МҰСТАФА ШОҚАЙ


Slide 1

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

БАЯНДАМА

ТАҚЫРЫП: МҰСТАФА ШОҚАЙ

ҚАБЫЛДАҒАН: САНДЫБАЕВА АҚМАРАЛ.

ДАЙЫНДАҒАН: ӨТЕГЕН МЕДЕУ.

Slide 2

ТАҚЫРЫПТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес даму жол

түсуіне бар күш жігерлері мен өмірлерін арнаған саяси күштер мен ағымдардың, оның жетекшілері мен идеологтарының өмірлері мен еңбектерін саралап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Slide 3

БАЯНДАМАНЫҢ

МАҚСАТЫ

Бүкіл өмірін, қажыр-қайратын, қалам қарымын қазақ, өзбек, түркімен, тәжік, қырғыз халықтарының азаматтығы жолына сарп еткен ұлы қайраткеріміздің шығармашылық мұрасын сақтап, өмір жолдарын дәріптеу.

Slide 4

ЖОСПАР:

М. ШОҚАЙ

М. ШОҚАЙДЫҢ БІЛІМ ЖОЛЫ

САЯСАТҚА КЕЛУІ

ҰСТАНЫМДАРЫ

М. ШОҚАЙДЫҢ ЭМИГРАЦИЯДАҒЫ ӨМІРІ

ӨМІРІНІҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ

Slide 5

1. МҰСТАФА ШОҚАЙ.

Қазақ ойшылы, оқымысты, мемлекет және қоғам қайраткері.

Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында 1890 жылы дүниеге келген.

Ол белгілі Торғай датқаның немересі, Ер

Шоқай-бектің ұлы. Анасы Бақтыбике де текті жердің қызы болған. Жұбайы Мария Шоқай. Бауырлары ағасы Сыздық, інісі Нұртаза. Және екі қарындасы Әтіркүл, Фатима.

Slide 6

2. БІЛІМ ЖОЛЫ

1896 жылы алты жасар Мұстафа ағасы Сыздық немере ағасы Бәкірмен бірге медрессе табалдырығын аттайды.

1899-1902 жылдар аралығында Перовск училищесінде оқыды.

1902 ж тамызда Ташкентте ерлер гимназиясына оқуға түседі. 1910 жылы гимназияны үздік бағамен бітіреді.

1910 жылы Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі, 1914 жылы бітірді.

Slide 7

3. МҰСТАФА ШОҚАЙ САЯСАТҚА ҚАЛАЙ КЕЛДІ?

Мұстафа Шоқай саясатқа Санкт- Петербург университетінде оқып жүрген кезде араласа бастады. Университет қабырғасында жүріп, Шоқай баспасөз бетінде патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына қарсы үндеу жариялайды. Бұл үндеуге қазақ, башқұрт, татар және өзбек студенттері қол қойған.

Slide 8

Петерборда Мұстафа Шоқай ұлттық мұсылман қозғалысының өкілдерімен танысады. Мұстафаның үлкен саясатқа араласуына ықпал еткен бірден бір адам Әлихан Бөкейханов еді. Бөкейхановты Шоқайдың саяси ұстазы деуге де болады. Ол Мұстафаның бойындағы қажыр-қайраты мен ұлтжандылығын байқап, жас Шоқайды сол кезде Петербордағы саясаткерлермен, қоғам қайраткерлерімен, мемлекеттік Дума депутаттарымен, оқымысты ғалымдармен және жазушылармен таныстырды.

Мұстафаны Ресей мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының хатшылығына ұсынған да Әлихан болатын.

Slide 9

1917 жылғы революция нәтижесінде патша өкіметінің құлауы Мұстафа Шоқай үшін үлкен қуаныш еді. Ол түркі халықтары сол төңкеріс кезінде Ресей бодандығынан құтылып, автономия алады деп үміттенді.

Алайда 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартты. Сөйтіп, өлкедегі барлық билік еуропалық нәсілділерден құралған Түркістан халық комиссарлары кеңесіне көшеді деген қаулы қабылдады. Мұстафа Шоқай мұны барып тұрған әділетсіздік деп бағалады.

Slide 10

Осыдан кейін Мұстафа Шоқай бастаған мұсылмандар қозғалысының өкілдері шұғыл жиналып, төтенше съезд өткізді. Съезд шешімімен құрылған Түркістан-Қоқан автономиясының 54 адамнан тұратын уақытша халық кеңесінің құрамына сайланды. Уақытша үкіметтің сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметтің төрағасы Мұхамеджан Тынышпаев қызметінен кеткеннен кейін, оның орнына Шоқай сайланды. Мұстафа Шоқай автономияны сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті. Бірақ, өкінішке қарай автономияның ғұмыры ұзаққа созылмады.

Slide 11

1917 жылғы Ақпан төңкерісі М. Шоқай тобының Түркістанда біртұтас Түркістан федерациясы құрамындағы ұлттық автономиялар құруға дайындалуына ықпал етті. Бірақ Уақытша үкімет Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне қарсы шықты.

1917 жылдың наурызында М. Шоқай Ташкенттегі мұсылмандар конгресінде құрылған Мұсылман орталығын басқарды. Бұл орталық та автономия құруға әзірлене бастады.

1917 жылдың 22 қарашасында Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкілтүркістандық конгресі өтіп, онда Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылғаны жария етілді. Оның Президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды. Осы жылдың желтоқсанында М. Шоқай «Алашорда» үкіметінің құрамына кірді.

1918 жылдың қаңтарында қарулы жұмысшы отрядтары мен қызыл гвардияшылар Қоқанды шабуылмен басып алған соң, Мұстафа Шоқай Грузияға кетеді. Онда ол Кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсене атсалысады.

Slide 12

4. ҰСТАНЫМДАРЫ

Бiз құл болып тұра алмаймыз. Бiз ұлт азаттығымызды аламыз.

Өзiнiң iшкi бiрлiгiн нығайта алған халықтар ғана тәуелсiздiгiне қол жеткiзе алады және оны қорғап қала алады.

Атамекендi сүю - оның тұтас мүддесiне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса жанпида қылуға дайын тұру болып табылады.

Slide 13

5. МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ЭМИГРАЦИЯДАҒЫ ӨМІРІ

Түркістан автономиясы құлағаннан кейін, Шоқайды ұстау үшін Кеңес өкіметі оның басына бір миллион рубль тігеді.

Мұстафа қашып жүріп, Ташкентке барады. Одан кейін Бакуге, кейін Тбилисиге келеді. Тбилиси кеңес үкіметінің қолына өткен соң, Түркияға барып бас сауғалайды. Бірақ түрік елінде тұрақтап қала алмайды. Ақыры Франция астанасы Парижден бір-ақ шығады.

Мұстафа Шоқай 21 жыл бойы Еуропада эмиграцияда жүреді.

Жан-тәнімен жақсы көретін туған елін тастап кету қайраткерге оңай соқпағаны анық. Елінен жырақта жүрсе де, қазақтың бостандығы үшін күресіп өткен. Еуропада жүріп, бүкіл әлем назарын Түркістан проблемасына аударды. Туған елі мен Түркістандағы жақтастарымен байланысын үзбей, үнемі хат алысып тұрды.

Slide 14

Публицистік қырынан танылды. Өз күшімен шетелде "Яш Түркістан" журналын шығарды. Түрлі басылымдарда саяси мақалалары басылды.

Германия, Англия, Франция секілді ірі елдердің саяси мінберінен сөз сөйлеп, түркі халқының кеңестік кертартпа саясаттан кесапат көріп отырғанын ашына айтты. Мұстафаның қайраткерлік абырой-атағы мұхит асып, тіпті АҚШ-қа жетті. Америкалықтар да оны бірнеше рет шақырып, саяси алаң ұсынған. Алайда оның ақшасы болмай, Америкаға жолы түспеді.

1925 жылы Парижде өткен "ЭКСПО" көрмесі кезінде Мұстафа Шоқай Әміре Қашаубаевпен кездеседі. Осы сапардан кейін НКВД қызметкерлері талантты әншінің қыр соңына түсіп, сұрақтың астына алады. Осылайша басталған тергеу ақыры тоғыз жылға созылған.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Алаш арысы - көреген көсем Мұстафа Шоқайдың өміріне шолу
Мұстафа Шоқай өмірбаяны
Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
Мұстафа Шоқайдың шетел баспасөзіндегі еңбектері
Алаш және Түркістан автономиясы
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау
ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІ - ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫ АТАНУЫ
Алаш автономиясымен мен Қоқан автономиясының құрылуы және қызметтері
1917 ЖЫЛҒЫ АҚПАН, ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ
Уақытша үкіметтің комиссарлары болып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz