Музыканы тыңдау әдістемесі



Мәдениет және өнер факультеті
Музыкалық білім және вокал кафедрасы
5В010600 Музыкалық білім
Пәннің атауы: Музыкалық білім беру әдістемесі
Дәріс оқитын:
Философия докторы (PhD)
К. Р. Кажимова
Орал, 2020 ж

Курстың мақсаты:
Болашақ музыка мұғалімінің жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кәсіби - педагогикалық жұмыс жасауға дайындау, болашақ музыка мұғалімінің мектептегі музыкалық педагогикалық жұмыстарға қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен музыкалық білім алуға қажеттілікті, алған білімдерін практикада қолдану, жалпы білім беретін мектептің әр сыныптарында музыкадан бағдарламаларды жүзеге асыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын бейімділіктерін ескере отырып, музыкалық жұмыстардың әдістемелерін меңгеруге көмектесу. Өз тәжірбиелерін жинақтау үшін шығармашылық ізденуіне жағдай жасау.

Курстың міндеттері:
болашақ музыка мұғалімінің музыкаға және мектептегі музыкалық-педагогикалық жұмыстарға қызығушылығын қалыптастыру;
өз бетімен музыкалық білім алуға қажеттілікті, алған білімдерін практикада қолдану;
жалпы білім беретін мектептің әр сыныптарында музыкадан бағдарламаларды жүзеге асыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін ескере отырып, музыкалық жұмыстардың әдістемелерін меңгеруге көмектесу;
музыканың мәнін мен ерекшеліктерін, оның әлеуметтік рөлін ашып көрсету;
музыкалық білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес «Музыка» бағдарламасының негізгі мазмұнын, ұстанымдарын және оқыту әдістерін толық игерту.

№ 1 дәріс
Дәріс тақырыбы: Пәннің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыттылығы, оның жоғарғы оқу орындарындағы музыка - педагогикалық алатын орны
Мақсаты: Музыка пәнін оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік беру.
Білім саласындағы әлемдік дамуды ескеру, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау, жоғары мектептегі музыкалық-педагогикалық процестерді ұйымдастырудың қалыптасқан негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыдан терең пайымдауды қажет етеді. Қазіргі таңда болашақ музыка мұғалімдерін даярлаудың ісі белгілі бір жүйеге келтіріліп жатқанымен, бұл салада лайықты оқулықтар, оқу құралдары жоқ деуге болады. Музыкалық білім берудің әдістемесі педагогика, психология, музыкатану ғылымдарын ұштастыратын қалыптасу үстіндегі ғылым саласы. Аталған мәселелердің ойдағыдай дұрыс шешім табуы ВУЗ-дық блім беру жүйесінде болашақ манан даярлауға арналған „Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы“, „Музыкалық білім берудің әдіснамасы“, “Музыкалық педагогика“ курстары бойынша арнайы оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды, хрестоматияларды, бейне, жазба материалдарын дайындауды жетілдіру ісімен тығыз байланысты. Мұғалімнің кәсіби дайындығы оның қоғамдық саяси, арнаулы және педагогикалық-психологиялық терең жан-жақты білімі болуымен анықталады. Білімді үнемі толықтырып отыру, өз пәнін жан-жақты игеру қазіргі мұғалімге қойылатын басты да нақты талап.
Қазіргі таңда білім шарттары бойынша балаларға музыкалық білім берудің мазмұны мен олардың музыкалық дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ берудің жаңарту үрдісінің тиімді критерийлерін жасаудағы ұмтылыс оқушыларға музыкалық білім беру әдістемесінің интеграциясы мен бағдарламалар нұсқаларында ерекше өзекті мәселе больш отыр.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Әдістеме дегеніміз не?
2. Музыка қай тілден шыққан сөз?
3. “Музыкалық білім берудің әдістемесі ” пәнінің мақсаты мен міндеті қандай?
4. “Музыкалық білім берудің әдістемесінде” қандай физиологиялық құбылыстардағы зерттеулерге сүйенеді?
5. “Музыкалық білім берудің әдістемесі“ пәні басқа қандай пәндермен өзара тығыз байланысты?
6. “Музыкалық білім берудің әдістемесі“ нені зерттейді?

№ 2 - Дәрістің тақырыбы:Музыка сабағы орта мектепте музыкалық білімнің негізгі формасы, оны ұйымдастыру өнер сабағы ретіндегі ерекшелігі
Мақсаты: Музыка сабағының сипаты.
1. «Мектеп пәні», «өнер сабағы» музыка сабақтарының спецификалық қиындықтары. Басқа пәндермен ұқсастықтары және айырмашылықтарының ерекшеліктері.
2. Музыка сабақтарының түрлері (жалпы қорытындылау, концерт - сабақ және т. б. )
Қазіргі жас буын педагог-музыканттар балалармен жұмыс жасау барысында танымал отандық және шетел прогресшіл қайраткерлерінің ұсынған жаппай музыкалық білім беру идеясына сүйене отырып, оның мазмұнын жаңартуға тырысады. Бұрынғыдай өзекті мәселе болып қала беретін мәселелер: Музыка сабағын өнер сабағы рстінде қалай өткізуге болады? Осы үрдісте музыка сабағына, мүғалімге, оқушыларға қандай рөл жүктеледі?
«Музыка өнердің ішіндегі ең күштісі және де жан-жақтысы, ол адам санасына терең еніп, тұлғаға және көпшілікке әмоционалды-идеологиялық әсер ететін толық құқықты бірден-бір құрал болып саналады». Дайындық үрдісінде және бағдарламамен жұмыс жасау кезінде пән туралы дидактикалық түсінікті білу болашақ музыка мұғаліміне өте қажет. Сонымен қатар, музыкалық педагогиканың қазіргі жетістіктерін басқа да пәндердің теориясы мен әдістемесін оқытудағы жетістіктерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Жалпы және жеке дидактиканың ережелерін пайдалана отырып, музыкалық педагогика шығармашылық тәжірибелерімен оларды байытып отырады. Сондықтан да, осы мәселе теңірегінде әлі де ізденістің қажеттілігі және өзектілігі байқалады.
Білім берудің мазмұны өте күрделі және көп жақты ұғым. Білім берудің мазмұны қоғамның әкономикалық және ғылыми-техникалық даму қажеттіліктеріне байланысты қарастырылады. Білім берудің, оқытудың мазмұны оқушылардың ақыл-ойының, дене күш-қуаттарының жан-жақты дамытуымен, дүниеге ғылыми кезқарастарының қалыпта-суымен және олардың өмірге, еңбекке деген дайындығының қажетті негіз болатын білімдері, іскерліктері көлемімен анықталады.
Қазіргі әлеуметтік-педагогикалык жағдайда "Музыка" пәні мұғалімдерінің алдына қойылып отырған талаптардың ішінде төмендегілерді атасақ:
- музыкалық-педагогикалық тәжірибелік ғылыми теориямен қарулануы;
- тұгас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерін меңгеру;
- педагогикалық жаңаша ойлау қабілетін дамыту;
- педагогикалық ынтымақтастық идеясын білу;
- өздігінен білім алуды жетілдіру;
- өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру;
заман талабына сай білімі терең, өнершіл, нағыз кәсіби маман болуға тиісті.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
- Қазіргі музыка сабағы туралы.
- Музыка пәнінен жаңартылған білім беру мазмұны туралы ақпаратты өз бетінше талдау, мағлұматтарды кеңейту.
- Сабақ беру үрдісімен танысу.
Реферат тақырыптары
1. Мектептегі музыкалық білім берудің негізгі формасы - музыка сабағы.
2. Музыка сабағын ұйымдастыруда мұғалімнің жаңаша ойлау қабілетін дамыту жолдары.
3. Музыка сабағының құрылымы мен мазмұны.
4. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша музыка сабағын жүргізудің бағыттары.
5. «Мектеп пәні», «өнер сабағы» музыка сабақтарының спецификалық қиындықтары.
6. Музыка сабақтарының түрлері (дәстүрлі сабақ)
7. Музыка сабақтарының түрлері (дәстүрлі емес сабақ)

№3 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Музыкалық қызметтің түрлеріндегі музыка сабағының құрылымының әдістемесі
Мақсаты: Музыкалық информацияның әртүрлі қайнар көздерінің репертуар материалдарына «Багаж» жинау. Көркемдік талапға музыка танымдық пен мүмкіндіктерді өмірлік тәжірибе деңгейіне сәйкестендірілген музыка методикалық репертуарды іріктеу.
Музыка мұғалімі - өз пәнін, оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шегберлігін үнемі жетілдіретін маман. Педагогикалық шеберлік - кейбіреулерге ғана табиғаттың таңдап берген сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс- әрекеттерінің жиынтығы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық салаларына да өте қажет, ал "музыка" пәні мұғалімі үшін ол - үстаздың дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады.
Музыканы сауатты оқыту әдістемесі тұтас алғанда музыкалық оқытудың міндеттеріне сай болу керек. Көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны жанымен түсінетін, музыкалық өмірге белсене араласатын білімді адам дайындау - мектептің міндеті. Сабақта қолданылатын музыкалык материалдық таңдай білудің маңызы зор.
Өйткені, сол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан-қилы оқиғаларынан мағлұмат алып, музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп, толықтырылып отырады.
Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып балалар композитордың өмірі, шыгармашыльтғымен танысады. Осылайша музыкаға деген кызығушылығы, әмоциялық көзқарасы қалыптасады және шығарманың мәнерлік кұралдары болатынын ажырата алатын болады.
Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ертеден-ақ аңыз болып тараған. Оған мысал ретінде «Ақсақ құлан» және т. б. көптеген күй аңыздарын алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған мәселелердің бірі осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді тәрбиелеу. Оның түп-тамыры, негізі - музыканы қабылдай білуде жатыр.
Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалык тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есепетеледі.
Музыканы қабылдау - музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады. Кез келген түрі деп отырғанымыз, музыка тыңцау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты және т. б.
Бағдарлама бойынша музыка дегеніміз - жалпы білім беретін мектептерде балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі. Міне, сондықтан музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы тиіс.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Музыка сабағында балалар қандай іс-әрекетпен айналысады?
2. Музыка сабағының басқа пәндік сабақтарға тән ерекше айырмашылықтарын атаңыз.
3. Музыка сабағында ән айту барысында кездесетін қиыншылықтарды қалай шешуге болады?
4. Музыканы тыңдау әдістемесі.
5. Музыканы қабылдау әдістемесі.

№4 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Музыкалық білім берудің әдістері, оның саласын бағалау. Музыкалық білім берудің негізгі міндеттері, оқытудың әдістері мен тәсілдерінің байланысы
Мақсаты:
1. Әдістердің сапасын бағалау, олардың музыкалық білім берудегі негізгі міндеттерінің байланысы.
2. Оқытудың алдыңғы қатарлы нақты тәсілдері : жалпы қорытындылау, “алға шығып кету және өткенге қайта оралу” (Д. Б. Кабалевский) .
3. Музыка педагогикалық үрдістердің ішкі және сыртқы жақтарын білуде мәселелерді - іздеу әдісі, олардың заңдылықтары мен қозғаушы күштері (іздеу әдісі) .
Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан, оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл тек орындалатын ән мен тыңдалатын музыка ғана емес, орындалатын жаттығуларға да тән нәрсе. Әрбір дыбысты өте әдемі мәнерлеп айтылуы тиіс. Өйткені, ол музыкалық дыбыс. Музыка сабағындағы қолданылатын әдіс -тәсілдерге тоқтала кетейік. “Алды шолу өткенге оралу” әдісі. Аталған әдістің мәнін-ол жаңа тақырыптарды бұрынғы өтілген сабақтардағы материалдарға сүйене отырып жүргізу мұғалім үшін бұл әдістің өте үлкен маңызы бар, егер де сабақта мұғалім “алды шолу өткенге оралу ” әдісіне жүгінер болса, онда ол сабақтың тиімділігін арттырып мына жағдайларды шеше алады:
а) Жаңа тақырып бұрынғы өтілген материал негізінде жеңілірек игеріледі.
б) өткен сабақ пысықталады.
в) мұғалім балалардың музыкалық білімін тереңдете, нығыздай байланыстыра түседі.
“Эмоциялық драматургия әдісі” сабақтың қызықты және нәтижелі өтуін қамтамасыз етеді. Музыка сабағының басқа пәндік сабақтармен ұқсастығына, айырмашылығына тоқтала отырып, әр сабақтың өзінің бір-бірін қайталамайтын өрнектермен ерекшеленетінін айта кеткен жөн. Бұл әрине, музыка сабағы мұғалімнің шеберлігіне икемділігіне шығармашылық қасиетіне байланысты.

Сыныптардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты мұғалім музыкалық материалды іріктеуде жалпы талаптарды басшылыққа ала отырып, ауыстырып жүргізу мүмкін.
Әдістер, нысандар (топтық, ұжымдық, жеке), құралдар (фонограмма, ОТҚ (ТСО), альбомдар, суреттер, плакаттар, суреттер көрмесі, сигналды карточкалар және т. б. ) сабақ сайын жоспарда белгіленеді.
Тәрбиелеу және оқыту үрдісінің оптималдық принципін меңгеру мүмкіндіктері:
- ғылыми негізде сабақты жоспарлау және жүргізу;
- сабақ нәтижелілігін болжау;
- оның мазмұнын үнемі жетілдіріп, өзгерту;
- минималды уақыт шығьшдарымен жоғары тиімділікке жету;
- сабақтың өзіне-өзі талдау жүргізу;
-оқушылар мен мұғалім және ата-аналар ұжымдарында жақсы микроклиматты құру және қолдау;
-қателерді ескере отырып, оқушының, өзінің, мектептің нақты мүмкіндіктеріне сай мақсатта оқи отырьш, педагогикалық тәжірибе жинауға мүмкіндік беру. «Музыка» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
Білім беру ұйымдары, оқушылардың қалай білім алуды үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне өзі сенімді, жауапты, зерделі оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырады және дамытады, оларға:
оқушылардың жеке пікірімен санаса отырып, олардың алдында меңгерген білімдері мен түсініктерін әрі қарай дамыту үшін оны қолданудың маңыздылығын мойындау;
жүйелі түрде іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды негіздеу және дамыта оқыту;
міндеттерді шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;
оқушыларды оқытуда «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау;
оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуін және белсенді оқытуын қолдау;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
жеке, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру кіреді.

Пәнді оқытудағы педагогикалық тәсілдер:
музыкалық-шулы аспаптарда ойнау, әндету, музыканы тыңдау және қабылдау, шығарма жазу, суырып-салмалық орындау, эксперимент жүргізу, музыка жазу үдерістеріне оқушыларды белсенді қатыстыру;
оқу үдерісін белсендіру тәсілі ретінде музыкалық шығармалар мен оқушының музыкалық жұмысына мән беріп, талдау және бағалау;
жаңадан бастап жүрген музыкант ретінде өзінің жеке тәжірибесін жинақтау арқылы пәндік білім мен дағдыларын дамыту;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мүмкіндігін дамыту мақсатында және ерекше шешімдер қабылдау тиімділігі үшін оқу үдерісінде проблемалық жағдайларды пайдалану;
оқушылардың білімін қолдайтын, ынталандыратын және мадақтайтын түрлі іс-әрекеттерді қолдану;
білімді дербестікпен табу үшін оқушылардың мотивациясын қалыптастыру;
жаңа идеяларды іздестіру және пайдалану, әртүрлі көзқарастарды қарастыру;
оқушыларға оқу кезеңінде қай сатыда екенін және одан әрі даму үшін қандай қадамдар қабылдау қажет екенін түсінуге көмектесетін әртүрлі бағалау тәсілдерін пайдалану;
оқушылардың шығармашылық қабілеттерні ашу үшін және сенімді шешім қабылдауын қолдау мақсатында түрлі жағдайларды модельдеу; ;
шабыт пен ынта беретін оқыту ортасын құру мақсатында оқытуды жіктеп, саралау;
пәнаралық кіріктіру;
музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттерді әрі қарай ынталандыру мақсатында оқушылардың өз ойларын жеткізуіне және жұмыстарын көрсетіп, ұсынуына жағдай жасау.

Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Музыкалық білім берудегі әдістердің спицификасын анықтаңыз.
2. Музыкалық білім беруде әсерлендіру, таңдандыру әдісі дегеніміз не?
3. Музыкалық білім беруде мәнерлеп орындау, сөздік орындау дегенімізді қалай түсінесіз?
4. Музыкалық білім беруде үйрету, ойын, салыстыру әдістерін анықтаңыз.
Музыка сабағында әсерлендіру әдісін қолданудың жолдары.
6. Музыка сабағында таңдандыру әдісін қолданудың жолдары.
7. Музыка сабағында мәнерлеп орындау әдісін қолданудың жолдары.
Музыка сабағында сөздік орындау әдісін қолданудың жолдары.
Музыка сабағында үйрету әдістерін қолданудың жолдары.
Музыка сабағында көрнекі құралдар қолдану әдістері.
Музыка сабағында ойын әдістері н қолданудың жолдары.
Музыка сабағында көрсету мен есіттіру әдістері
Музыка сабағында салыстыру әдістерін қолданудың жолдары.
14. Музыка сабағында проблемалық әдісін қолданудың жолдары.

Мақсаты: 1. Музыкалық тәрбиенің сыныптан және мектептен тыс формаларының мазмұнына әртүрлі көзқарастар. 2. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру: тақырыптық мерекелер, үйірмелік іс - әрекет, музыкалық клуб, фонотека және т. б. Қазіргі мектепте музыка пәні мұғалімінің қызметі екі үлкен саланы қамтиды: Мектепішілік іс - шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік жұмыстар. ҚР Білім стандартының тұжырымдамасы негізінде құрастырылған жаңа буын оқулықтарын, оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақ жүргізу. Мектепішілік іс - шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік жұмыстар - мектепте әр түрлі үйірмелерді құру арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда мынадай үйірмелер болуы тиімді: хор, оркестр, жеке аспаптар, әншілер, би үйірмелері, фольклорлық, музыка театры және т. б. Оқушылармен өткізілетін музыкалық іс - шараларды ұйымдастыру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпеседе, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға дәріс - концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу жатады. Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім беру мен шектелетін білікті маман ғана емес, музыкалық талғамдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерде, концерттерде, түрлі үйірмелерді ұйымдастырушы. Мектепте ұйымдастырылатын музыкалық іс- шаралардың ішіндегі ең сүбелі сала танымдық, тағылымдық мәні зор лекция - концерттер ұйымдастыру.
№5 дәріс Дәрістің тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық тәрбиелік, ұйымдастырушылық, насихаттаушылық жұмыстар

Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке аспапта орындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай - ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін дәріс - концерттерге мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынукға бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл жерде лектор шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте дәмді де тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. міне сондықтанда, болашақ музыка мұғалімінің иниститут қабырғасында жүрген кезден ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.
Оқушылардың музыкалық тәрбиесінде сыныптан тыс жұмыстарының әртүрлі формасын ұйымдастыру әдістері
1. Мектептегі музыкалық сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған формалары: ертеңгіліктер, мерекелік кештер, әдеби-музыкалық қойылымдарды ұйымдастыру.
2. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру мақсатында сценарийлер дайындау.
Қоғамда бүгінгі таңда білім берудің өндірісті қамтудан мәдени -шығармашылық мұратқа қарай ойысуы жолындағы саяси міндеті туралы дәстүрлі түсінік қаралу үстінде.
Орта мектептің атқаратын міндеттеріне сәйкес өзіне қойылатын әлеуметтік-эстетикалық талаптарға қол жеткізу және осы бағыттағы жұмыстарды кеңінен енгізу керек екендігін көрсетеді. Мектепте тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін жетілдіру- оқушылардың мәдени (музыкалық) тынығу жұмыстарының теориясы мен практикасын дұрыс пайдаланып, оны ұйымдастыра білуге байланысты.
Оқушылар аудиториясындағы музыкалық мәдениеттің деңгейіне анықтама беру үшін классикалық және қазіргі музыканың әртүрлі жанрлары бойынша үздік туындыларын оқушылар өміріне және тұрмысына толық енгізу керек екендігін қарастыру қажет.
Оқушыларды эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, музыкалық өнердің әсерінен табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге тәрбиелеу. Ол үшін музыка мұғалімдері оқушылардың сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, уақыт талабына сай жоспарлап жүргізуі қажет. Эстетикалық тәрбие орталықтары, өнер мектептері, театр және кино театр барынша дамытылуға тиіс.

Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда қойылатын міндеттер:
музыка өнерінің мазмұны мен мәнін айқындау;
оқушылардың ұйымдастырушылық, тәрбие және насихат жұмыстарының қажетті білім мен дағды алуына жәрдемдесу, олардың белсенділігін арттыру;
театр, кино өнері арқылы қазіргі заман талабына сай оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру;
музыкалық спектакльдердің, музыкалық кино өнерінің теориясы және практикасымен таныстыру;
мектепте музыкалық қойылымдарды, кештерді ұйымдастыруға дайындау.
Адам баласының өмірінде өнердің оның ішінде музыканың алатын орны ерекше. Ұлы ойшылдардың қайсысын алсақ та, олар өздерінің үлкен тарихи міндеттерімен қатар үнемі музыканы сүйіп тыңдау мен, тіпті кейбіреулері өздері орындаумен шұғылданған. Музыка олардың өмірінде тек қызық үшін емес, өмірдің сырт сәнін келтеру үшін емес, алған бағыттарында сол жолдарында үлкен демеуші, рух беруші күш болған. Олар өнердің, соның ішінде музыканың адам санасына әсер етуде үлкен рухани құрал екенін түсінген және сол пікірлерін кейінгіге мирас еткен.
Өзіндік бақылау:
Реферат тақырыптары:
1. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (мерекелік іс-шаралар) .
2. Оқушылармен жаппай өткзілетін музыкалық тәрбие.
3. Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстардың түрлері.
4. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (үйірмелік іс-әрекет) .
5. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (музыкалық клуб) .
6. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (фонотека) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz