Қажеттіліктер пирамидасы


Slide 1

Өмір және өлім. Өмірдің мәні

Slide 2

ЖОСПАР:

Адам өмірінің мән-мағынасы

Адамның өлімі мен өлместігі

Бақыт пен махаббаттың философиялық мәні

Фатализм

Қажеттіліктер пирамидасы

Уақыт - алтыннан да қымбат

Slide 3

Адам өмірінің мән-мағынасы

Адам өмірінің мәні оның әлеуметтік жағдайларымен айқындалады.

Адам - белсеңді әрекет иесі.

Адам әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады.

Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы - сол адамның өзі.

Slide 4

Өмірдің ең биік мән-мағынасы - шығармашылық сатыға көтеріліп, өз қабілеттеріңді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын анықтап, қанағаттану болмақ.

Slide 5 Slide 6

Ондай адамға тән нәрселер:

өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау;

басқаларды өзіңді сияқты бағалап қабылдау;

басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау;

Slide 7

өз таңдаған ісіңді сүю, шығармашылық деңгейінде игеру;

үне бойы өз қабілеттеріңді әрі қарай дамытуға тырысу;

мақсат-мұратқа жететін құралдарды таңдау, жақсылық пен жамандықты, сұлулық пен айыра білу;

қай жерде болмасын өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу; т. с. с.

Slide 8

Адам өмірінің мән-мағнасы жөнінде арнайы еңбек жазып құнды пікірлер айтқан ХХ ғ. өмір сүрген австрияның ұлы ойшылы Виктор Франкл болды.

Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинкттің, кешегі қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың талабына сай өмір сүре алмайды.

Сондықтан, ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм), я болмаса, басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм) . Ол оның рухани дағдарыста екенін, өмірдің мән-мағнасын әлі таба алмағанын көрсетеді.

Slide 9

Нәтижесінде, адам “экзистенциалдық вакуумға” (өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай адам әлеуметтік аномияға (ауытқуға) ұшырауы мүмкін (нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстыққа бару, өз-өзін өлтіру (суицид) .

Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас ретінде В. Франкл өмір мәнін байлықтан іздеуді келтіреді.

Slide 10

Адамның өлімі мен өлместігі

Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен шығарма!”, - деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде.

Slide 11

Ұлы Платон философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді, - деген болатын.

Платонның ойынша, адам өз өмірін бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді. Ондай адамды өлім үрейлендіре алмайды.

Slide 12

Эвтаназия - (грек тілінен εὖ - жақсы, θάνᾰτος - өлім ) - әлдебір әрекетпен немесе құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды ұстап тұрған аспаптың жұмысын тоқтату жолымен, төзгісіз аурумен ауыратын науқастың өлімін тоқтату тәжірибесі.

Slide 13

Өлместік мәселесі - кез келген діннің өзегін құрайды. Құдайдың бар, я болмаса, жоқ екенін ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да, миллиардтаған адамдар осы уақытқа дейін Оған сенеді, өйткені, өлместікті аңсайды.

Slide 14

Бақыт пен махаббаттың философиялық мәні

Философия мен мәдениет тарихында бақыт туралы қолданбалы этикалық пән - фелицитология саласы қалыптасты. Фелицитология (латынша felicitas - бақыт) - бұл О. Нейраттың қалыптастырған бақытқа жету туралы ілімі.

Slide 15

Поляк зерттеушісі В. Татаркевич бақыт ұғымының төрт негізгі мағынасын бөліп көрсетеді:

1) тағдырдың берген ырыздығы, «қолға қонған құс», сәттілік, өмірде жолы болушылық;

2) қуаныш, ләззат, рахат;

3) жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық;

4) өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға айналу.

Slide 16

Қазіргі заманғы бақыт туралы ілімдерде негізінен үш бағытты айқындауға болады:

бақыт психологиясы,

бақыт аксиологиясы,

бақыт социологиясы.

Slide 17

Психологиялық тұрғыдағы бақыт - жағымды көңіл-күй, өмірден қанағат алу, қуаныш пен шаттық және ләззат алу.

Аксиологиялық тұрғыда бұл - құндылықтар, адам өміріндегі жақсылықтың өлшемі. Адам болмысының мәнімен байланысты барлық ізгі адамгершілікті қасиеттерді игеру.

Бақыт социологиясы утилитаризммен (пайда туралы ілім) тығыз байланысты.

Slide 18

Бақыттың құрылымдық элементтері:

береке, яғни ауру-сырқаусыз, бәле-жаласыз, қайғы-қасіретсіз өмір сүру;

қажеттіліктерді қанағаттандыру;

қанағат;

қуаныш;

адамның тұтас өмірді адамгершілік және мәнділік тұрғысынан бағалауы.

Slide 19

Бақыт туралы еңбектер:

Аристотель «Никомах этикасы»,

Сенека «Бақытты өмір туралы»,

Аврелий Августин «Бақытты өмір»,

Боэций «Философиялық жұбаныш»,

әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу», «Бақытқа жету жайында»,

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»,

Гельвеций «Бақыт»,

Л. Фейербах «Эвдемонизм» және т. б.

Slide 20

Гедонизм (грек тілінен аударғанда - рахаттану, ләззат алу дегенді білдіреді) - өмірдің мақсаты мен ең жоғарғы игілігі және басты жақсылық ләззат алу деп түсіндіретін этикалық ілімі. Гедонизмнің негізін қалаушы ежелгі грек философы Аристипп (б. з. д. 435-355 жж. ) деп саналады.

Slide 21

Бақытқа жету, Аристипптің пікірінше, ауырудан аман болып, барынша ләззатқа қол жеткізумен сипатталады және өмірдің мәні физикалық ләззат алумен түсіндіріледі.

Эпикур бойынша, ауыру мен азаптан ада болу ең жоғарғы ләззатты білдіреді және жанның осындай толғаныссыз рахат қалпын атараксия деп атайды.

Slide 22

Эвдемонизм (грекшеден аударғанда көркею, игілік) - бақыт пен игілікке жетуді барлық ұмтылыстардың ынтасы мен мақсаты ретінде қарастыратын этикалық бағыт.

Антикалық дәуірдегі эвдемонизм теориясының ең жетілген түрін Аристотель жасады.

Аристотель әлемнің мақсаттылығы туралы идеяны алдыңғы орынға қояды: дүниеде барлығы да белгілі бір мақсатқа немесе игілікке ұмтылады.

Slide 23

Танымал зерттеуші Г. Д. Бандзеладзе өзінің «Этика» деп аталатын еңбегінде барлық этикалық жүйелердің алуан түрлілігін бақыт этикасы (эвдемонизм) және парыз этикасы (ригоризм) деп екіге бөлуге болатынын айтады.

Slide 24

Утилитаризм (латыншадан аударғанда - пайда, табыс) - барлық құбылыстарды олардың пайдалылығы тұрғысынан бағалайтын, адамгершіліктің негізіне пайданы жатқызатын ілім. Утилитаризмнің негізін қалаушы Иеремия Бентам.

Slide 25

әл-Фараби: «… Әрбір адам бақыт ұғымының пайымдалуы қол жеткізе алатын жетілгендікке жету үшін басқа адамдардың қауымын, олармен бірігуді қажет етеді… оларға табиғатынан өзі тектестердің арасынан пана іздеп, солармен бірге өмір сүру тән. Сондықтан да ол адами немесе азаматтық жануар деп аталады, » - дейді.

Slide 26

Бақыт дегеніміз - өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.

Slide 27

Махаббат еркіндік, ар-ұят, жауапкершілік, мейірімділік сияқты адам болмысы категорияларымен байланысты.

Ұлы Абай махаббатты экзистенциялдық тұрғыдан терең түсінді. Махаббаттың мәнін Абай «жүрек» категориясы арқылы ашты. Абай бізді жүректің тілімен сөйлеуге шақырады.

Шәкәрім болса, махаббатты ақиқаттың, руханилықтың жарығымен байланыстырады. Оның пікірінше, адам өз махаббатын жоғалтса, онда ол өзінің адамдық мәнінің тереңдігінен де айрылады.

Slide 28

Фатализм (латынша satalіs - қашып құтылмайтын) - әрбір оқиғаны және адамның әрбір әрекетін о баста бекітілген деп білетін, қалау еркі мен кездейсоқтықты жоққа шығаратын дүниетанымдық тұжырымдама.

Slide 29

Фатализмнің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:

Мифологиялық фатализм - иррационалды, қараңғы тағдыр;

Теологиялық фатализм - құдіретті Құдайдың қалауы;

Рационалистік фатализм - себептер мен салдардың тұйықталған каузалды жүйесінің ішіндегі қапысыз шиеленісі деп біледі.

Slide 30

Қажеттілік дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері.

Қажеттіліктердің түрлері:


Ұқсас жұмыстар
Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжі
Маслоу қажеттіліктер пирамидасы деген атпен танымал болған жұмысы
Маслоу пирамидасы
Физиологиялық қажеттіліктер
Экономика түсінігі
Мотивация
Маслоудың өзі иерархилық қатарға коймай
Сабақтың түрі
Тірі материяның өлі материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы - белсенділікте
АДАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ. МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМ СТАНДАРТТАРЫ ҰҒЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz