Көне Түркі жазуларыны зерттелуі




Презентация қосу
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік
университеті

БӨ
Ж
Тақырыбы:Көне руна жазулары

Орындаған:Тоқсейтова.М
Қабылдаған:Қошанова.Н
Жоспар:

Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
Дала жазуларының арихы
Көне Түркі жазуларының жалпы
сипаттамасы
Көне Түркі жазуларының мазмұны
Қосымшалар
Әдебиеттер
• Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың
бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды
«Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия,
сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем
ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының
(Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.
Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым
Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру
жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон
Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген
материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан
екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі
Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық
көріп,
Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің
қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы
қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес
жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Монғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін
ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар
жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон

жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды .
Дала жазуларының тарихы

Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи
жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан
қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй»
(Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын
анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де
қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар
көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б.
дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3
ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі
Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен
қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның өңтүстігінен табылып
отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады.
Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы

Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөзде
дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған
Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

1. Енисей ескерткіштері.
2. Талас ескерткіштері.
3. Орхон ескерткіштері.

Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айрмасында және
жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда
Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойына
Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан
мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазыл
үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.
. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан
және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған
жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп
шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
3. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады.
Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар.
Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи
құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны
ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік
Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен
оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк
Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді.
Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі
Көне Түркі жазуларының мазмұны

не Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары"
аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрк" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.
л жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың
рықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер діуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен
ласу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған
збаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар.
ндықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік
дарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек
баланады.
не Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге
ылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни
улар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.
ебиеттер
Қорытынды

Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне түркі жазба
ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл
облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына
бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы)
жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден
жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Түркістан
облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген
дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды.
Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс
Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-
ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу,
ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу
табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы
руникалық жазу 1986 жылы жарияланды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

• Аманжолов А. С. История и теория древнетюркского письма.
Алматы, 2002.
• Батманов И. А. Язык енисейских памятников древнетюркской
письменности. Фрунзе, 1959.
• Кляшторный С. Г. История Центральной Азии и памятники
рунического письма. СПб., 2003.
• Кормушин И. В. Древние тюркские языки. Абакан, 2004.
• Кызласов И. Л. Рунические письменности евразийских степей.
М., 1994.

Ұқсас жұмыстар
Ислам дәуірі әдебиеті
Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
КӨНЕ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ
Сөзжасам тіл білімінің дербес саласы
Нөлдік форма
Алтын Орда дәуір әдебиеті
Тілдің жалпы сипаттамасы
Түрік жазулары
Х­ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Қазақ тілінің мәдени лексикасының түркі тілдер жүйесінде зерттелуі
Пәндер