Менеджменттің дамуы


Slide 1

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Менеджмент туралы түсінік және оның мазмұны

Тексерген: Кожракова А. С.

Дайындаған: Қалпақбай Қосан

Slide 2 Slide 3

Жоспары:

Менеджмент туралы түсінік.

Менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің Қазақстандағы даму тарихы.

Менеджерлерге қойылатын талаптар.

Slide 4

«Менеджмент» ағылшын сөзі оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, ат тізгінін ұстау шеберлігін білдірген. Кейін бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Slide 5

Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде менеджмент ұғымы:

билік және басқару өнері

Адамдар

мен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі

шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды

басқару органы, әкімшілік бөлігі.

Slide 6

Менеджменттің 50-ден астам анықтамасы бар. Соның бірнешеуіне тоқталайық.

Беларус ғалымы Н. И. Кабушкиннің ойынша менеджмент бұл адамдардың еңбегін, мінез-құлығын және ой-өрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.

Қазақстандық ғалымдарының пікірінше мемлекет қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдермен кәсіби қызметтердің саласы.

Көрнекті америка экономисті В. В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша «менеджмент бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принціптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы».

Slide 7

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі

кадрлық

өндірістік

стратегиялық

инновациялық

сапа менеджмент және т. б.

Slide 8

Жоғарғы

Ортаңғы

Төменгі

Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджменті 3 түрге бөлінеді:

Slide 9

менеджменттің ортаңғы деңгейі техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізумен, ақпарат және нарықты басқарумен байланысты;

менеджменттің жоғары деңгейі. Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда табуға бағытталған;

-менеджменттің төменгі деңгейі кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды және жоспардың орындалуын, өнім өндіру кестесі мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.

Slide 10

X-XII ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі Әбу-Насыр Әл-Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаhарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді.

Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Әйтеке би (1662-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген.

Slide 11

Менеджменттің даму кезеңдері

Ол 40 жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің І-басшысы болды. Д. А. Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезінде республика бұрынғы КСРО-ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды.

Slide 12

Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына ену қарсаңында біз басқару шешімдері салаларындағы да ғаламшарлық бәсеке алдында тұрмыз. ҚР Президенті Н. Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есептейді:

- халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек;

- өзің үшін пайданы көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет;

- «мемлекеттік қызметкер қалай тұрып жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек;

- адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек.

Slide 13

Американдық менеджер Ли Якокка менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың мынадай принциптерін ұсынады:

- төңірегіңе жақсы жандарды топтастыр, интеллигенттерге және қабілетті адамдарға сүйен;

-өзіннің бірінші кезектегі мүддеңді айқында, күнделікті іс-әрекетіңнің жазбасын жүргіз, ең күрделі мәселелерді мәтіннің бірінші бетіне жазып қой;

-нақты іс жөнінде айт, қалай айтсаң, солай жаз;

-басшы штаб пен өндірістік сала аралығындағы кикілжің қымбат уақыт пен күе жігерді бос жіберу екенін ұмытпа;

-адамдардың дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік бер;

-сын-ескертпелерді, әр түрлі көз-қарастарды ескер;

-пайда болған өзгерістерге көңіл аудар;


Ұқсас жұмыстар
Менеджмент ғылымы
Басқару амалдары және мектептер
ҚАЗАҚСТАНДА МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ
Басқару революциясы
Онтогенез туралы толық мағлұмат
Менеджмент психологиясы
ПСИХОЛОГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ
Баскару алгоритмі
МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ. МЕНЕДЖМЕНТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz