Дыбыс биіктігі


Slide 1

Ж. Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық

колледжі

Музыка музыкалық білім беру әдістемесімен

(Мамандық бойынша пәннің аталуы)

0105000 «БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ»

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың коды мен атауы)

0105013«Бастауыш білім беру мұғалімі»

Пәні: музыка білім беру әдістемесі

Тобы: 3cКШО-9

Мерзімі:

Сабақ түрі: топтық сабақ

Оқытушы: А. Б. Андирова

Slide 2

Ж. Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық

колледжі

Оқытушы: А. Б. Андирова

«Дыбыс биіктігі»

Slide 3

Дыбыс биіктігі

* Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, тербеліс жиілігі

үлкен болса, тонда биігірек болады.

* Адам дауысын он биіктігі бойынша бірнеше диапазонға бөлуге болады:

* Бас (80-150Гц )

* Баритон(110-149Гц)

* Тенор (130-520Гц)

* Дискант260-1050Гц)

* Колоратуралық сопрано(1400Гц-ке дейін)

Slide 4

Дыбыс сипаттамалары

Дыбыс бояуы,

тембр

Дыбыс қаттылығы

Дыбыс биіктігі, тоны

Slide 5

Дыбыстың сипаттамалары

Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.

Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон - доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.

Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

Камертонның бір тармағын таяқшамен ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз. Камертонның екі тармағы да тербеліп, қоршаған ауада дыбыс толқынын тудырады. Енді оның тармақтарының біріне инені бекітейік, осыдан кейін оның ине бекітілген тармағын қарайтылған әйнек үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып тұрған камертонның гармоникалық (синусоидалық) тербелісінің графигін аламыз. Гармоникалық тербеліс -тербелістердің ең қарапайым түрі болып табылады, сондықтан камертонның гармоникалық дыбысын да қарапайым дыбыс деп санаймыз. Әдетте, мектеп камертондары бірінші октаваның "ля" нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.

Slide 6

Дауыс күші, биіктігі, тембрі, дыбыс сияқты дауыстың күші, биіктігі, тембрі болады. Дауыстың күші негізінен ауа қысымының мөлшерімен анықталатын дауыс қатпарларының тербеліс амплитудасына, яғни дем шығару күшіне тәуелді. Өкпеге көп мөлшерде ауа толған кезде және жоғары интенсивтілік дем шығарған кезде дауыс қатты шығады. Бірақ жұтқыншақта пайда болатын дауыс барлық жағдайларда салыстырмалы әлсіз болып келеді. Дауыс күшіне дыбысты күшейтетін жұтқыншақтың, ауыз қуысының, мұрын қуысының резонаторлық қуыстары маңызды әсер етеді.

Дауыс күші, биіктігі, тембрі

Slide 7

Дауыс диапазоны

Адам дауысы шамамен екі окт аралығындағы биіктік бойынша

өзгеруі мүмкін . Қалыпты жағдайда сөйлеуі үшін 4-6 тон жеткілікті.

Дауыс диапазоны, яғни биіктік бойынша дауыстың өзгеруге

мүмкін аралығы, әртүрлі адамдарды әрқилы.

Slide 8

* Дыбыс қаттылығы-дыбыс шығаратын дененің тербелістер

амплитудасымен анықталады.

* Тон-биіктікгі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс

жиілігі үлкен болса, тонда биігірек болады.

* Тембр-адамның дауысына немесе аспаптың үніне

өзіндік бояуы беретін дыбыстың сапасы.

* Шу-әртүрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз

қабаттасуы болып табылады.

Slide 9

* Дыбыстың биіктігі*

Дыбыстың биіктігі неге тәуелді болатынын анықтау үшін екі камертон алып, оларды дыбыс шығаруға мәжбүр етеді. Егер олардың тербеліс графиктерін салса, онда кішірек камертонның тербеліс жиілігі үлкенірек камертондыкінен көп болатынын байқауға болады. Демек, дыбыс биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.

Бұл қорытындыны дыбыс генераторынан (1), дыбыс зорайтқыштан (2) және осциллографтан тұратын құрылғының көмегімен де тексеруге болады. Дыбыс генераторындағы айнымалы кернеудің жиілігін, яғни оған сәйкес дыбыс зорайтқыш шығаратын дыбыс толқынының жиілігін өзгерту арқылы әртүрлі биіктіктегі дыбысты естуге болады. Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқының басқаша тон деп атайды. Сондықтан көбінесе дыбыс биіктігін дыбыс тоны деп айтады. Біз еститін дыбыстар тон биіктігімен ерекшеленетін болады. Жиілігі аз дыбысқа төмен тон (107, а-сурет), ал жиілігі жоғары дыбысқа (107, ә-сурет) биігірек тон сәйкес келеді.

Сонымен, тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.

Адам дауысын тон биіктігі бойынша бірнеше диапазонға бөледі: бас (80-150 Гц), баритон (110-149Гц), тенор (130-520Гц), дискант (260-1050 Гц), колоратуралық сопрано (1400 Гц-ке дейін) .

сонымен, тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады. Адам дауысын тон биіктігі бойынша бірнеше диапазонға бөледі: бас (80-150 Гц), баритон (110-149Гц), тенор (130-520Гц), дискант (260-1050 Гц), колоратуралық сопрано (1400 Гц-ке дейін) .

Slide 10

*Дыбыстың тембрі*

Дыбыстың тағы да бір маңызды сипаттамасы-оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша, оның тембірі болып табылады.

Тембр-адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.

Дыбыстың тембрі бойынша біз кімнің сөйлеп жатқанын немесе қандай аспапта ойнап жатқанын анықтай аламыз, яғни дыбыс тембрі бойынша дыбыс көзі анықталады. Мысалы, қаттылығы да, жиілігі де бірдей дыбыстардың әртүрлі музыкалық аспаптардағы үні түрліше шығады, бірдей нота түрліше орындалады.

Денелердің гармоникалық тербелістері синусоидалық толқындар деп аталатын толқындарды туғызады. Алайда нақты дыбыстың белгілі бір жиілігі бар тербеліс жасауы өте сирек кездеседі.

Әдетте, дыбыс көзінің тербелісі кезінде пайда болатын толқындардың пішіні күрделі болып келеді.

Бұл суретте көрсетілген микрофоннан (1), дыбыс зорайтқыштан (2) және осциллографтан (3) тұратын қондырғының көмегімен әр-түрлі дыбыстардың осциллограммасын алуға болады. Егер микрофонның алдында тұрып, қандай да бір әуенді айтсақ, осцилло-графтың экранында күрделі, бірақ периодты қисықты байқауға болады (108 а, ә-сурет) . Мұндай күрделі музыкалық дыбыс әр-түрлі жиіліктегі гармоникалық тербелістердің қосындысы түрінде қарастырылады.


Ұқсас жұмыстар
Дыбыстың биіктігі
Дыбыстың таралу - Әртүрлі ортадағы дыбыс себептерін білу
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс
Баланың музыкалық аспапта ойнауы - қызмет түрі
Ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу
Электрокардиография және фонокардиография
Сұрақтарды таңда
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу аппараты (apparatus respiratorius)
бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы 1-4 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz