ӨМІРІНЕ ДАЯРЛАУ


Slide 1

Балаларды мектепке

дайындау

Slide 2

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбек сүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.

Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Slide 3

Баланың мектепке дайындығының теориялық негіздері

Бүгінгі күнгі баланың мектепке дайындығын анықтауда оның

психологиялық және физиологиялық дамуы басты назарда болы отыр

Slide 4

Психологиялық дайындықты құрылымы мынадай бөліктерге бөлінеді

А. Жеке дайындық

Ә. Зияткерлік дайындық

Б. Әлеуметтік-психологиялық дайындық

В. Физиологиялық дайындық.

Slide 5

А. Жеке дайындық (5, 6) . Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады. Мектепте оқуға дайын оқушы-мектепке қажетті оқу құралдарын (портфель, оқулық, дәптер, және т. б) түгелдеп қана қоймай, сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәреже дамыған бала болып табылады. Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай өзінің мінез - құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек. Сонда ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады. Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай - күйінің даму деңгейінде көрсетеді. Мектепке барар алдында баланың көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны жөн.

Slide 6

Ә. Зияткерлік дайындық.

Бұл түрі баланың нақты білімі мен ой - өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды.

Сондайақ жалпылай ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып, есте сақтай алуы да міндетті.

Зияткерлік дайындық негізінен баланың бойындағы оқу іс әрекетінің бастапқы пайымдарын қалыптастыруды көздейді. Осы дайындық түрі жалпыға алғанда төмендегілерді қамтиды:

саралап қабылдау; аналитикалық ойлау; нақтылыққа талпыныс; логикалық есте сақтау; білуге құштарлық; сөйлеу тілін игеру; қолдың қозғалысы мен көру қозғалыс үйлесімділігі.

Slide 7

Б. Әлеуметтік-психологиялық дайындық. Дайындықтың бұл компаненті балада басқа балалармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көздейді. Бала топ болып, бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі. Осы кезде балада өзін ортаа бейімдеу қабілеті өте қажет болады. Ол үшін балалармен араласып кетуге, олармен бірге әрекет етуге, олардың қызығушылығына ортақтасуына, оқу процесіндегі түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал ету керек.

Slide 8

В. Физиологиялық дайындық. Бұл дайындық бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деңгейімен анықталады. Баланың мектепке дайындығын дәрігерлер арнайы өлшемдермен белгілейді. Баланың мектепте оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтау кезінде денсаулық жағдайы басты назарда болуы шарт.

Slide 9

Баланың мектепте табысқа жетудегі бағыттары жайлы ақпарат

И. Шванцар, Л. И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е. Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

2 бағыт - мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;

3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;

4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі

Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерттеп жүрген психологтар (В. В. Холмовский, Л. А. Венгер, Н. И. Непомнящая т. б. ) даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:

Slide 10

Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдік.

1 Ақыл-ойының даярлығы.

2 Биологиялық кемелденуі.

3 Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.

4 Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.

Slide 11

Ақыл-ойының даярлығы.

Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді, талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.

Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет.

Slide 12

Биологиялық кемелденуі.

Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т. б. ) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру, есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.

Slide 13

Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.

Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.

�·�°�³�����·�º�°. . .

Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.

Slide 14

Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.

Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне


Ұқсас жұмыстар
Балалардың мектепке психологиялық дайындығы
Балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлығы
Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері
Педагогтың жеке тұлғасы
Қазақтың тәлім - тәрбиесі
Қазақстандағы мүгедек балалардың құқықтары
Қазақстан Республикасындағы кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық түзету арқылы қолдау
Қоғамның саяси жүйесі мен саяси өмірі
Микроорганизмдер - тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz