Торлы құрылым - көптеген талшықтармен бөлінген әртүрлі типтегі және өлшемдегі жасушалардың диффузиялық жинақталуы




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи
атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті

Тақырыбы: Торлы құрылым
нейрондарының құрылысы
мен функциясының
БӨЖ
ерекшеліктері

Орындаған: Батирова Д.
Қабылдаған: Жумабекова Р.
Тобы: ЖМ-205
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім: торлы құрылым

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Торлы құрылым (ретикулярная формация) (formatio
reticularis, лат. formatio — құрылым, reticulum — тор) —
сопақша ми сұрзаты ядроларының арасында орналасқан,
жүйке жасушалары мен жүйке талшықтарының
торланған өрімдерінен құралған мидың үйлестіргіш
аппараты.
Торлы құрылым ми діңгегі құрылымдарын (сопақша ми,
ортаңғы ми, аралық ми) байланыстырып,
күрделі рефлекторлық доғаның іс жүзіне асуын
қамтамасыз етеді. Ол ортаңғы жөне ромбы
төрізді ми орталықтарын біріктіріп, үйлестіру қызметін
де атқарады. Торлы құрылым сопақша мидағы тыныс алу
және жүрек-тамырлар жүйесінің орталықтарын түзеді.
Негізгі бөлім

Торлы құрылым-ми бағанының ортаңғы бөлімінде
пішіндері әртүрлі көп тармақталып орналасқан нейрондар
жиынтығы.Торлы құрылым ОНЖ-нің бірнеше бөліміне
әсер етеді: жұлын, сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми,
мишық. Торлы құрылым-көптеген талшықтармен бөлінген
әртүрлі типтегі және өлшемдегі жасушалардың
диффузиялық жинақталуы. Сонымен қатар торлы
формацияның ортасында 40-қа жуық ядро болады.
Торлы құрылым тарихы
Ретикулярлы формацияны ең алғаш 1898 жылы
Бектерев В.М және 1909 жылы Рамон-Кахал
өткізгіш талшықтардан тұратын, жекелеген нерв
элементтерінің диффузды жинақталысы деп
сипаттады. Ми сабауындағы арнайы ядролардың
арасында өсінділері бар нейрондар тор түзе,
тығыз орналасқан, осы түзіліс ретикулярлы
формация деп аталады.
Торлы құрылым нейрондарының физиолоиялық
ерекшеліктері:
1. Көп сезімталдығы(полисенсорлы)- әртүрлі
рецепторлардан шығатын көптеген сезімтал
жолдарының жанама тармақтарымен байланыста
болады;
2. ТҚ нейрондары әрқашан өз бетінше тонустық
белсенді жағдайда болады(импульс жиілігі 5-10Гц);
3. ТҚ нейрондары қандағы кейбір заттарға(адреналин,
ацетилхолин СО₂) және дәрілерге(аминазин,
барбитурат, т.б.) өте жоғары сезгіш болады.
4. ТҚ нейрондары басқа нейрондарғақарағанда
қозғыштығы мен лабилділік қасиеттері
жоғары(500-1000имп/с) болады.
1. Сопақша мидың ретикулярлық формациясының ядролары Ⅸ,
Ⅹ нервтердің вегетативті ядроларымен және жұлынның
симпатикалық ядроларымен байланысы бар. Сондықтан олар
жүрек қызметін, тыныс алуды, тамыр тонусын, бездердің
бөлінуін және т.б. реттеуге қатысады.
2. Ортаңғы мидың ретикулярлық формациясына жататын
Каджал мен Даркшевич ядролары медиальды бойлық
фасцикулусқа (fasciculus longitudinalis medialis) III, IV, VI,
VIII, IX, X, XI жұп бассүйек ядроларымен байланысы бар.
нервтер. Позаны өзгерткен кезде немесе дыбыс көзін іздеген
кезде бас пен көздің біріктірілген бұрылуын қамтамасыз ету,
көзқарасты бекіту.
Құрылымдық-функционалдық критерилерге байланысты
торлы түзіліс 3 бөлікке бөлінеді:
1. медиандық орталық сызық бойында орналасқан;
2. медиальды, сабаудың медиальды бөлігінде орналасқан;
3. латеральды, сенсорлық аймаққа жақын орналасқан
нейрондар.
1. Медиандық аймақ – нейрондары серотанин медияторын
синтездейтін, ядролы жіп тәрізді элементтерден құралған. Бұл
бөлік ағзадағы қозғыштық қасиеті мен жыныстық қабілетке,
және ұйқыны реттеуге қатысады.
2. Медиальды аймақ- тарамдалмайтын ұсақ нейрондардан
тұрады. Бұл бөлікте өте көп мөлшерде ядролар орналасқан,
арасында дендриттермен тығыз байлансқан мультиполярлы
нейрондарда кездеседі. Бұлар мидағы үлкен жарты шарлардағы
қыртыстарға жоғарылыған, ал жұлынға төмендеген нерв
талшықтарын түзеді.
3. Латеральды аймақ – ми сабауындағы сенсорлық аймаққа жақын
орналасқан торлы түзілістер, жане осы түзіліс ішінде
орналасқан нейрондар жатады. Бұл бөліктің құрлымдық бірлігі
үшкіл невтің ядроларымен байланыс түзетін ядролар болып
табылады.
Қызметі
Ми қыртысы жасушаларын белсендіреді;
Жұлынның мотонейрондарына тежегіш ісер етеді;
Қаңқа бұлшықеттерінің тонусын реттеуге қатысады;
вегетативті орталықтардың тонусын сақтайды,
симпатикалық және парасимпатикалық әсерлерді
біріктіреді.
Дененің әртүрлі функционалдық күйлері (ұйқы, ояту, сана
күйі, мінез-құлық)
Күрделі висцеральды рефлекторлық реакцияларды
қамтамасыз ететін әртүрлі ми бағаналы орталықтарының
жұмысын үйлестіру (түшкіру, жөтелу, құсу, есінеу, шайнау,
сору, жұту және т.б.).
Торлы құрылымның
байланысу жолдары:
Афференттік жолдары:

1) жұлын-торлы құрылым
2) ми-торлы құрылым
3) ми қыртысы-торлы
құрылым
Эфференттік жолдары:

1)торлы құрылым-жұлын
2)торлы құрылым-ми Ретикулярная формация ствола
мозга: 1 — восходящие пути; 2 —
3) торлы құрылым-ми
нисходящие пути; 3 —
қыртысы специфический (лемнисковый)
чувствительный проводящий
путь; 4 — пирамидальный путь.
1. Нарколепсия сондай-ақ
Желино синдромы деп
аталады, ерекше ауру.
Нарколепсиямен ауыратын
науқас бірнеше минуттан
бірнеше сағатқа дейін
созылатын кенеттен,
бақыланбайтын ұйқыға
ұмтылуды бастан кешіреді.
2. Катаплексия –
эмоционалды әсерлерден
туындаған әлсіздік және
толық салдану жағдайы.
Қорытынды

Қорытындылай келе, біз ретикулярлық
формация орталық жүйке жүйесінің әртүрлі
құрылымдарына белсендіретін немесе
тежейтін әсер ететін, сол арқылы олардың
рефлекторлық белсенділігін басқаратын ми
бағанасында орналасқан әртүрлі
нейрондардың жиынтығы екенін
түсінеміз.Торлы құрылымды ми
«аккумуляторы» деп атауға болады. Торлы
құрылым тітіркендіргішке баяу жауап
қайтарады, бірақ қозуы ұзаққа созылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Х.Қ.Сәтбаева «Адам физиологиясы» 2005 ж
2. К.В.Судаков «Қалыпты физиология»
3. В.Қ.Қасымбеков «Қалыпты физиология» 2016 ж
4. https://stud.kz/prezentatsiya/id/35171
5. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%BE%D
1%80%D0%BB%D1%8B_%
D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1
%8B%D0%BC

Ұқсас жұмыстар
Торлы құрылым физиологиясы
ЛИМБИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Қызыл ядро
Жасушалардың тотипотенттілік феномені
Анализаторлар физиологиясы
Торлы құрылым
Балалардың жүйке жүйесінің анатомиясы
Тері қабаттары мен құрылысы
Вегетативтік орталықтары
Пәндер