Бұлшықет жиырылу түрлері




Презентация қосу
Тақырып: Бұлшықет жиырылу түрлері.

Орындағандар:Жұмат Жасұлан
Тобы: В-СТҚА 02-22
Қабылдаған: Сатыбалдиева Н.М.

Шымкент 2023 ж.
Жоспар:

1. Бұлшықеттің құрылымдық және функционалдық маңызы.
2. Бұлшықеттің физиологиялық қасиетттері.
3. Бұлшықет жиырылуының түрлері.
4. Бұлшықеттің жиырылуы.
5.Қорытынды.
6.Пайдаланылған әдебиеттер.
• Бұлшық ет — адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген
омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның
негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы
75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан
тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар
дене салмағының 40%-дан астамын құрайды. Бұлшық ет
пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты
алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне,
ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа
бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан.
Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі
басты, үш басты және төрт басты болып келеді.
Бұлшықет тінінің түрлері:
1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті;
2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті;
3. Бірыңғай салалы бұлшықет.

Қаңқа бұлшықетінің қызметтері:
- адам дене қалпын сақтауға қатысады;
- дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді;
- дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз
етеді;
- жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады).
Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері
1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке
қозып жауап беруі;
2. Өткізгіштік – бұлшықет бойымен қозудың
өтуі;
3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе
кернеуінің өзгеруі;
4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) –
жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы
пішініне келуі;
5. Пластикалық – бұл ұзындығы өзгерген
пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.
Қозуды өткізу жылдамдығы:
-көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;
-көлденең жолақты жүрек еті – 0,5-1м/сек;
-бірыңғай салалы еттері– 0,5мм - 5-10см/сек.
Бұлшықеттің жиырылу түрлері
I. Еттің жиырылуы белгілі бір жағдайға (тәуелділігіне)
байланысты:
- изометриялық режим;
- изотониялық режим.
II. Тұрас организмде, олар:
- изометриялық жиырылу (ұзындығы өзгермейді);
- концентрлік жиырылу (ет қысқарады);
- эксцентрлік (немесе ауксотониялық режим) жиырылу (ұзындығы
және кернеуі өзгереді).
III. Сандық жағынан, олар:
- бұлшықеттің дара жиырылуы;
- жинақы бұлшықет жиырылуы: а) шала жинақталу;
б) толық жинақталу.
- тетанус (немесе сіреспе): а) тісті тетанус;
б) тегіс (жайпақ) тетанус.
Еттің дара жиырылуы (ЕДЖ)

ЕДЖ – жеке импульс әсері
нәтижесінде пайда болады.

1. Латенттік (жасырын) кезеңі – 0,01
сек;
2. Жиырылу кезеңі – 0,05 сек;
3. Босаңсу кезеңі – 0,05-0,06 сек.
Тетанус – бұл жиі 2 тітіркендіргішке бұлшықеттің ұзақ
және күштірек жиырылып жауап беруі.

I. Тісті тетанус
төменгі жиілікті
тітіркендіргіш әсер
еткенде пайда болады
(10 – 20 Гц).

II. Тегіс тетанус
жоғары жиілікті
тітіркендіргіш әсер
еткенде пайда болады
(↑ 20 Гц).
Бұлшықеттің жиырылу
механизмі
Қорытынды
Бұлшықеттер адам ағзасындағы әртүрлі қозғалыстарды
қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі.
Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-
тендігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың
арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын
бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады. Жұтыну,
дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының
барлығы бұлшық еттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады.
Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға
көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• ➢Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б.,
Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
• ➢Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің
мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ
университеті, 2006 ж. – 140 бет.
• ➢Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және
мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
• ➢Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық
(физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. –
904 бет.
• ➢https://kk.delachieve.com/%D2%B1%D0%B9%D2%9B%D1%8B-
%D2%B1%D0%B9%D2%9B%D1%8B-

Ұқсас жұмыстар
Бұлшықеттердің жиырылу түрлері
Бұлшықет ұлпасы
Көлденең жолақты қаңқа
Баяу және шапшаң мотонейрон ерекшеліктері
Жиырылу аппараты
Күш және жылдамдық сапаларының биомеханик асы
Бұлшықет тінінің түрлері
Бұлшықет биомеханикасы
БҰЛШЫҚЕТ ЖИЫРЫЛУЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті. Эпидермальды және нейралды ет ткані
Пәндер