Прокурорлық қадағалау: тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығы мен құқықтық кепілдіктері


Slide 1

Тергеу, анықтау және жедел іздестіру қызметіне қадағалау жүргізу.

Дайындаған:Сәрсенбаев Жолдыбек

Slide 2

Тергеу мен анықтау заңдылығын жүргізу кезінде Конституция және өзге де заңдармен кепілденген жеке бостандық, хат алысу құпиялылығының сақталуы, еркін жүріп-тұру және азаматтардың т. б көптеген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылады, ал кейде елеулі түрде шектеледі. Прокурор қылмыстардың тергелуін реттейтін заң нормаларының бұзылмауын, тергеу кезінде барлық мән-жайлардың жан-жақты, толық, объективті зерттелуі туралы заң талаптарының сақталуын, заңсыз тергеу әдістерін қолданылмауын қадағалауға міндетті.

Slide 3

Көшбасшылық дегеніміз не? Көшбасшы деген кім?

Тергелу реті әртүрлі алдын ала тергеу органдарына жататын бір немесе бірнеше адамдарды айыптау жөніндегі әстерді бір өндіріске қосу кезінде тергелу ретін прокурор анықтайды. Бірақ, осы істердің біреуі ҚР ІІМ Әскери тергеу департаментінің тергелуіне жататын болсағ онда олар барлық істерді тергейді.

Slide 4

Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор тергеушілер мен шұғыл аппараттардың қылмыс жасаған адамдарды анықтау мен жазалау мақсатында барлық қажетті жағдайларда заңда көзделген шараларды қолдану, сондай-ақ жасырынған айыпталушылардың тұрған жерін анықтау, тергеушілер мен шұғыл қызметшілер өкілеттерін шектелуін бақылау кезінде өзара әрекеттесуге шаралар қолдануға тиіс, тергеушілер мен шұғыл қызметшілер өзара әрекеттесулері кезінде заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокурордың жұмысы мынадай жедел іздестіру деректерін, яғни алдын-ала анықтау кезеңінде; айыпталушы тергеуден жасырынған немесе басқада себептер бойынша оның тұрған жері анықталмаған жағдайда істі өндірістен қысқарту туралы шешім қабылдаған кезден бастап қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүзеге асырылады.

Slide 5

Анықтама мен тергеу заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

1) анықтама мен тергеу органдарынан тексеріс үшін қылмыстық істерді, жасалған қылмыстар, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаманың, тергеудің барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге де мәліметтерді алады;

2) жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын тексереді;

3) қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция береді;

4) қажет болған жағдайларда қылмыстық іс қозғауды, қылмысты істерге тергеу жүргізу жөнінде жазбаша нұсқаулар береді;

Slide 6

5) тергеушілер мен анықтама жүргізуші адамдардың заңсыз қаулыларының күшін жояды;

6) егер анықтама мен тергеу барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудің заңсыз әдістеріне жол берілсе, кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе қояды;

7) тергеу мен анықтама толық болмаған, сондай-ақ тергеу мен анықтама барысында заңдылықтың бұзылуына жол берілгені болған жағдайларда, қылмыстық істерді қосымша тергеуге қайтарады немесе оны толық көлемінде не нақтылы адамдарға қатысты тоқтатады;

8) анықтама мен тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істерді түптеп қарау үшін сотқа жібереді;

Slide 7

9) қажет болған жағдайларда тергеу бөлімшелері мен анықтама органдары басшыларынан оларға бағынышты органдарда заңды бұзушылықты жою, қылмыстардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тексеріс жүргізуді талап етеді;

10) анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің анықтама мен тергеу органдары басшыларының іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;

11) бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға шешім жасалған адамдарды қамауда ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібі мен шартының сақталуын тексереді. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық іздестіру жариялауға санкция береді;

12) заңмен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Прокурордың өз құзыреті шегінде нұсқаулары жазбаша нысанда беріледі және ол анықтама мен тергеу жүргізетін адам үшін міндетті.

Slide 8

Прокурорлық қадағалаудың бұл бағыты азаматтың заңды құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де қызығушылықтарын қорғау болып табылады. Мемлекеттің қызығушылықтарына қарсы қылмыстар жасаланатын болса, онда прокурор заңдылықтың атқаруына қадағалау жүзеге асырады және жедел-іздестіру қызметін, анықтама мен алдын-ала тергеу өткізетін органдардан өз уақытында және толық қылмыстылықты анықтау және тергеу жүзеге асыру, зиян келтірілген мөлшерін анықтау және оларды қайтару туралы шараларды қолдану талап етеді.


Ұқсас жұмыстар
Жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негіздері, органдардың өкілеттіктері және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Прокуратура органдарының қызметі мен негізгі бағыттары: құқықтық қадағалау, сотқа дейінгі тергеу және арнайы бақылау
Қазақстан Республикасының прокуратурасы: құрылымы, қызметі және прокурорлық қадағалау
Қазақстан Республикасының Парламенті мен прокуратурасы: құрылымы, өкілеттігі және прокурорлық қадағалау актілері
Есірткі зияны және прокурорлық қадағалау: алдын алу мен үйлестіру мәселелері
Сотқа дейінгі іс жүргізу: қылмыстық іс қозғау негіздері, арыздар мен хабарламаларды қарау және прокурорлық қадағалау
Заңдылық пен құқықтық тәртіп: мәні, субъектілері, принциптері мен кепілдіктері
Жеке тұлғалардың конституциялық құқықтық мәртебесі және құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктері
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу: іс қозғау себептері, тәртібі және прокурорлық қадағалау
Сот төрелігіндегі прокурорлық қадағалаудың рөлі мен құзыреті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz