Маркетинг және маркетингтік зерттеулер: ұғымдар, құралдар және міндеттер


Slide 1

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГТЕГІ

ЗЕРТТЕУЛЕР

Slide 2

Маркетинг - компанияның сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы табыс табуға бағытталған іс-қимылдары.

Кең мағынада көптеген маркетологтар маркетингті бизнес

философиясы ретінде қарастырады, яғни нарықты зерттеу, баға

белгілеу жүйесі, клиенттердің қалауын білу және болжау,

тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олармен

байланысты тиімді қолдау және тиісінше өз кәсіпорны үшін пайда табу.

Slide 3

Нақтыласақ, маркетингтің логикалық, мақсаты клиенттердің қажеттіліктерін

қанағаттандыру болып табылады. Сондайақ, XX ғасырдағы менеджменттің ең

ықпалды теоретиктерінің бірі Питер Друкер де солай деп санайды және олы

былай деген: «Маркетингтің басты мақсаты - тауар немесе қызмет өзін-өзі сататындай

етіп клиентті тани білу.

Slide 4

Қазір біз нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Бизнесті жаңа бастап жатырсыз ба, әлде көп жылдан бері жүргізіп келе жатырсыз ба, бәрібір, нарықты зерттеу сіздің жұмысыңыздың маңызды және бірінші кезектегі бөлігі болып табылады. Өйткені өндірілген, бірақ нарықта сатылмаған өнім, ол қандай тамаша өнім болса да, сізге де, қоғамға да пайда (түсім) әкелмейді. Нарықтың жағдайы туралы ақпаратты зерттеу, талдау және өңдеу маркетингтік зерттеу деп аталады.

Slide 5

Маркетингтік зерттеулердің міндеттері әр түрлі болуы және оған мынадай қажеттіліктер болуы мүмкін: тауарды қалай сату керектігін, қандай баға қою керектігін, қандай ассортимент қажеттігін, клиенттермен қарым-қатынасты қалай құру керектігін, тауарды қайда сату және оны қалай жарнамалау керектігін түсіну.

Slide 6

Маркетинг құралдары

Product(өнім)

Тауар немесе қызмет адамдарға, әрине, барлығына емес, мақсатты аудиторияға қажет болуы керек. Өнім бәсекелестерге қарағанда жақсы немесе кем дегенде олардікінен нашар болмауы керек. Өнім дұрыс және сапалы болуы керек, себебі өнім болмаса- бизнес те болмайды. Сіздің өз өніміңіздің тұтынушы үшін қандай артықшылықтары бар екенін анық білуіңіз керек.

Price(баға)

Тауардың немесе қызметтің бағасы адекватты болуы тиіс. Егер сіздің тауаыңыз бәсекелесіңіздің тауарынан озық болса, онда бағасы және рентабельділігі - жоғары болуы мүмкін. Егер артықшылықтары жоқ болса, нарыққа шығу стратегиясы төмен баға болуы мүмкін.

Slide 7

Place(тарату)

Компаниядан тұтынушыға

баратын тауар қозғалысының

жүйесін ұйымдастыру

және тауардың физикалық

қолжетімділігін қамтамасыз

ету.

Promotion(алға жылжыту)

Тауардың идеясы мен құндылығын тұтынушыға жеткізу және оны сатып алуды ынталандыру.

1. Жарнама

2. Өткізуді ынталандыру

3. PR (қоғаммен байланыс)

4. Тікелей сату

Slide 8

Компанияның мақсатына жету үшін маркетинг қызметі мынадай міндеттерді шешуді білдіреді:

1. Нарықты егжей-тегжейлі зерттеу, клиенттердің қалауын терең талдау.

2. Нарықтағы баға белгілеу жүйесін мұқият зерттеу және ұйымның баға саясатын әзірлеу.

3. Бәсекелестердің қызметін талдау.

4. Компанияның тауарлары мен қызметтерінің ассортиментін құру.

5. Сұранысқа сәйкес тауарлар мен қызметтерді шығару.

6. Сервистік қызмет көрсету.

7. Маркетингтік коммуникациялар.

Slide 9

Қорытынды

Маркетингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде оны әзірлеу талаптарын қалыптастыру және зерттеу мәселесін анықтау қажет. Мәселені анық баяндау- табысты маркетингтің негізі. Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса, ол аздап шешілді деуге болады. Мақсаттар мен мәселелер неғұрлым анық және түсінікті белгіленсе, маркетингтік зерттеулер соғұрлым тиімді болады.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг пен маркетингтік зерттеулер: тұжырымдары, мақсаттары, әдістері және ақпараттық жүйелері
Маркетингтік ақпарат жүйесі мен маркетингтік зерттеулер: ұғымдары, жіктелуі, мақсаттары және әдістері
Маркетингтік ақпарат жүйесі мен маркетингтік зерттеулер: құрылымы, рөлі және әдістері
Маркетингтік зерттеулер: әдістері, ақпарат көздері және зерттеу кезеңдері
Маркетинг ұғымы және денсаулық сақтау саласындағы маркетингтік қызметтің даму тарихы
Мейрамхана қызметі нарығындағы баға қалыптастыру: факторлар, әдістер және маркетингтік зерттеулер
Мектептегі экономикалық білім мен тәрбие: ұғымдар, міндеттер және әдістер
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру, басқару және талдауы
PAINT графикалық редакторы: құралдар, жұмыс кезеңдері және негізгі ұғымдар
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі мен стратегиялары: маркетингтік орта, зерттеу әдістері және Рахат компаниясының тәжірибелік талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz