Когнитивтік лингвистиканың тарихы


Slide 1

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі

Орындаған:Тоқсейтова. М

Қабылдаған:Қарсыбекова. Ш

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Когнитивтік лингвистиканың тарихы

Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары

Когнитивтік лингвистиканың міндеттері

Пайдаланылған әдебиеттер

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Когнитивизм - адам ақыл ойын, олармен байланысты менталды процестерді зерттеу объектісі етіп алған ғылымдарға бағытталады. Қазіргі кезде ғылым салаларында «когнитивті төңкеріс» туралы сөз болуда. Американдық белгілі лингвист Н. Хомский: «Когнитивтік төнкеріс ақыл-ой мен мыйдың жағдайын, олардың адамның когнитивті болмысына: танымына, біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді» деп жазды. Адамның білімі мен түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивтік немесе когниция деп аталады. Оларға «интеллектуалды», «менталды» терминдері синоним бола алады.

Адам интеллектісімен, ойлау заңдылығымен ерте заманнан бері логика, философия, физиология, психология айналысып келеді. Философияда таным теориясымен айналысатын гносеология бөлімі бар. Алайда когнитивистика аясында байырғы мәселелер жаңаша түсіндіріле бастады.

Slide 4

Когнитивтік лингвистиканың тарихы

1960 жылы американдық профессорлар Дж. Миллер мен Дж. Бруннер Гарвард университетінде когнитивтік зерттеудің алғашқы орталығын құрды. ХX ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала бастады. Сөйтіп, когнитивтік лингвистика когнитивизм бағытында пайда болды. Когниция - когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы. Ол білім мен ойлау, танымның тіл арқылы танылуын қарастырады. Тіл - мәдениет пен қоғамнан да жоғары дәрежеде адам танымы мен мінез-құлқына жол ашады. Адам санасы мен ойлау процесіндегі құбылыстар тіл арқылы ғана белгілі болады. Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды. Когнитивтік лингвистиканың негізгі кұралдары: есте сақтау бірліктері -таным, гештальт теориясы, тілдік сана және т. б. Когнитивтік лингвистика дүние бейнесін сипаттауға бағытталады.

Slide 5

Когнитивтік лингистиканың негізгі үғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, менталдылық, концепт т. б.

Когнитивтік лингвистика - XX ғасырдың 70 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болып саналады. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама Штаттарында «когнитивті грамматика» деп аталса, Ресейде «когнитивті семантика»-когнитивтік зерттеулердің алғашқы бастауы болды. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуы лингвистикалык зерттеудегі әдіснамалық ілгерілеу болды. Тілді зерттеудің когнитивтік (танымдық) сипатының қалыптасу тарихын түсіндіру үшін зерттеушілер мынадай фактіні келтіреді.

1970 жылдары американдық лингвист Чейфтің түсіндіруінше, ағылшын тілінде қандай да бір оқиға туралы мәлімет көпшілікке жеткізілер болса, хабарлы сөйлем, интонация, когнитивті күш-жігер жұмсалатындығына тоқталды.

Slide 6

Когнитивтік психология

Когнитивтік өзара қатысымдылығы негізінде пайда болды:

Когнитивтік ғылымдар (когнитология, когиотология) . Оның зерттеу обьектісі - адами танымның кұрылымы мен қызметі. 1960-70 жылдардың шегінде жасанды интеллектіде мынадай түсінік қалыптасты: адамдағы интеллектуалды үдерістер «адам ойлауының әмбебап заңымен» пара-пар бола алмайды. Интеллектуалды тапсырмалардың басым көпшілігін адам баласы вакуумда немесе таза жады арқылы емес, жадыда бұрыннан сақталған білім қоры негізінде орындай алады. Тіпті белгілі бір ережелерге сай құрылған шахмат ойынының өзін шебер ойнау үшін адамның жинақталған таным қоры болуы қажет.

Когнитивтік психологияны когнитивті лингвистиканың қалыптасу көзіне жатқызамыз. Когнитивті лингвистика когнитивті психологиядан концепт ұғымын алады. «Когнитивтік грамматика» термині 1975 жылы Дж Лакофф пен Г. Томпсонның «Когнитивті лингвистиканы таныстырамыз» атты мақаласында қолданылды. 1987 жылы Р. Ланкагердің «Когнитивті лингвистиканың негіздемесі» еңбегінің бірінші томы жарық көрді. Сондай-ақ осы бағытқа арналған Дж Лакоффтың «Әйелдер, от және қатерлі заттар» атты еңбегі аталатын кітабы жарияланды.

Slide 7

Зерттеушілердің көрсетуінше, қазіргі таңда когнитивтік лингвистика іштей бірнеше бөлімдерден тұрады:

Табиғи тілдің түсінілу және жасалу үдерісін зерттеу; Тарихи жағынан біршама байырғы зерттеу түрі. Мәтіннің туылуы мен түсінілуін компьютерлік модельдеуге бағытталады. Бұл салада У. Чейфтің еңбектері белгілі.

Тілдік қатынасты зерттеу; Бұл жұмыстар шеңберінде Ч. Филлмор еңбектерінде лингвистикалық зерттеулердің қажетіне қарай ыңғайластырылған. Зерттеудің бұл түрінде когнитивтік лингвистика әлеуметтанумен және мәдениеттанумен іргелес зерттеулер жүргізеді.

Адам санасы мен тілінің денелік (тәндік) базисін зерттеу; Оның негізінде концептуалды жүзеге асыру идеясы жатыр. Адамның түсінік әлемінің және биологиялық табиғатымен, әлеуметтік дүниедегі физикалық қарым-қатынас тәжірибесімен тығыз байланысты.

Ғалымдардың еңбектері

Slide 8

Когнитивтік лингвистиканың алдына қойған міндеттері:

Дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің ролі;

Дүние туралы ақпаратты кабылдау, жалғастыру (тасымалдау), қайта өңдеу;


Ұқсас жұмыстар
ТІЛДІҢ УНИВЕРСАЛДЫ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Психолингвистика тарихы
Когнитивтік лингвистика ғылымының лингвистика ғылымының басқа салаларымен байланысы
ТІЛ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТІЛГЕ
Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың зеріттелуі
Тіл және сөйлеу
Когнитивтік тіл білімінің лингвистика табиғи бағыты
Функционалды прагматика Жасырын прагматика
Тіл мен таным бірлестігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz