Электронды оқулықтың құрылымы



Итенова
Ақсұңқар
Нұртасқызы
М. Мөңкеұлы
атындағы орта
мектебінің
9 сынып
оқушысы

Тақырыбы:
Заман талабына сай
электронды
оқулықтың маңызы

Жоспар:
Кіріспе
І. Білім беру жүйесіндегі ақпараттандырудағы
электрондық оқулықтардың орны
ІІ. Электронды оқулық
2. 1. Электронды оқулықтың құрылымы
ІІІ. Электронды оқлықты құрастырудың әдістемесі
3. 1. Электронды оқулықтың тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Мақсаты:
Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде
бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс
қабілетін дамыту.
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,
логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуге барлық жағдайды
жасау.
3. Орта білім беру жүйесінде жаңа білім алу
технологиясын жан-жақты өзгертуге жол ашу

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі деп атап көрсетілген. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.

Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Дәстүрлі оқыту меңгерудің
4 деңгейінен тұрады
Репродуктивтік
Эвристикалық
шығармашылық
Алгоритмдік

Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады.
Компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар
Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім жүйесінің міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп жазылған.
Ақпараттандыру-бұл оқыту мен тәрбиенің психологиялық-педагогикалық міндеттерін жүзеге асыруда білім беру жүйесінде қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың теориясы және практикасымен қамтамасыз ету. Білімді ақпараттандыру-біліми жүйелерді реформалаудың барлық негізгі бағыттарын қамтитын маңызды механизмі болып табылуда. Оның басты міндеттері ақпараттық технологияның келесі артықшылықтарын тиімді қолдану болып отыр.

XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл салауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.
Қай елде болсын қазіргі ақпараттық технологиялар қолдану мен дамыту деңгейі, материалдық базасының дамуы мен қатар, ең алдымен қоғамның интеллектуалдық деңгейімен, жаңа білімді жинақтау, меңгеру және қолдана білу қабілетімен анықталады. Барлығы, сайып келгенде, елдің білім жүйесінің даму деңгейімен және білімді ақпараттандыру проблемасымен байланысты. Осыған орай, білім беруді ақпараттандыру -экономиканың, ғылымның және мәдениеттің жедел дамуын анықтайтын түйінді шарты болып табылады.

Электронды оқулық-дисплей экранына көрінетін жай ғана мәтін емес, ол-оқушыға өз жолымен көрнекті материалды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе. Оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндік береді.

Электронды оқулықтың екі түрі бар
жабық электронды оқулық
интернет оқулық
Тәуелсіз және тұрақты болып табылатын пәндік дәстүрлі оқулыққа арналған. Ол дербес компьютерде немесе локальді желіде қолданылады.
Интернет оқулық-ашық оқулық. Ол сыртқы ақпарат көздеріне сілтейді және глобалды желінің серверлерінің бірінде орындалады.

Электронды оқулықты құрайтын ең қажетті бөліктерінің бірі-курстың барлық тақырыптарын қамтитын гипермәнді оқулық. Оқулықты оқу құралы ретінде немесе конспект-анықтама ретінде қолдануға болады.
Оқулық төмендегі жағдайларды қамтамасыз етуі керек
курс бойынша түсінікті навигация
курстың іздеу кешеніне көшпей-ақ берілген тақырып бойынша іздеу
бұрын ашылған тақырыпқа қайта оралу мүмкіндігі

Электронды оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты төрт бөліктен тұрады
Мақсаттылық компонент модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль-жергілікті, жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын түйіні болып табылады.
Операциялық компонент интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады
Мазмұндық компонент гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін-терминдерден, ұғымдардан, кестелерден, графиктерден және Гипермәтін бейне материалдармен медиаобьектілермен толықтырылған;
Нәтижелік бақылау компоенті тест алу жолымен немесе бақылау жұмысымен жүргізіледі.

Электрондық оқулығы көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да оқушыларға көп көмек көрсетеді. Оқушылар үшін электронды оқулықтар мектепте оқылған жылдардың барлығында да өздері толықтыра отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық-дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе. Бұл оқулықтың қажетерін бөлімдерін қайталап, игеру тәсілімен логикасында өзіне тән етіп таңдап алып отыр, осы сәтте ең керекті деген материалды қарап шығуға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтың құрылымы
Материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т. б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz