Нұр - Сұлтан қаласы




Презентация қосу
Нұрсұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығы

Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары

Қазақстан тарихы, 10-сынып

Мақұлбаева Фарида Жалалқызы, № 64
мектеп-лицей, Нұр-Сұлтан қаласы
Оқу мақсаты:

10.2.2.1 -қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін
«ру», «тайпа », «жүз», « ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын
пайдалану;
Сабақтың мақсаты:
Қазақ қоғамындағы шежіре және туыстық пен туыстық
қатынастар қағидасының маңызы туралы білу және түсіну.
Бүгінгі сабақта
Сенің білетінің:
Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдарын анықтау
Рулық құрылымның маңызын айқындау

Зерттеу сұрағы: Қазақстан аумағындағы этногенез кезеңдерінің қандай
ерекшеліктері бар?
Тірек сөздер.
шежіре, ауызша тарихи дәстүр, экзогамия, ру-тайпалық ұйым,
ұлыс, жүз.
Шежіре,
(араб.: ‫ َجرة‬0 ‫ — َش‬бұтақ, тармақ) — тарих
ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын
баяндайтын тармағы.
Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа

жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық
халықтарда кездеседі. Ресей, Германия, Англия,
Франция және көптеген шығыс елдерінде
Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан.
Башқұрт, өзбек, түрікмен, қырғыз, Сібір
халықтарында Шежіре дерек көздері ретінде
молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар
ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір
ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп
те әспеттейді.

Ру-тайпалық ұйым – көшпелі қоғамның негізгі белгісі. Шежіре
айту дәстүрі бар рулық-тайплық ұйым кезкелген көшпелі
қоғамға тән. Рулар мен тайпаларға бөліну көшпелілердің
қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарады. Шежіре қатаң түрде
әке жағынан есептеліп, баладан әкеге қарай отыз және одан да
көп ұрпаққа дейін айтылады
Ру. Әдетте 10-15 атадан қосылатын ата аймақтар бір ру
есептеледі. Оның басшысы ру басы деп аталады. Руға өзінің жеке
қасиеттерімен немесе аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік
еткен. Рубасы да көпті көрген, білікті, тәжірибелі адам болған.
Ұлыс. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Ұлыс билігі «сұлтанның»
қолында болды. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектер әулетінен
шақты. Олар билік кеңесіне сүйенген. Билер ірі кеңестерде ұлыстың
намысын қорғаған.
Жүз. Жүздер бірнеше ұлыстардан құралады. Оның басшысы хан
деп аталады. Қазақ жүздері шамамен XV-XVI ғ.ғ. тайпалардың
одағы негізінде қалыптасқан. Жүз билеушісі хан болды.
Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп
жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар
құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".
Василий Владимирович Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті,
табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық
ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
Михаил Порфирьевич Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-
географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар
ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.
С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді",
— деп есептейді.
Шығыстанушы Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің
тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан",
— деген болжам айтады.
“Ұлы Дала” ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы

Ұлы Дала –
географиялық емес
тарихи-мәдени ұғым

Ұлы Дала атауы
мұсылман деректерде Географиялық атауы–
Дешті Қыпшақ деп Еуразия даласы
аталады.

Оңтүстігі өзен көлдер, Дунайдан Алтайға,
теңіздер мен биік одан Манъчжурияға
тауларға барып тіреледі. дейінгі аймақ
1-тапсырма. Алған біліміңді пайдалана отырып, терминдерге анықтама
беріңдер.
Патронимия –
Экзогамия -
Жүздер -
Ұлыстық жүйе –
Ата-жұрт –
Ру –
Дескриптор: Білім алушы:
берілген терминдердің анықтамасын табады.
2 – тапсырма. «Жеті атаны білудің маңызы» тақырыбында 50-70
сөзден тұратын эссе жазу.

Дескриптор: Білім алушы
қазақ қоғамындағы жеті атаға байланысты әдет-ғұрыптарды
анықтайды;
жеті атаны білудің маңызын ашады.
Сабақты қорытындылау мақсатында «Ыстық орындық» әдісі
қолданылады.
Бір оқушы ортаға қойылған орындыққа отырады. Ыстық
орындық иесіне оқушылар кезекпе-кезек сұрақтарын қояды.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның көрікті жерлері
Үшіншісі - инновациялық қолдау экожүйесін дамыту
Президентінің 1998 жылғы
Эпигенетика ұғымы
Ақуыз және нуклейн қышқылдары
Кәсіпорын жарғысымен, қызметтік міндеттерімен танысу
Сайлау құқығы қағидаттары
Орталық Азияда орналасқан мемлекет
Альдегидтердің алынуы
Батыстағы қалалар
Пәндер