Мағжан Жұмабаев: өмірбаяны, шығармашылығы және қуғын-сүргін тағдыры


Slide 1

Мағжан Жұмабаев

Slide 2

ӨМІРБАЯНЫ

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты - Әбілмағжан.

Атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Бекен өжет, өте пысық еді. Қоянды базарына жиі қатынайтын. Сол ұзын жолда ыңылдап өлең шығарады екен. Отыздың бел ортасында елге билік айтуға қолы жетті, болыстыққа сайланды.

Анасының есімі - Гүлсім. Гүлсім - Қызылжарда тұратын керей Әшірбек (Әшірбектің ағасы Құрманбайдан Мағжанның болашақ әйелі Зылиха туады) деген саудагердің қызы. Мағжан бойындағы серілік, ақындық қасиеттер әкеден болса, жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, жолдас, достыққа қалтқысыздығы, жұртқа қайырымдылығы осы шешесінен деседі.

Slide 3

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Мағжан бала кезінде ұшып-қонып бір жерде отыра алмайтын тас қайнаттың өзі болған. Қасында отыратын кісі табылмай қалса, шешесі кереуеттің аяғына байлап кетеді екен. Естияр шағында күрт өзгереді. Ойға батып, тұнжырап жүретінді шығарады. Шелек әкел деп үлкендердің бірі жұмсаса, елек әкеледі екен. Айтылған сөзге көңіл бөлмейді. Балалармен ойнап кетуді ерте қойған. Жеке тұрып қалады. Сол үшін апасы Күләндәм Мағжанды "Марғау" атандырып жіберіпті.

Slide 4

МАҒЖАН ШЫҒАРМАЛАРЫ

Slide 5

МАҒЖАН ПОЭЗИЯСЫ

Бүкіл бір ұлтты бір арнаға ұйытатын әйгілі "Мен жастарға сенемін" атты өлеңін бәрі жатқа білері анық. Өлеңдегі өміршең қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұранғаа айналды деуге болады.

Мағжан Жұмабаев алғашқы өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты.

Slide 6

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ МҰРАЖАЙЫ

Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып 1993 жылы ашылған. Мұражайдын жалпы аумағы 60 м2. Ол Мағжан Жұмабаев ауданындағы өзінің туып-өскен Сарытомар ауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабаев атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар ақынның шығармашылық өміріне арналған.

Slide 7

1929 жылы Мағжан Жұмабаев "Алқа" атты жасырын ұйым құрды деген айыппен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жылға Карелияға айдалып кетеді.

Пешкованың өтінішімен жаза мерзімі жеті жылға кемітілді. Мағжан Жұмабаев 1936 жылы Отанына оралды.

Түрмеден босап, Қызылжарға келгеннен кейін Мағжан шығармашылықпен айналысып, сабақ беремін деп ойлады. Бірақ сотталған деп оны ешкім жұмысқа алмады. 1937 жылы наурызда Мағжан Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. Алайда 1937 жылдың желтоқсанында қайта тұтқындалып, 1938 ақпанында халық жауы ретінде атылып кетті.

Ақынның шығармалары дүкендер мен кітапханалардан алынып, жойылды. Жарты ғасыр бойы, яғни 1988 жылға дейін оның шығармаларына тыйым салынды.

Күйеуі атылғаннан кейін Зылиха да халық жауының әйелі атанды. Достарының кеңесімен қуғын-сүргіннен аман қалу үшін алыстағы Ленинградқа, баяғыдағы құрбысының үйіне кетеді. Зылиха апай күйеуі ақталғаннан кейін ғана туған отанына оралады. Бір ғажабы, Зылиха апа Мағжанның қолжазбаларының көп бөлігін сақтап қалған екен. Қорапқа салып, туыстарының үйінің шатырында сақтапты.

ЕКІ РЕТ АҚТАЛҒАН АҚЫН

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев (1893-1938): өмірі, шығармашылығы және қуғын-сүргін
Мағжан Жұмабаев: өмірбаяны мен шығармашылығы
Ілияс Жансүгіров: өмірі, шығармашылығы және саяси қуғын-сүргін
Мағжан Жұмабаев: өмірі, шығармашылығы және педагогикалық мұрасы (8-9 сыныптарға арналған электрондық дидактикалық материал)
1937-1938 жылдардағы сталиндік қуғын-сүргін: Қазақстандағы зардаптар мен отбасылық естеліктер
Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы буын мен бунақ ерекшеліктері
1920-1950 жж. Қазақстандағы тоталитарлық режим және саяси қуғын-сүргін
Мағжан Жұмабаев: өмірі, лирикасы және поэзиясының көркемдік-тематикалық талдауы
КСРО-дағы (1920-1950 жж.) саяси қуғын-сүргін: Қазақстандағы тәжірибе, статистика және салдары
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: 1917-1991 жылдар аралығындағы кезеңдер, себептері және салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz