экономика саласы бойынша: экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, қаржы т. б.

әлеуметтік - мәдени сала бойынша: білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, туризм және спорт т. б

Әкімшілік- саяси қызмет саласы бойынша: әділет органдары, ішкі істер, қорғаныс, кедендік бақылау т. б.

Жоғарғы атқару билігі: ҚР Президенті мен Үкіметіне беріледі.

ҚР Орталық атқару органдары: министрліктер, агенттіктер, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ведомствалар, жергілікті атқару органдары.

Slide 6

Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.

Slide 7

Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Slide 8

Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады.

Slide 9

Агенттік - Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.

Slide 10

Ведомство - өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.

Slide 11

Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны - министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.

Slide 12

Жергілікті атқарушы органдар - әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.

Slide 13

Жергілікті атқарушы органдар - жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.

Slide 14

Әдебиеттер

1. Баянов, Е. Б., Баянова А. Е Әкімшілік құқық (ерекше бөлім) : Оқулық - Алматы, 2022 2. Жетписбаев, Б. А., Сартаев С. Д Организация мер борьбы с административными правонарушениями несовершеннолетних : учебное пособие . - Алматы, 2016.

3. Жетписбаев, Б. А., Сартаев С. Д Организация мер борьбы с административными правонарушениями несовершеннолетних : учебное пособие . - Алматы, 2019.

4. Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях ] : практическое пособие. - Алматы, 2019.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: құрылымы, түрлері және атқарушы биліктің қызметі
Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары: құрылымы, қызметі және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары: құрылымы, қызметі және қағидаттары
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы кеден құқығының құқықтық негіздері мен институттары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінің құрылымы мен өкілеттіктері
Әкімшілік құқық нормалары мен әкімшілік-құқықтық қатынастар: 2-дәрістің жоспары
Атқарушы органдарды қаржыландыру және басқару функцияларының бюджеттік-құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығы: қағидалар мен нормативтік-құқықтық негіздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz