Желтоқсан оқиғалары


Slide 1

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары

Slide 2

Бетбұрыс алдында қалыптасқан жағдайлар.

1980 жылдардың ортасына қарай Коммунистік ұлыдержавашыл, империяшыл аппараттың кеңес қоғамын дағдарыстан алып шығуға қабілетсіз екендігі белгілі болды. Алда аса ауыр да күрделі, аумалы-төкпелі заман келе жатты. Ол 1985 жылдың көктемінен басталды.

Slide 3

1985 жылы КОКП басшылығына М. Горбачев бастаған жаңаша ойлап, жаңаша әрекет ететін топ келді. 1985 жылы Наурыз пленумы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағытын қабылдады:

экономикадағы тежеуші факторларды жою,

ғылыми-техникалық прогресті жеделдету,

адамдардың тұрмыс деңгейін көтеру,

саяси салада демократиялық ұстанымдарды енгізу

сайлау заңын өзгерту,

халықтың саяси белсенділігін арттыру мәселелері алға қойылды

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК пленумы болды. Жиналысты Мәскеуден келген Г. Разумовский жүргізді. Пленум Д. Қонаевты орнынан алып Г. Колбинді Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысы етіп сайлады. Пленумның Республиканың бірінші басшысын ауыстыру туралы шешімі Желтоқсан оқиғаларының басталуына түрткі болды.

Slide 4

Қырық жылдан астам жауапты қызметтерде Қазақстан үкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған Д. Қонаев КОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне дейін көтерілді.

Ол басқарған салалар жетістікке жетті:

Табиғи байлықтарды игеру кең ауқымды жүргізілді

Ауыр өнеркәсіп белгілі деңгейде өсу үстінде болды

Ұлт зиялы қауымы жаңа сапалық деңгейге көтерілді

Slide 5

Демократияшыл жастар қозғалысының себептері мен басталуы

КОКП Орталық Комитетінің нұсқауымен 1986 жылы желтоқсанның 16-сы күні Қазақстан КП Орталық комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП ОК-нің хатшысы Г. Разумовскиий жүргізді. Д. Қонаевтың орнына Орталықтың шешімі бойынша Г. Колбинді сайлау ұсынылды.

Slide 6

Д. А. Қонаев (1912-1993)

1960-1962, 1964-1986 жылдары Қазақсиан компартиясы ОК бірінші хатшысы, 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері. Ол ел басқарған жылдарда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетті:табиғи байлықтарды игеру артты, ауыр өнеркәсіп деңгейі өсті, зиялы қауым жаңа сапалық деңгейге көтерілді.

Slide 7

Г. В. Колбин (1927-1998) Партия қайраткері. Ресейдің әр жерінде түрлі қызмет атқарған, 1975-1983 жылдары Грузия компартиясы ОК екінші хатшысы, 1983-1986 жылдары Ульяновск облысының партия ұйымының басшысы. 1986-1989 жылдары Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысы.

Slide 8

17 желтоқан күні таңертеңнен бастап студенттер мен жұмысшы жастар Орталықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне наразылықтарын білдіріп Брежнев алаңына жинала бастады.

Қойған негізгі талаптары:

республиканың егемендігін сыйлау,

ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз ету,

жергілікті халық арасынан шыққан саяси қайраткерлерге кедергі жасамау,

әр ұлтқа өз көсемі болсын. т. б.

Оқиғаның бұлай сипат алуы билік өкілдерін шошындырды. Елге тарамай тұрғанда митингіні таратуға тырысты. Әуелі елге танымал адамдарды жіберіп "ақыл" айтқызғаннан нәтиже шықпаған соң коммунистік басшылық үйреншікті әдісіне көшті.

Алаңға Алматы гарнизонының, Ішкі істер министрлігіне қарасты Фрунзе, Ташкент, Челябнск, Уфа, Тибилиси, Свердловск қалаларының әскери бөлімдерінің әскерлерін, шекара училищесінің курсанттарын алдырып, шерушілерді қуып таратуға кірісті. Шерушілерді қуып таратудың "Бұрқасын-86" деп аталатын арнайы жоспары жасақталған. Негізгі шабуыл 18 желтоқсан күні сағат 20 30-да басталған.

Бейбіт шеруді басып-жаншуға кінәлі адамдарды ақтау үшін бұл оқиғаларды "маскүнемдер мен нашақарлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері" деп түсіндірді.

Slide 9

Желтоқсан оқиғасына қатысқан

8500 адам ұсталып жазаланды,

1720 адам жарақаттанды,

1200 адам жұмыстан қуылды,

12 ЖОО ректоры орнынан түсірілді,

246 студент оқудан шығарылды,

99 адам сотталды,

2 адам өлім жазасына кесілді.

Slide 10

Желтоқсан оқиғасының құрбандары

Қайрат Рысқұлбеков

Slide 11

Ләззат Асанова

Slide 12

Сәбира Мұхамеджанова

Slide 13

М. Шаханов

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы.

Slide 14

Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы

1. Қазақ топырағында ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі.

2. Кеңес елі әкімшілігінің саяси мәдениетінің төмендігін айқындады.

3. Кеңес Одағына еніп келе жатқан демократия үшін күрестің басы болды.

4. Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы оқиға болды.

5. Қазақстанның жас демократиясы тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды.

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан көтерілісі туралы
“Бабалар аманаты - Тәуелсіздік”
1986 жылқы Қазақстандағы желтоқсан оқиғаларының себептері мен салдары
Көтеріліс хронологиясы
Желтоқсан оқиғасының салдары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақ халқының азаматтық соғыстағы сұлтаны кім
Тәуелсіз киелі ел
Желтоқсан оқиғасының ақиқаты
Халық музыкасы және опера
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz