Төтенше жағдайларда халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру: сатылы емдеу, іріктеу және сана деңгейін бағалау


Slide 1

Бейбіт және әскери уақыттағы ТЖ-да халыққа көмек көрсетудің медициналық қызметінің міңдеті, принципі

ШЖҚ “Жоғарғы медициналық колледжі” КМК КГП на ПХВ “Высший медицинский колледж” УОЗ

Орындаған: Ғалымбекова А. Ғ

Тексерген:Абылайқызы Н.

2022жыл

Slide 2

ТЖ кезінде жараланғандарға медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру негізінде сатылы емдеу қағидасы жатыр. Оны белгілі орыс хирургі В. Л. Оппел бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тәжірибесіне сүйеніп ұсынды. Оның идеяларын кеңес одағы хирургтары және Ұлы Отан соғысы алдында 1941 - 1945 жж. «белгіленген жерге тасымалдаумен сатылы емдеу» жүйесін жасап шығарған денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырушылары енгізді (Б. К. Леонардов, Л. И. Тимофеевский, Е. И. Смирнов, Н. Н. Бурденко және т. б. ) . сатылы емдеу жүйесінің мәні медициналық көмекті көрсету, емдеу және жаралыларды тасымалдау үрдістерін біріктіруде.

Slide 3

ТЖ кезінде жаралыларды емдеу мен медициналық көммекті көрсетуді ұйымдастырудың маңызды элементі медициналық іріктеу (пунктішілік және эвакотранспорттық) .

Пунктішілік іріктеу - бұл тасымалдаудың аталған сатысында біртекті емдік-профилактикалық шараларды қажет ететін жаралыларды белгілі бір кезектілікте және медициналық көмекті алу орны бойынша топтарға бөлу.

Эвакотранспорттық іріктеу жаралыларды ары қарай эвакуациялау, эвакуация кезектілігі, көлік түріне және көліктегі науқастың орналасу жағдайына байланысты топтарға бөлу.

Slide 4

Пунктішілік медициналықіріктеуде МПп-да жаралыларды келесі топтарға бөледі:

Біріншілік дәрігерлік көмекті шұғыл көрсетілуін қажет ететіндер (оларды таңу бөлмесіне бірінші жібереді) ;

Дәрігерлік көмекті кезек бойынша қажет ететіндер;

Slide 5

Шұғыл квалификацияланған хирургиялық көмекті алу үшін бірінші кезектегі эвакуацияны қажет ететіндер. Оларға іш қуысы және жамбас мүшелері зақымдалған, іш қуысына қан кетіп жатқан жаралылар; кеуде қуысы енген жарасы бар және плевралды қуысына қан кетіп жатқандар; бас миы зақымдалған және бас миы жаншылуы үдеп келе жатқан; анаэробты инфекциясы бар жаралылар жатады. Қабылдау - іріктеу бөлімінде көмек көрсетілген соң олар эвакуациялық бөлімге жіберіледі;

Slide 6

Жеңіл жарақаттанған, 5 күн ем алатындар - беткей жарақаттары бар және жұмсақ тіндері жаншылғандар, оларды жазылып келе жатқан МПп штаттық емес тобына жібереді;

Агониядағы жаралылар, оларға жаппай өлім - жітім жағдайында тоқтат тұратын шаралар жүргізіледі (ауырсынуды басатын, инфузионды ерітінділерді көк тамырға тамшылатып жіберу) . Бұл жаралылардың жағдайын тұрақтандырғаннан кейін қажетті көмек көрсетіліп, эвакуацияланады.

Slide 7

Сана жағдайын бағалаудың негізгі клиникалық сипаттамалары (А. И. Коновалов және т. б., 1982) :

Анық сана - толық сақталған, қоршаған жағдайға адекватты реакция, толық ориентация, сергек.

Шамалы естен тану - шамалы ұйқышылдық, жартылай дезориентация, сұрақтарға кідіріп жауап беру (жиі қайталау қажет), бұйрықтарды баяу орындау.

Терең естен тану - терең ұйқышылдық, дезориентация, толығымен ұйқы жағдайында, тілдік қарым қатынаста шектелген және қиналып жауап береді, қайталанған сұрақтарға қысқа жауап, тек қарапайым бұйрықтарды орындайды.

Slide 8

Сопор (санасыздық, қатты ұйқы) - сананының толығымен болмауы, мақсатты бағытталған, координацияланған қорғаныс қозғалыстары, ауырсыну және дыбыстық тітіркендіргіштірге көзін ашу, сұрақты бірнеше рет қайталағанда қысқа эпизодты жауап, қозғалыссыз не автоматтандырылған стереотипті қозғалыстар, жамбастық қызметтерді бақылаудың жоғалуы.

Шамалы кома (I) - оянбайды, ауырсыну тітіркендіргіштеріне теңдестірілмеген хаотикалық қорғаныс қозғалыстары, тітіркендірігштерге көзін ашпайды және жамбастық қызсеттерді бақылаудың жоғалуы, тыныс алу мен жүрек қан тамырлар жүйесі жеңіл зақымдалуы мүмкін.

Slide 9

Терең кома (II) - оянбайды, қорғаныс қозғалыстары жоқ, бұлшық ет тонусы бұзылған, сіңірлік рефлекстер тежелген, тыныс алу айқын бұзылған, жүрек қан тамырлық декомпенсация.

Терминалды кома (III) - агональды жағдай, атония, арефлексия, витальды қызметтер тыныс алу аппаратарымен және жүрек қан тамырлық препараттармен сақталған.


Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлар мен апаттарда жедел және шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру
Апат медицинасы және төтенше жағдайларда медициналық көмек көрсету негіздері
Емдеу-тасымалдау іс-шараларын ұйымдастыру: тұжырымдамасы, кезеңдері, медициналық іріктеу және эвакуация
Жедел медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету принциптері мен алгоритмдері
Жекелеген пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру: бастапқы медициналық-санитариялық көмектің жүйелік негіздері
Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру, жүктілікті диспансеризация және ана мен перинаталдық өлім қаупін бағалау
Қазақстан Республикасында психикалық денсаулық саласындағы медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру
Психиатриялық және наркологиялық көмекті ұйымдастыру принциптері мен практикалық аспектілері
АМСК жағдайындағы психиатриялық және наркологиялық көмекті ұйымдастыру
Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және перинаталдық қызметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz