Паразитология және инвазиялық аурулар пәні


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы «Паразитология және инвазиялық аурулар »пәні 1 СӨЖ Тақырыбы: Ет қоректілердің описторхозын балау, емі және алдын алу.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Даму айналымы

Қоздырушысы

Эпизоотологиясы

Өсіп - өнуі

Аурудың өрбуі

Сыртқы белгілері

Өлекседегі өзгерістер

Диагностикасы

Емі

Алдын алу және күресу шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Описторхоз - бауырдың зақымдануымен, сарғыш тартумен, жүдеумен, циррозбен сипатталатын антропозоонозды ауру.

Slide 4

Даму айналымы: биогельминт

Жұмыртқа - мирацидий - спорациста - редий - церкарий - метацеркарий - имаго.

Slide 5

Ақтық иесі

иттер

түлкі

Көгілдір түлкі

адам

бұлын

Жабайы шошқа

Қара күзен

Slide 6

Ааралық иесі

Тұщы суда тіршілік ететін ұлулар

Bithynia leachi

Slide 7

Қосымша иесі

Тұқы тектес балықтар

аққайран

табан

торта

таран

Slide 8

Қоздырғышы : Opisthorchis felineus (Rivolta, 1884), ұзындығы 0, 8-1, 3см, денесінің алдыңғы жағы созылыңқы, емізіктері жете дамымаған. Екі ені құрттың артқы жағында бір-біріне қиғаш орналасқан. Жыныс бездері арасынан түтікше тәрізді қуықша(несеп шығару жүйесі) өтеді, денесінің орта бөлігін іші жұмыртқаға толы жатыр алып жатады. Жұмыртқалары сопақ, сары - боз түсті, бір ұшында қақпағы орналасқан, мөлшері: ұзындығы 0, 026-0, 034мл, ені 0, 011-0, 019мл.

Slide 9 Slide 10

Описторхоз - табиғи ошақты антропозоонозды гельминтоз. Оны Opisthorchidae тұқымдасына жататын Opisthorchis felineus трематодасы қоздырады. Бұл құрт адам және ет қоректі жануарлардың (иттердің, мысықтардың, түлкілердің, ақ түлкілердің, шошқалардың) паразиттері. Жынысы жетілген описторхтар бауырдың өт жолын, өт қабын және ұйқы безін мекендейді.

Slide 11 Slide 12

Эпизоотологиясы. Битиния ұлуларының негізгі биотоптары ағынсыз, баяу ағатын тайыз су жағалары, өсімдігі қалың ескі арналар, өзектер, өзек салаларына қоныстанады. Дәл осындай су көздері тұқы тектес балықтардың да мекен жәйі. Адам мен етқоректілерге бауырқұрт балық еті арқылы жұғады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда Қазақстанда описторхоздың бірнеше табиғи ошақтары қалыптасқан. Ертіс өзенінің алқабы гельминтоздың ірі ордасы екені анықталды. Табиғи ошақ санатына Қарағанды су қоймасынан бастап, Қорғалжың көлдеріне дейін созылып жатқан Нұра өзені жатады. Сондай-ақ, Шілдерті, Ырғыз, Торғай, Сарысу өзендерінде трематодозардың табиғи ошағы бар.

Slide 13 Slide 14

Өсіп, өнуі. Ақтық иесінің бауырына орналасқан описторхтар көптеген жұмыртқалар шығарады. Олар нәжіске араласып, сыртқы ортаға тарайды. Құрттың аралық иелері Bithynia Leachi - деп, аталатын ұлулар. Алдымен, жұмыртқа қабығынан шыққан мирацийлер, ұлу денесіне еніп, 2 ай аралығында спороциста, редий және церкарий сатыларына дамиды. Онан кейін церкарийлер ұлу денесін тастап шығып, құрттың қосымша иелері - тұқы тектес балықтардың қабыршықтары араларынан өтіп, ет қабаттарына енеді. Мұнда гельминт тез арада цистаға оранып, 6 аптаның ішінде жұқпалы сатысы метацеркарийге айналады. Метацеркариймен залалданған балықтан адам немесе етқоректілер описторхоз ауруын жұқтырады. Етқоректілер асқорыту жүйесіне түскен метацеркарийлер сыртқы қабығынан босап, ішектің өт арнасы арқылы бауыр өт жолдарына жетіп, 3-4 апта ішінде жынысы жетілген ересек сорғыштарға айналады.

Slide 15

Аурудың өрбуі. Неңғұрлым сорғыш құрт саны көбірек болса, соғұрлым бауырдың зақымдануы терең болмақ. Өт жолдары жарақаттанады, қабынады, бауыр торшаларының орнын дәнекер тоқыма басып, олардың семуіне әкеліп соғады. Өт жолында жиналған гельминттер эпителий торшаларын зақымдап, көптеп ыдыратады.

Slide 16 Slide 17

Сырт белгілері айқын емес. Ит, мысықтың т. б. Тәбеті нашарлайды, кілегей қабықтары сарғыштанады, бауыр тұсы ісінеді, іші қатады немесе өтеді. Оң бүйіріндегі қабырға аралықтарын саусақпен басқанда ауырсынады.

Slide 18 Slide 19

Өлекседегі өзгерістер. Бауыр көлемі ұлғайған, қалыңдаған, өт жолдары айқын бұжырланған. Өт қалтасы созылған. Патоморфологиялық өзгерістер бауыр паренхимасынан да байқалады.

Slide 20 Slide 21

Диагностикасы. Описторхоздың эпизоотологиялық деректерін, клиникалық белгілерін анықтап, гельминтоовоскопиялық зерттеулер жүргізеді. Описторхтың жұмыртқасы сопақ, көлемі 0, 26-0, 30х0, 01-0, 015мм, ақ сары түсті келеді. Өлексенің бауырын тіліп, өт жолдарынан және өт қалтасынан құрттар іздестіреді.

Slide 22

Емі. Ет қоректілерді гексахлорпараксилол және гексихолмен емдейді. Бірінші дәріні аңдарға 0, 4-0, 6г/кг, есебінде тартылған етке қосып, оларға жеке-жеке немесе топтастырып жегізеді. Дәрілеу алдында оларды 18сағ бойы аш ұстайды. Кейде антигельминтикті аз мөлшерде (0, 2-0, 3г/кг) екі күн қатар береді. Түлкі мен көгілдір түлкіні гексихолмен (02 г/кг, тартылған етке қосып) 12-14 сағ ашықтырып барып, бір қайтара дәрілейді. Ауруы асқынғандарға бұл препаратты 0, 1г/кг өлшемінде екі күн үзбей береді.

Slide 23 Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Құс боррелиозы
Инвазиялық аурулардан туындайтын экономикалық шығын
Инвазиялық аурулар жөніндегі ілім. Инвазиялық аурулардың номенкулатурасы
Паразитология және инвазиялық аурулар
ЖЫЛҚЫ ГАБРОНЕМАТОЗЫ МЕН ДРАШЕЙОЗЫ
Шошқа макраканторинхозы
ОКСИУРАТОЗДАР ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Инвазиялық аурулардың зияны
Ауруды анықтау
ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ СТРОНГИЛЯТОЗДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz